Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады


Счеттар мен екіжақты жазу



бет6/10
Дата29.04.2022
өлшемі49,4 Kb.
#141344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Меншік иелігінің

Счеттар мен екіжақты жазу. Бухгалтерлік счеттар дебет және кредит деп аталатын екі бөліктен тұрады. Актив счеттарындағы операция дебет бойынша көрсетілсе, онда ол оның көбейгенін, ал кредит бойынша көрсетілсе кемігенін білдіреді. Ал пассив счетында ол керісінше болады. Счеттың дебеті көрсеткіштің азайғанын, ал кредиті көбейгенін көрсетеді. Мысалы: әлі жіберілмеген тауарлар үшін, алдын ала ақшасы келіп түсті делік. Ондай жағдайда ақшалай қаржыла счетының дебеті ұлғаяды, яғни, басқа мекеменің ұйымынан алшақ қарызы көбейеді. Сонымен қатар ол ақшалай қаржы көздерін көбейтеді. Тауар жіберілгеннен кейін, оның ақшалай көлемі азаяды, ол актив счетының кредитінде көрсетіледі, сонымен қатар, ұйым міндеттері счетының дебеті осы сомаға ұлғаяды және ол алашақ қарыздардың немесе міндеттердің өтілгенін көрсетеді.
Счеттың дебеті мен кредитінің тең болуы, ол счетта қалдықтың жоқтығын білдіреді. Егер счеттың бір жағы екіншісінен көп болса, онда сол счет бойынша қалдық (сальдо) пайда болады. Мысалы, қаржы есебі счетының дебеті бойынша 200 000 теңге болды делік, одан кейін ол 50 000 теңгеге азайды, яғни ақшалай есеп бойынша счеттың қалдығы 150 000 теңгені құрайды. Актив счеттарының қалдығы тек қана дебет түрінде болады, сол сияқты пассив счеттарындағы міндеттер мен меншікті капитал тек қана кредит түрінде болады. Олай болса, актив счетында, мысалы қалдықтар бойынша счетта кредиттік қалдық көрсетілсе, ол бухгалтердің қателігі немесе құндылықтар есебінің дұрыс жүргізілмегендігін көрсетеді. Артық заттар пайда болды деп топшылауға да болады. Соған орай, құндылықтардың қозғалысы мұқият зерделеніп, есептің дұрыстығын тексеру қажет.
Бухгалтерлік есептің счеттары арасындағы байланыс, операциялар әр түрлі счеттарда көрсетілген кезде, оны корреспанденциялау деп атайды, ал ол счеттарда сомалық көрсеткіштер жазылған кезде, оны бухгалтерлік проводка деп атайды.
Баланстың активі мен пассиві бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар экономикалық тұрғыдан біртектес қаржылардан құралады. Баланстың жалпы жиынтығы валюталық баланс деп аталады және актив сомаларының жиынтығы міндетті түрде пассив сомаларына тең болады.
Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылыкез келген операцияны жүргізуге боладыжәне міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен, дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1010 – 1060 счеттарының тобы пайдаланылады.
Ақша қаражатының есебін жүргізетін счеттар, актив есебін жүргізетін счеттарға жатады, сондықтан счеттың дебетіндегі сальдо, счеттың қалалдығындағы сомаға тең болады. Дебет бойынша өсуі немесе соманың айналымы, ұйымға қаржының түскенін, немесе ақшаның көбейгенін көреседі. Соған сәйкес, кредит бойынша айналуы, ақшаның азайғанын көрсетеді. Ақша қаражаты сатылған өнімнің құнынан, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметке төленген ақының есебінен көбейеді. Кемуі – ақша қаражатының құндылықтарды, шикізатты, негізгі қорларды сатып алып, басқа да операциялыө немесе инвестициялық мақсаттарға жұмсалғанын көрсетеді.
Есептесу счетындағы келіп түскен және шығарылған сомалардың айналымы, немесе жиынтығы, есеп регистрлеріндегі, болмаса журнал – ордеріндегі сомалармен сәйкес келуге тиіс. Оған қоса, есептесу регистіріндегі ай соңындағы қалдық, банкілік құжаттағы ай соңында көрсетілген сомамен кең болуы тиіс. Банкілік құжаттығы қалдық сомасы оның төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі, әрбір банкілік операция құжат түрінде расталып отырады, құжат болмаған жағдайда, оны ұйым шығындарының ішінен алып тастап, оған қосымша салық салынуы мүмкін.
Заң бойынша, басқа да қолма – қол ақшасыз есептесудің түрлері бар. Оларға чектер, вексельдер немесе оларды шетелдік индоссаментке төлем карточкаларымен, инкассалық жарлықпен беру түрлері жатады. Ақшалай төлем жасап және оны аударудың ережелері мен қолдану тәртіптерінің ерекшеліктері, ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік актілері бойынша бекітіледі.
Ерекше жағдайларда банк ұйымның есептесу счетынан басқа ұйымдардың құжаттары бойынша, қаражатты мәжбүрлеп аудара алады. Мысалы, салық органдарының жарлығына сәйкес, ұйвмның дер кезінде төленбеген салықтары мен төлемдерін аударады. Банк, одан басқа да келісім шартқа сәйкес, ұйымның бұйрығынсыз, оның есеп счетынан ақша аудара алады. Мысалы, ссуданы пайдаланғаны үшін төленетін үстеме пайыз, уақытында қайтарылмаған ссуданың сомасы, банк қызметі үшін төленетін ақы және тағы басқалары.
Төлем құжаттырының түрлері:
- төлем тапсырысы;
- чек;
- вексель;
- талап тапсырмасының төлемі;
- инкассалық жарлық, салық қызметі мен кеден органдарының инкассалық жарлығы;
- ұлттық банктің құқықтық актілерімен бекітілген басқа да төлем құжаттары.
Есептесу счетына өолма – қол ақша салынған кезде, қолма – қол ақша салу хабарламасы жазылады. Банк ақша саушыға ақшаны алғанын растайтын түбіртер береді.
Чек ұйымның банкке онда көрсетілген соманы қолма – қол ақша түрінде есептесу счетынан алып беру туралы бұйрығы болып саналады.
ҚР «Төлемдер мен ақша аудару туралы» заңында, Қазақстан Республикасының аймағында, қолма –қол ақшасыз есептесудің тәртібі мен формасы, төлемқұжаттарын пайдаланудың Ережелері бекітілген. Қолма – қол ақшасыз есеп айырысқан кезде, төлем тапсырыстары, аккредитивтер, чектер, инкассалық тапсырмалар сияқты құжаттар пайдаланылады.
Төлем тапсырысы – банктегі счет иесінің тиісті соманы өз счетынан, алушының счетына аудару жөніндегі жарлығы болып табылады. Төлем тапсырысының түрі барлық аударымдар үшін бірдей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет