Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады



бет1/10
Дата29.04.2022
өлшемі49,4 Kb.
#141344
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Меншік иелігінің


Меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, кез келген ұйым, қаржалақ есебін дәл және уақытында жасау үшін, есеп сапасын арттыру мен ішкі бақылау принциптерін басшылыққа алуға тиіс.
Кез келген ұйым меншік иелігінің түрлеріне қарамастан, меншігіндегі мүліктерді, алған міндеттемелері және шаруашылық операциялары туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.
Кәсіпкерлік субъектілеріне бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында, ҚР қаржы Министірлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап күшіне кірген, бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін (әрі қарай Ереже) 22 маусым 2007 жылғы №221 бұйрығымен бекітті.
Мемлекеттік мекемелер, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржылық есебінің жүйесі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы құқықтық нормативтік актілер бойынша реттеліп, бекітіледі.
Қазақстан Республикасының салық туралы заңына сәйкес, бір реттік талон мен потент негізінде қызмет жасап, арнаулы салықтық режимді қолданып, сонымен қатар, қысөартылған декларацияның негізінде қызмет көрсетіп, жұмыскерлерді жалдамайтын жеке кәсіпкерлер.
Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады.
Біріншіден, статистика, ақпаратты жинап және өңдеудің ерекше тәсілдерін пайдаланады(топтастыру, динамикалық қатар, индекстер және басқалары).
Екіншіден, оперативтік немесе басқару есебі, сыртқа шығарылмай, ұйымның өз ішінде қолданылады. Оның қажеттілігі, оперативті басқару кезінде, кейбір жеке жұмыстар мен операцияларды жүргізу барысында, тікелей бақылауды қамтамасыз етуден туындайды.
Есептің негізгі түрі, меншік иелерін, акционерлерді, әкімшілікті, басқа да ұйымның және құрылымдық бөлімдерінің қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы ақпараттарды пайдаланушыларды өамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп болып табылады, сонымен қатар, ол басқару шешімдерін қабылдаудың ақпараттық негізін құрайды.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің басты мақсаттары: инвесторлардың, құрылтайшылардың, берушілердің, сатып алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттңк органдардың, банктердің және де өзге де мүдделі тұлғалардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, сондай – ақ пайдалану үшін қажетті; дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпараттарды қалыптастыру; шаруашылық операцияларды жүзеге асыру және олар мақсатқа сай болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылау үшін қаржы есептілігін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен қамтамасыз есту; шаруашылық қызметтің теріс нәтижесін болдырмау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау; материалдық, нңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалана отырып, мүліктің болуы мен қозғалысына бақылау жасау болып табылады.
(Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі ҚР ҚМ 22 маусым 2007 жылғы №221 бұйрығымен бекітілген).
ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес жариялы мекемелер қатарына қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын қолданушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай – ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Бухгалтерлік есепте мәліметтерді жинау, тіркеу және өңдеу үшін келесі тәсілдерді қолданады: бастапқы құжаттарды деректі түрде жасау және көрсету, инвентаризациялау, ақшалай бағалау, калькуляция жасау, топтастыру, екі жақты есеп жүргізу принципін сақтау, баланс жасау.
Әдетте бухгалтерлік есеп негізін үйрену үшін, ертеден қалыптасқан әдістерді пайдаланады. Олар: баланстық топтастыру, бухгалтерлік шоттар және екі жақты есеп жүргізу.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есеп саясатын құрудан басталады.
Есеп саясаты, ұйымда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті жасау үшін қолданылатын нақты приниптерден, негіздерден, ережелерден, қағидалар мен тәжірбелерден тұрады («Бухгалтертік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ).
Бухгалтерлік есеп жүйесі барлық қаржылық – шаруашылық операцияларын міндетті түрде құжаттаудан тұрады. Бухгалтерлік құжатты жасаған кезде жазылған кез келген жазу, немесе, оларды бухгалтерлік есеп регистірлер деп атайды, операцияның жүргізілгенін растайтын құжаттың болуын талап етеді. Оларға тауар құжаттары, төлемдік тапсырыстар, шоттар, актілер және басқалары жатады, бастапқы құжаттар деп аталады. Бұл құжаттар атқарылған операцияла мен оқиғалардың болғандығын растайды және онда құжаттың жасалған уақыты, ұйымның аты, операцияның атауы, құжатты жасаған жауапты тұлғалардың лауазымдары көрсетіліп, қолдары қойылады және т.т. Олардың бәрі құжат деректері (реквизиттер) деп аталады.
ХҚЕС пен ҚЕҰС құжаттың экономикалық мазмұны заңдылық формасынан гөрі басыңқы болу принциптерін басшылыққа алатынын атап өткен жөн. Олай болса, бұл талап, кейбір жекелеген жағдайларда, құжаттың бар жоғына қарамастан, экономикалық деректің есеп жүйесінде міндетті түрде көрсетілуге тиісті екенін көрсетеді. Алайда, соңынан есептегі жазбалар құжат түрінде қуатталуға тиіс. Мысалы, айталық, мекемеге тауар ертерек келіп, бірге жүретін құжаттар кешігіп қалды делік. Есепте тауардың ұйымға келіп түскендігі жайлы экономикалық дерегі сол күнгі уақытпен көрсетілуге тиіс.
Бастапқы құжаттардың барлығы, тәтіп бойынша, операция орындалған кезде жасалады. Қаржалақ құжаттар жайлы айрықша атап айту керек. Ондай құжаттарда қаржы қозғалысы көрсетіледі. Оларға, әдетте, кассалық және банктік құжаттар жатады. Олар міндетті түрде арнаулы журналдарда тіркелуге тиісті. Кассалық және банктік құжаттарға өзгерулер енгізуге тиым салынға.
Ұйым басшысы құжаттарға қол қоюға құқысы бар тұлғаларды анықтап, бұйрығымен бекітеді.
Құжаттардың қозғалысы, оларды жасау немесе сырт мекемелерден алу, есепке кіргізу, өңдеу, мұрағатқа жіберу, құжатайналысы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет