Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады



бет4/10
Дата29.04.2022
өлшемі49,4 Kb.
#141344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Меншік иелігінің

Ақшалай қаражаттар – отандық және шетелдік валюта түрінде, есептегі, арнаулы есеп шоттағы, валюталық шоттағы, кассадағы ақшалар, сонымен қатар аккредивтер, чектер, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, векселдер) және басқада ақшалай қаражаттар.
Түсуге тиісті қаржылар – жөнделтілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көсетілген қызметтер, алған вексельдер үшін заңды және жеке тұлғалардың осы мерзімге дейін төлемеген жабдықтаушылардың берешек борыштары.
Жоғарыда атап өтілген шаруашылық қаржылардың барлығы, ұйым балансының активін құрайды. Енді шаруашылық қаржыларының қандай көздерден құралып, алынатынын талдап көрейік.
Жарғылық капитал – құрылтайшылардың (меншік иелерінің), акционерлердің, ұйымды құрған кезде жарғыда көрсетілген экономикалық үрдіске пайдалану үшін, үлес қосу мақсатында, құрылтай құжаттарына сәйкес салған қаражат көздері (негізгі құралдар құны, материалды емес активтер, құндылықтар мен ақшалай қаражаттар).
Пайда – есепті кезең басталып, аяқталғанға дейін ұйымның өнімді сатудан, орындаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінен, құндылықтар мен басқа да активтерінен түскен табыс мөлшерінің шығынынан асқан бөлігі.
Пайда (залал) ұйымның есепті кезеңдегі барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп негізінде анықталған, қорытынды қаржылық есебінің нәтижесі болып табылады.
Резервтік капитал немесе резервтер ұйымның пайдасы есебінен жасалып, күмәнді шығындар мен шегетін шегетін зиандарды жабуға пайдаланылады, немесе ұйым облигацияларын өтеуге және акционерлік қоғамның өз акцияларын сатып алуға, дивиденттер жұмсалады. Меншікті қаржы көзі есебінде, негізгі құралдарды және ұйымның басқа да активтерін, бекітілген тәртіп бойынша қайта бағалаудың есебінен құралады.
Эмиссиялық табыс – орналастырылған немесе сатылған акциялардың номиналдық бағасынан тыс алынған сомалар.
Бөлінбеген пайда – өткен жылдардан алынған пайда, меншік иелері ұйымды дамыту үшін қалдырады, дивиденттер мен ұйымның қаржылық инвестиция және қаржылық қорының көзі болып табылады.
Меншікті капитал сонымен қатар, төленбеген капиталдың сомасы, өзге де резервтер және меншік иелерінен жинақталған қаражат көзделінен құрылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде қолданылатын әр түрлі тәсілдер мен амалдардың жиынтығы бухгалтерлік есеп әдісі деп аталады. Бұл әдіс біонеше элементтерден құралады, оның ішінде ең негізгілері құжаттандыру, инвентаризация, счеттар, екі жақты жазу принципі, баланс, есеп беру, бағалау және калькуляция жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет