Кассаға құрылтайшылан жарғылық капиталдың салымы есебінен ұлттық валюта түрінде ақша келіп түсті
500 000
Кассадан қызметкерлерге қысқа мерзімді зайым пайызсыз берілді
1 500 000
(кестедегі мәліметтер өндірістік тәжірибе өтілген АҚ – нан алынған)
Қазақстан Республикасының орналасқан ұйымдар валюталық қаржыларын, валюталық счеттарда сақтайды. Осыған байланысты, шетелдік валютамен операциялар үшін, валюталық счеттар ашу керек. Ұйымдар ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясы бар кез келген банкке, сонымен қатар шетелдерде валюталық счет аша алады. Шет елдердегі банктерде ашылған счеттар бойынша операция жасау үшін, ҚР Үкіметінің және Ұлттық банкісінің нормативтік – құқықтық актілерімен анықталған талаптарды сақтауға міндетті.
Валюталық операцияларды атқаратын ұйымдардың іс – әрекеттері, ҚР «Валюталық реттеу туралы» Заңымен, ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкісінің Қаулыларымен реттеледі.
Ұйымдардың шетелдік валютамен жасаған операцияларын жүргізу тәсілі, ҚЕҰС 2 «Шетелдік валютамен операция жасау» 30 бөлімінде және ХҚЕС (IAS) 21 «Валюталық курс өзгерісінің әсері» деп аталатын бөлімдерде қаралады.
Валюталық операацияларды атқару кезінде, аталған стандарттарды және төмеде көрсетілген түсініктерді пайдаланады: