Мезолит (б.з.б. 12 – 5 мың жыл)
-
Мезолит дәуірі шамамен созылды: 7 мың жылға.
-
Ғалымдардың есептеуі бойынша мұздық ери бастады: 13 мың жыл бұрын.
-
Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі аңдар жойылып кетті.
-
Мезолиттің басында қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады.
-
Мезолиттің басты жаңалығы: Садақ , жебе.
-
Мезолит адамының негізгі кәсібі: Аңшылық.
-
Қазақстандағы мезолиттік тұрақтар саны: 20-дан астам.
-
Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр мезолит баспанасы табылды: Есіл өзенінің аңғарынан.
-
Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Себебі: үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді.
-
Мезолит заманының үлкен жаңалығы, ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалаған құралдар: Микролиттер.
-
Мезолитте малды қолға үйрете бастады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |