⇐ Предыдущая13141516171819202122Следующая ⇒ (942 – 1212 жж.) Ø Қарахан мемлекетінің құрылуы Х ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде құрылған мемлекет: Қарахан мемлекеті.
Қарахан мемлекетінің негізін салушы: Сатұқ Боғра хан.
Сатұқ Боғра хан өмір сүрді: 915-955 жж.
Сатұқ Боғра ханға өзінің туысы Оғұлшақты жеңу кезінде қолдау берген ел: Саманилер.
Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа: қарлұқ.
v Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына кірген түркі тілдес тайпалар: жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін және т.б.
Қарахан мемлекетінің негізгі билеушілері шығып отырған тайпа: яғма тайпасы.
Яғма тайпасының тотемі: Бура.
v Яғма тайпасынан шыққан хандардың атауы: Боғра-хан.
Жікіл тайпасының тотемі: Арыстан.
v Жікіл тайпасынан шыққан хандардың атауы: Арслан хан.
Қарахан мемлекетінің орталығы: Баласағұн.
Ø Қоғамдық құрылысы Қарахан мемлекетінің жоғарғы билеушісі: Қаған (хан).
v Жоғарғы билеуші билігінің берілу жүйесі: мұрагерлік.
Билік иелері қатарына жататын ханның ұрпақтары: Тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер.
Ханның кеңесшісі қызметін атқарған: Уәзірлер.
Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны: Орда.
Билеуші тарапынан феодалдарға шартты түрде берілетін жер үлесінің атауы: иқта.
Иқтадарлардың міндеті: Қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет ету.
v Иқта заңды түрде, түпкілікті бекітіліп берілмеген.
Дінбасылардың, діни мекемелердің жер иелігі: Вақфтық жерлер.
v Вақфтық жерлерден салық алынбады.
Қарахан мемлекетіндегі жерді үлеске алған шаруалардың атауы: Барзигар, музари.
Қарахан мемлекетінде әлсіз адамның өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына беруі:Коммендация.
v Жеке басын қорғағаны үшін феодалдың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқаруы. Кейбір шаруалар жауынгерлік қызмет үшін адам берсе, енді біреулері өздерін қорғаушылардың жұмысын тегін істеп берген.
Ø Саяси жағдайы 955 жылы Сатұқ Боғра хан қайтыс болғаннан кейін билік басына келген: Мұса.
Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады.
v Мемлекеттің орталығын Қашғар қаласына ауыстырды. Себебі Сатұқ Боғра ханның екінші баласы Сүлейман ілік өзін қаған жария етіп, Баласағұн қаласында билік жүргізді.
Алғаш рет ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жария еткен мемлекет: Қарахан мемлекеті.
Мұса қаза болғаннан кейін орнына хан болған: Әли Арслан (960 – 990 жж.).
v Әли Арслан ханның тұсындағы мемлекеттің орталығы: Қашғар.
Осы кезден бастап Сатұқ Боғра ханның екі баласы – Хасан Боғра-хан мен Әли Арсланның ұрпақтары арасында билік алма-кезек ауысып тұрды.
Қарахан мемлекетінің қақтығысқа түскен елдердің алғашқысы: Самани.
Х ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекетінің билеушісі Хасан Боғра ханбасып алған Саманиәулетінің астанасы:Бұхара.
v Испиджабжәне Самарқан қалаларын да басып алды. Бірақ Жент аймағындағы тайпалардың шабуыл жасау қаупінен қорыққан Хасан Боғра хан Жетісуға оралды. Қошқарбасы деген жерде қаза тапты.