«Отырар опаты» – 1218 жылы Отырар билеушісі Ғайыр ханның бұйрығымен Шыңғысхан жіберген саудагерлердің өлтірілуі.
R Монғол шапқыншылығы қарсаңында Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы ірі (күшті) мемлекет: Хорезмшахтар мемлекеті.
Шыңғысхан 150 мыңға жуық қолымен Ертістен Сырдарияға қарай бет алды: 1219 жылы.
1219 жылы Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер қоршауға алған қала: Отырар.
v Бұхарға беттеген Шыңғыс хан Отырарды алу жүктеді:Шағатай мен Үгедейге.
1219 жылы Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды басып алуға аттанған: Жошы.
1219 жылы Бұқара қаласына бет алған Шыңғысханның кіші баласы: Төле.
Отырар қаласы монғол әскеріне берілмей қарсылық көрсетті: Алты ай бойы.
Отырар билеушісі Ғайыр ханның монғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: Жақтастарының (Қараша-хажибтің) сатқындығы.
Шыңғысхан әскеріне үш ай бойы қарсылық көрсеткен қала: Сығанақ.
Монғол әскеріне қатты қарсылық көрсеткен қалалар: Сыр бойындағы қалалар.
Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты: 1219–1220 жж.
R Қазақстан аумағы толығымен Шыңғысхан империясының құрамына кірді: 1224 жылы.
Ø Ұлыстардың құрылуы F Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды. Қазақстан жері Шыңғысханның үш баласының қол астына қарады.
Шыңғысханның үлкен баласының ұлысы – Жошы ұлысы: Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейін. Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығыс бөліктері.
Шыңғысханның екінші баласының ұлысы – Шағатай ұлысы: Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Орта Азия.
Шағатай ұлысының орталығы: Алмалық.
Шағатайдың жазғы ордасы орналасқан жер: Іле бойындағы Құяш.
Шыңғысханның үшінші баласының ұлысы – Үгедей ұлысы: Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы.
v Үгедей ұлысы жойылған жыл: 1251 Ұлы хан атағын алғаннан кейін Үгедей тұрған қала: Қарақорым.
Шыңғысханның кіші баласының ұлысы – Төле ұлысы: Монғолия жері.
Шыңғысхан қайтыс болды: 1227 жылы.
1259 жылы ұлы хан Мөңке қайтыс болғаннан кейін, Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас шиеленісе бастады.
Монғол империясы бірнеше дербес ұлыстарға бөлінді: 1260 жылы.