Дәріс№13 Ұрыстағы ату.Атыс жүйесі.
Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.
Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді.
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:
бөлімше командирі;
көздеуші – оператор;
механик – жүргізуші;
пулеметші;
гранататқыш;
гранататқыштың көмекшісі;
аға атқыш;
атқыш.
ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.
Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.
Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.
жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.
мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы
жайлы айтыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |