Қолданыстағы валюта – қаржылық есеп берілетін валюта;
Шетелдік валюта – кәсіпорын есеп беретін функционалдық валютадан басқа валюта;
Валюталық курс – қаржы нарығында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталған, бір валютаны екіншісіне аудару үшін қолданылатын оларның ара қатынасы;
Курс айырмасы – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп барысында, шетелдік валютаның курсы өзгерген кезде пайда болатын айырмашылық;
Соңғы курс немесе жабылу кезіндегі курс – белгілі есепті кезеңдегі қолданыстағы валютаның, шетелдік валютаға шаққандағы курсы.
Мысалы, келіп түскен тауар үшін, валюталық счеттан алдын ала 5 000 АҚШ доллары төленген. Ақшаның банкілік счетка келіп түскен күнгі доллар бағамы 147,77 теңге. Дт – 1610,2910 738 850 теңге (5 000*147,77). Кт – 1030 Мекеменің банкідегі валюталық счетына қаржының келіп түскен немесе счеттан аударылған күні, валюталық счет бойынша банкілік операцияның атқарылған мерзімі болып есептеледі.
Шетелдік бөлімшелердегі инвестицияларды қайта бағалау кезіндегі курстық айырмашылық, инвестицияларды еншілес, бағынышты немесе біріккен түрде бақыланатын мекемелерге салудың нәтижесінде пайда болады. Валюталық операцияларды жүргізу кезімен есептесу кезінде пайда болып, тиісінше табысқа немесе шығанға қосылатын курстық айырмадан, шетелдік бөлімшелерге салынатын инвестициялардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, мекеме өзінің шет елдегі бөлімшесіне шетелдік валютамен ұзақ мерзімдік несие бере алады, сол уақытта пайда болған курстық айырмашылық, мекеменің қаржылық инвестициясы болып табылады және оның капиталын ұлғайту үшін қолданылады.
Шетелдік қызметтің мысалы: «Galanz Bottlers» мекемесі «Омега» кәсіпорнын құрды. 1 қаңтардағы еншілес мекеменің таза активтерінің бағасы 5 000 000 АҚШ долларын құрады. Еншілес кәсіпорынның акционерлік капиталы 3 000 000 АҚШ доллары, бөлінге ішкі топтық несие 1 000 000 АҚШ доллары.тнесие еншілес мекемеге бөлінген таза инвестицияның бір бөлігі болып саналады. Оған қатысты курстық айырмашылық, капиталдың өзгерісі ретінде қарастырылады. Еншілес кәсіпорынды құрған кездегі валюта бағамы 145 теңге, есеп беру кезінде 147,77 теңге. Зайым сомасы төмендегідей өзгеріске ұшырады. (147,77теңге – 145теңге)*1 000 000=2 770 000 теңге Бағам өзгерісінен пайда болған курс айырмашылығы 2 770 000 теңге, «Galanz Bottlers» мекемесінің капиталына қасылады. Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. дқшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі. Есеп берілетін сомалардың есебі (кіші касса). Этика мәселесі.
Дебиторлық борыштын танылуы мен бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Дебиторлық борыштарды инкассациялау (жинау). Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алынуға тиісті қосылған құн салығы сомасы. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.
Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы үқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Тауарлық-материалдық қорлардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің құжаттық рәсімделуі. Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін қолдану. Төменгі құны бойын-ша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы. Тауарлық-материалдық қорлардың келіп түсуі, қозғалысы және босатылынуы.
¥зақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Негізгі қүралдардың анықтамасы мен сипаттамасы. Негізгі құралдардың жіктелінуі. Инвентарлық объект. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі қүралдардың бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Анықтау мен өзгерту тәртібі. Айналыстан тыс құралдарды сатып алу есебі мен оның бағалануы. Жердің, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың құндарындағы шығьщдар, элементтёрі. Негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі, үлгілі түрі НҚ-1 (ОС-1). Оны құрастыру мен өңдеудің тәртібі. Негізгі қүралдарды есептейтін инвентарлық карточкалар, олардыңатқаратын қызметі. Негізгі қүралдардың амортизациясы (тозуы). Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Амортизаци» аударымдар мен оларды есептеудің әдістері. Құнын біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі. Құнын атқарылған жүмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс). Амортизацияны жедел есептеу әдісі: қалдық қүлының кемуі әдісі, сандардың жиынтығы бойынша қүлын есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс). Негізгі құралдардың шығыс етілуі мен олардың түрлері. Негізгі құралдардың жойылуы мен басқадай шығыс етілуі Негізгі құралдарды есептен шығару актісі (үлгілі түрі НҚ-3; НҚ-4 (ОС-3. ОС-4), толтыру, бекіту мен бухгалтерлік рәсімдеу тэртібі.