Ауытқулар сомасы дегеніміз – осы көрсеткіштер арасындағы айырмашылық, ауытқулар проценті – ауытқулар сомасының материалдардың есептік құнына қатынасы. Ауытқу «+» немесе «-» белгісімен болуы мүмкін.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын, буды, суды, газды және т.б. босатушы) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады.
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың ұйыммен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір фактура-шоты бойынша және әрбәр жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу барысында олар жабдықтаушылармен есеп айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін банкке береді.
Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық фактура-шотының нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесін қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – бұл қызмет етуші ұйымның банкке арнайы бланкте рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі бір соманы басақа ұйым шотына аудару туралы нұсқау. Қаражатты үш немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады.
«Galanz Bottlers» мекемесі жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын 3310 «төлеу шоты» кредит шоты бойынша №6 журнал-ордердегі сәйкесетін шоттардың шоты қоса көрсетіліп жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады.
Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Жалпы ХҚЕС 2006 жылы жүзеге толығымен асырылады.
ХҚЕС бағалау тәртібін айқындайды және оларды актив түрінде қарастырады:
1.сатуға арналған (тауарлар, дайын өнімдер)
2.өндіру процесіне (аяқталмаған өндіріс)
3.өндіріс прцесіне арналған шикізат пен материалдар түрінде сақталады.
ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде: өзіндік құн немесе мүмкін сату бағасы.
Қорлардың өзіндің құн орташа өлшенген құн бойынша анықталады.
Қор шығыны бухгалтерлік тәсілмен немесе инвентаризация нәтижесімен анықталады. Кәсіпорнда қаржылық есеп беру келесілерге алынуы тиіс:
1.қорларды бағалау бойынша есеп саясаты;
2.қорлардың балансының құны;
3.өндіріс процесінде қолдану үшін қорларды бағалау.
ХҚЕС мен халықаралық стандарт өзгешілігі нақты шығын тізімін бермейді. ХҚЕС жалпы өзіндік құнды анықтау принциптерін береді, оның құрылуы кәсіпорынның саясатынна сәйкесті ХҚЕС-та шығын регламентациясы жоқ, бұл қазақстандық бухгалтерлерге үйреншіксіз, олар нормативті құрылымды құжаттарға үйреніп қалған.
Бірақ ХҚЕС -да өзіндік құнды анықтауда көп еркіндік беріледі, ол профессионалды ойларымен нақтыланады. Нақты шығын тізімі жоқ болса, ол өзіндік құн өз бетінше, қалай болса солай құрылмайды. Шығын деп танылу үшін ол өзіндік құн міндетті түрде принциптеріне сүйене отырып жазу керек. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес «Қорлар есебі» бір тәртібін анықтауды өзіне тауарлы – материалдық қорлар классификациясын және бағалауын, тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құнын өндіріске сәйкесті шығын есебін қосады.
Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарттарына сәйкес қорлар ең төменгі баға өзіндік құнынан және реализациядан таза баағасын анықтайды.
ХҚЕС және медологиялық әдістеме нақты шығын тізімін береді, тауарлы – материалдық қорлар өзінді құнын құрайтын өзіндік құн өзіне сатып алу шығындарын, тасымаладау – дайындау шығындарын, өнімді қайта өңдеуді қосады. Өзіндік құн бағалаудың тәсілдермен жүзеге асырылады. Фифо, Лифо орташа өлшенген және спецификалық идентификациялау.
Реализациялаанытын тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құны сол есеп берушілеріне шығыс түрінде келістіріледі, соған сәйкесті оларға табыс.
Қаржылық есеп беруде келесілерді ашу керек:
1.есеп саясатын, тауарлы – материалдық қорлар бағалау үшін құру;
2.қорлар классификацияны бойынша баланстық расшировка құны;
3.тауарлы – материалдық қорлар реализация таза бағасы бойынша себеп көрсетуге байланысты есептен шығару.
4.Реализацияланған тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құны және т.б. Методолгиялық әдістеме дешығын тізімі беріледі, ол өнімнің өзіндік құнын құрайды және мерзімде шығыс болады, бұл ХҚЕС-дан ерекшеленеді.
ХҚЕС сәйкес өзіндік құн мен мерзім шығындарын анықтау жалпы принциптерді ұсынады, бірақ метологиялық әдістеме. Олардың нақты тізімін көрсетеді. Берілген тізім шығын құрамын регламенттейді, олар өзіндік қосылады, ол белгілі бір дәрежеде кәсіпорынның бухгалтериясына ыңғайлы, бірақ ол өзіндік құнының еркіндікті шектейді. Сонымен қатар «Басқа шығындар» сөз тіркемесі бухгалтерияда методонологиялық әдістемені дұрыстығына сенім артпайды.
Есепті мекемеде ұйымдастырудың негізгі ол шарттары бухгалтерлік есепті мемлекеттік басқару болып табылады. Есепті компьютерлендіру, оны жүргізудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану алғашқы есеп пен құжаттар айналымының дұрыс қойылған жүйесі, қызметкерлердің іскерлік қабілетін арттырумен қатар есепті мемелекеттік басқару есептің тиімді жүйесін құруды қамтамассыз етеді. Есепті жалпы мемелекеттік басқаруды қаражат Министрлігі, статистика және талдау жөніндегі Мемелкеттік Комитет, салалық министрліктер мен ведомстволар атқарады.
Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепке және кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп берулеріне жалпы методикалық басшылық жасайды, статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет пен келісе отырып, счеттардың жоспарын, бухгалтерлік есептің түрлерін және оларды қолдану жөніндегі Мемелекеттік Комитетепен бірлесе отырып бухгалтерлік есеп берудің түрлерін бекітеді.
Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орныдауына жедел басшылық жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызы құралы есеп беріп отыру болып табылады.
Есеп беру – жеке учаске (бөлімше) және тұтастай кәсіпорын былайша жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылап отыруға қызмет етеді. Есеп берудің көмегімен кәсіпорындардың жоспарлы тапсырмаларды орындауына бақылау жасайды. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның ағымдағы және болшақтағы жоспарларын жасағанда базарлық қызмет атқарады. Есеп берудің негізгі салық салу, кәсіпорынның өндірістік-қаражат қызметіне талдау жасау, қысқа және ұзақ мерзімді қарыз беру тәртібінің сақталуына бақылау іске асырылады. Мазмұны бойынша есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат көрсеткіштері бойынша (өндіріс, өнімдердің өзіндік құны және өнімдерді өткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары) жоспарының орындалуы сипатталады.
Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есептеу жұмыстары кестелерінің үлкен маңызы бар. Оларды қолдану құжаттар айналымын тездетуге және есептеудің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Алғашқы есепті, құжаттар айналымын және есеп беруді ұйымдастырғанда бухгалтерлік есептегі құжаттар және құжаттар айналымы жөніндегі ережені басшылыққа алу керек. Пайдаланылған құжаттар болып кәсіпорынның архивіне өткізілуі тиіс.
Тұрақты және ұзақ уақытқа сақтау үшін іріктеп алынған іс қағаздары (мықты жіппен төрт жерден тесіліп тігілген немесе түптелген құжаттар) архивке өткізу алдында тәртіпке келтіріледі. Оларды құрудың дұрыстығы тексеріледі, тақырыптарды дәлелдеп белгіленеді, іс қағазының соңында куәландырушы жазуы болуы тиіс. Онда реті қойылған беттердің саны көрсетіледі. Құжаттарды сақтауға, жоюға іріктеп алудың іс қағаздарының тізімін жасаудың тәртібі мен методикасы Бас архив басқармасының нұсқаулары мен ережелерінде анықталады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін кәсіпорында бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және қаражат тәртібінің сақтауын бақылау міндеттейді. Бухгалтериялардың жұмысы министрліктерде, ведомстволарда, бірлестіктерде, министрліктердің бас басқармасында және басқа басқару оргындарында бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұмысын бас бухгалтерлік жөніндегі Ережеге сәйкес іске асырады.
Бас бухгалтер есеп пен бақылауды, ақша қаражаттары мен материяладық игіліктердің толық сақталуын қамтамассыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Бас бухгалтерге өзіне жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік жасайтындай құқықтар берілген.
Бас бухгалтердің ақша қаражаттарын, материялдық және басқа игіліктерді қабылдаудың, кіріске алудың, сақтаудың және жұмсаудың қолданыстағы заңдылықтарды және белгіленген тәртіптерін бұрмалайтын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және хаттауға қабылдауға құқы бар. Өзінің міндеттерін орындамағаны немесе жеткіліксіз орындағаны үшін бас бухгалтер қолданыстағы заңға сәйкес жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |