v Ұлы құрылтайда жабғу өз ұлдарын боз оқ (бұзұқтар) оң жағына, ақсүйектерді үш оқ(ұшұқтар) деп сол жағына отырғызған.
Оғыздарда жабғуды сайлағанда артықшылыққа ие болғандар: Боз оқтар.
Ø Саяси жағдайы ІХ ғасырдың аяғында оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірлесе отырып өздеріне бағындырды: Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді.
Печенегтердің оғыздардан ойсырай жеңілгендерін баяндайтын әдеби шығарма: «Оғызнама».
Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатындағы басты мақсаттарының бірі: Қара теңіз, Дон өзенінің бойына жету.
v Орыс қалаларымен сауда жасауды да ойластырды. Бұған орыс мемлекеті де мүдделі еді.
Оғыздардың Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жайылымды жаулап алуларына бөгет болған мемлекет: Хазар қағанаты.
965 жылы оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: Киев Русімен.
v «Оғызнама» дастаны: «Ұрысбек оғлы Сақлаппен келісім жасалған» дейді. Мұндағы «Ұрысбек оғлы Сақлап» деп отырғаны – орыстың кінәзі Святослав.
Оғыздар Киев кінәзі Владимирмен одақтасып, бұлғарларғажорық жасады: 985 жылы.
Орыс жылнамаларындағы оғыздардың атауы: Торктар.
Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. басында Әли ханның кезінде мемлекет жағдайының күрт нашарлауының және халық көтерілістерінің жиілеуінің басты себебі: Шектен тыс алынатын алым-салық.