бет 83/91 Дата 06.02.2022 өлшемі 241,12 Kb. #81286
Байланысты:
тарих тест 1290-1312 жылдары Алтын Орда билік жүргізген хан: Тохты .
v Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырып , Мысыр мәмлүктерімен тығыз қарым-қатынаста болған. Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосты.
Алтын Орданың гүлденген кезі :
v Өзбек ханның билік құрған жылдары: 1312 – 1342 жж .
v Жәнібек ханның билік құрған жылдары: 1342 – 1357 жж .
Өзбек хан 1312 жылы Алтын Ордада ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады .
Алтын Орда мемлекеті мұсылмандық мемлекетке айнала бастады: XIV ғ .
Ø Алтын Орданың әлсіреуі
Алтын Орда ішінде алауыздық күшейген кезең: XIV ғасырдың екінші жартысы .
v 1357–1380 жылдар аралығы Алтын Ордадағы «Ұлы дүрбелен» кезеңі.
v 1357–1380 жылдар арасында жиырмадан (20) астам адам хан болды.
Куликово шайқасы болған жыл: 1380 жылы 8 қыркүйек .
Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңілген Алтын Орда әскеріне қолбасшылық еткен: Мамай .
Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Мамай ордасын басып алды: 1380 жылы .
Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыс хан Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеді: 1382 ж .
Мамайдан кейін Алтын Ордадағы билікті басып алып , 1382 жылы Мәскеуге жорық жасаған Жошының ұрпағы: Тоқтамыс .
XV ғасырдың ортасында Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттер: Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары .
1502 жылы қайтыс болған Алтын Орданың соңғы билеушісі: Шейх Ахмед .
Ø Қоғамдық құрылысы
Алтын Ордада атқарушы биліктің орталық органы: Диуан .
Алтын Ордада әскери істерге басшылық еткен: беклербек .
Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала: азаматтық істер .
Алтын Ордада салық жинаумен, сонымен қатар халық санағын өткізу, әскер жинау , байланыс қатынасын ұйымдастыру жұмыстарын атқарған: Даруғалар .
Алтын Ордада жергілікті халықты басқару қызметін атқарумен қатар, әскери бақылау жүргізген, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысқан: Басқақтар .
Алтын Ордада салық жинаумен айналысқандар: Даруғалар, басқақтар .
Алтын Ордада жергілікті атқару билігін жүзеге асырған түрік әулеттерінен шыққан әкімдер : мәліктер .
Алтын Ордадағы іс-қағаздарын жазушылар атауы:Білікшілер (хатшылар).
v Алтын Ордада ислам діні қабылданғаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен , дәлірек айтқанда, орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізген.
Достарыңызбен бөлісу: