581 жылы (Тобо қаған қаза болғаннан кейін) Түрік қағанатында болған оқиға: Қағанат ішінде өзара соғыс болды.
Түрік қағанатының Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінген уақыты: 603 жыл.
Ø Халқы
Түрік қағанаты халықының негізгі құрамы болған тайпа: теле.
v Түрік қағанатының құрамында отыздан (30) аса теле тайпасы болған.
Теле – көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы.
«Теле» сөзінің мағынасы түрік.
Ø Шаруашылығы мен мәдениеті
Түрік қағанаты халқының айналысқан шаруашылығы: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
Түріктердің басты көлігі: жылқы.
Түріктердің Жетісу мен Орта Азия жерлеріндегі қалалық өмірмен танысып, кейбір бөліктерінің отырықшылыққа көше бастағанын көрсетеді:
R Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда түріктердің тұрақты үй-жайлары, Тараз маңайынан қыстақ-кенттер табылды.
R «Күлтегін» ескерткішінде қала туралы сөздер кездеседі.
Ең алғашқы кезеңдерде (V-VII ғ.) түріктердің жерлеу рәсіміне тән: Мәйітті өртеу.
Ертедегі түріктердің отқа табынуының дәлелі: Жерлеу орындары.
v Түріктердің отқа табыну салты түрік қағанына Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың арасынан өткізіп барып кіргізуінен көрінеді.
R Түрік садақтары құрамалы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |