Алғашқы адамдардың пайда болуы Ғалымдардың алғашқы адамға берген атаулары: «Епті адам»
«Епті адамның» («Homo habilis») табылған жері: Кения (Шығыс Африка), Олдувай шатқалы (Виктория көлі мен Килиманджаро тауы).
«Епті адамның» өмір сүрген уақыты: 1 млн 750 мың жыл бұрын.
«Тік жүретін адам» («Homo erectus») деп аталғандар: Синантроп, питекантроп.
Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылды: 1891 жылы Ява аралынан.
Питекантроп өмір сүрді: 1 млн жыл бұрын.
Синантроп табылған жер: Қытай, Пекин маңы.
Синантроп («Қытай адамы») өмір сүрді: 500 – 200 мың жыл бұрын.
Жер бетінде 100–35 мың жыл бұрын өмір сүрген: Неандертальдықтар.
Неандертальдық адам табылған жер: Германия.
1938 жылы Өзбекстандағы неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір: Тесіктас.
v Неандертальдық баланың бет әлпетін қалпына келтірген антрополог-ғалым: М.М.Герасимов.
Неандертальдықтардан кейін, 40–35 мың жыл бұрын қалыптасқан: «Саналы адам», қазіргі адамдар.
«Саналы адам» сүйегі алғаш рет табылған үңгір: Франциядағы Кро-Маньон.
«Саналы адамның» табылған жеріне байланысты ғалымдардың берген атауы: Кроманьондық.
Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен: Еңбек құралдарын жасауды игеруі.
Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы: Еңбек құралдарын жасай білуі.
F «Епті адам» " «Тік жүретін адам»: Питекантроп пен синантроп " Неандертальдық адам " «Саналы адам» = Кроманьондық адам.
Ø Тас дәуірінің кезеңдері Адамзат тарихы дамуының алғашқы кезеңі: Тас дәуірі.
v Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады.
Еңбек құралдарын, тас өндеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі:
I. Палеолит – ежелгі тас ғасыры.
II. Мезолит – орта тас ғасыры.
III. Неолит – жаңа тас ғасыры.