V ғасырдағыжазба деректердеқарлұқтар тирек (теле) тайпаларының құрамында кездеседі.
Қытай деректеріндегі Алтай тауының баурайын мекендеген қарлұқтардың руы: «бұлақ».
VIІ ғасырдың басындағы қытайдың «Таньшу» хроникасында көрсетілген қарлұқтардың құрамындағы тайпалар: бұлақ, жікіл, ташлық.
Араб тарихшысы әл-Марвазидің хабарлауынша қарлұқтардың құрамына кірген тайпалардың саны: 9 (тоғыз)
v Үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси (лазана мен фаракия рулары да аталған).
Араб-парсы деректері бойынша қарлұқтар: Ежелгі түріктер.
Қарлұқтардың негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық.
? Әл-Марвази өзінің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис (Алтай) тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды» деп жазады.
742 жылы қарлұқтар басмыл және ұйғырлармен бірігіп Шығыс Түрік қағанатын жеңеді. Нәтижесінде Моңғолияда Ұйғыр қағанаты (745-840 жж.) құрылды.
746 жылы (VIII ғасырдың ортасы) қарлұқтардыңЖетісуға қоныс аудару себебі: Ұйғыр қағанатынан жеңілуі.
Қарлұқтар Түргеш қағанатының әлсірегенін пайдаланып, өздерінің мемлекетін құрды: 756 жылы.
Қарлұқ қағанатының орталығы – Суяб.
? «Қарлұқ жерін шығыстан батысқа қарай жүріп өту үшін 30 (отыз) күн керек» деп көрсеткен:Ибн Хаукаль(Х ғ.).
Қарлұқ қағанатының жоғарғы билеушісі – жабғу, бірақ 840 жылдан бастап қаған.
Ø Қағанаттың саяси жағдайы
Қарлұқтар Қытайдан төнген қауіпті жою үшін, жаулап алды:Қашқарияны 766–775 жылдары.
Достарыңызбен бөлісу: |