Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады



бет9/10
Дата29.04.2022
өлшемі49,4 Kb.
#141344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Меншік иелігінің
1 куросва фонетикс, 555513a604ba69a2391455d704078f72
Орларды есепке алу
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Халықаралық қаржылық есесптің «Қорлар» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
• Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
Аяқталмаған өндіріс;
• Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
ХҚЕС 2 ( халықаралық қаржылық есеп стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі халықаралық қаржылық есеп стандарттарына (ХҚЕС 2) сәйекс алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
ХҚЕС 2 сәйкес қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.
Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.
Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. ХҚЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, «Galanz Bottlers» мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.
Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде «Galanz Bottlers» мекемесі өзі жасайды.
Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда ұйым жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар ХҚЕС тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.
ХҚЕС 2 сәйкес «Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді».
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде ХҚЕС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:
Орташа өлшемді құн бойынша – есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.
Қоймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын есептеу.
Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.
Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады.
Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті.
Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі.
«Galanz Bottlers» мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.
Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар)) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді.
«Материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі» атты бірінші бөлігі ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа «материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілген төлемдер кіретін, материалдық қорларды алу мен дайцындауға жұмсалған шығындар ескерілген түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы бөлік тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет