1379 жылы Тоқтамыстың Темір-Мәлікті (Ұрұс ханның екінші баласы) жеңіп басып алған қаласы: Сығанақ.
Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Мамай ордасын басып алды: 1380 жылы.
Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған Әмір Темір 1395 жылы Ақ Орда тағына отырғызды: Қойыршақ оғланды.
v Ақ Ордадағы оғлан – ұлыс билеушісі.
Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ (1423-1428 жж.).
Ақ Орда билеушісі болған Барақтың мақсаты: Сырдария бойындағы қалаларды қайтару.
v Әмір Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады.
Моғолстан
⇐ Предыдущая25262728293031323334Следующая ⇒ (XIV ғасырдың ортасы–XVI ғасырдың басы ) Ø Моғолстанның құрылуы, жер аумағы Шағатай ұлысының ыдыраған уақыты: XIV ғасырдың ортасы.
Шағатай ұлысының ыдырауы нәтижесінде Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында құрылған мемлекет: Моғолстан.
v Моғолстан мемлекетінің құрылған уақыты: 1346 жылы.
Шағатай ұлысының батыс бөлігі – Мауараннахрда құрылған мемлекет Әмір Темір мемлекеті.
Моғолстан мемлекетін құруда белді рөл атқарған дулат тайпасының әміріПоладшы.
v Әмір Поладшының хан болуға құқы болмаған. Себебі, Моғол хандығының тағына негізінен Шыңғыс тұқымдары отырған.
Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханы болып сайланған: 1348 жылы Тоғылық-Темір.
v Ол Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі.
Моғол хандығында билік еткен әулет: Шағатай.
Моғолстан мемлекетінің құрамына кірген Қазақстанның аймағы: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу.
Моғолстан мемлекетінің аумағы туралы жазылған еңбек: «Тарих-и Рашиди».
v Былай деп көрсетілген: «...қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденені 7-8 айшылық жол...».
Моғолстанның орталығы (астанасы): Алмалық.
Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, барлас...
XIV ғасырдың ортасы – XVI ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстік-шығысында өмір сүрген мемлекет: Моғолстан.
Ø Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы Моғолстан мемлекетінде билік еткен әулеттің негізін қалаған бірінші хан: Тоғылық–Темір(1348 – 1362 жж.)
Тоғылық–Темір мұсылман дінің мемлекеттік дін ретінде қабылдады.
? Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстанда Тоғылық–Темір тұсында бір күнде ислам дінін қабылдаған адам саны: 160 мың.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азиядағы билікті қалпына келтіруге әрекет жасады.