Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін


Дәріс№14 Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті



бет31/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Дәріс№14 Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті.
Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті. Ұрыстағы жауынгердің міндеттері. Ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері.
Ұрысты жеңіске жету жеке жауынгердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады.
Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолданып, қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жоюы керек.
Жауынгер ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыру үшін аралас әскери мамандықты игеріп, взводтың, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, ұрыста бақылау жүргізуді білуге, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуге тиіс.
Жауынгер ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, командирдің рұқсатынсыз өз орнын тастап кетпеуге, қарсыласты қолда бар құралдармен жоюға, жолдасына көмек көрсетуге, санитарлық өңдеу жүргізуге, әуе қарсыласын тануға, тапқырлық, батылдық және бастамшылдық көрсетуге, жеке қорғаныс құралдарын қолдана білуге, оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға міндетті.
Жауынгер жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым, жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжйды.
Жауынгер, қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап немесе жүгіріп өтеді. Бұл кезде ол қаруын ата бастау жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды.
Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі 20-40м-ге дейінгі аралықтағы қозғалыс жолын және демалатын жерін бағдарлап алады. Одан соң тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре отырып жетуі тиіс. Бұндай жүгіре өту кезінде қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген шепке жеткеннен кейін, сарбаз атысқа дайындалады да, басқа жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен қорғайды.
Ұрыс алаңында қарсыласқа жақындап, оған кенеттен шабуылдау қажеттілігі туған кезде жер бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.
Жер бауырлап жылжу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қарудың жоғарғы бауының тұсынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек.
Жартылай төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол білектеріне салмақ салуы керек, содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сөйтіп денені алға қарай оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет.
Бүйірлей жер бауырлап жүру үшін сол бүйірге жатып, содан кейін тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалысты жалғастыра беру керек.
Бөгеттерден (өзен, жыра, батпақ және т.б.) ұрыс барысында тоқтаусыз шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей қарсылас күтпеген жерлерден өту аса маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.
Өзендер мен басқа да су бөгеттерінен тұрақты немесе арнайы жүргізілген көпірлермен, әр түрлі қолда бар құралдармен кешіп немесе жүзіп өтуге тура келеді.
Кешіп өту кезінде жаунгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп өтеді. Кешіп өту үшін ағынның жылдамдығ 1м/сек-ке дейін, тереңдігі 1м болуы керек.
Жүзіп өту өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен құтқарушы жилеттер), және әр түрлі қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет