Алғашқы көмек көрсету ережесі Алғашқы көмек



бет4/6
Дата11.04.2023
өлшемі29,47 Kb.
#174217
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алғашқы көмек көрсету ережесі
9-сынып 12.04, Документ Microsoft Word, Ой түбінде жатқан сөз.docx Мырзагелді Кемел, 74PDMN617, Бакунина Презентация, юсуф, Калмакан Абдыкадыров
Ыстық тию
Белгілері: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады. Сенің әрекеттерің: -Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан. - Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат; суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой. - Аяғын сәл көтеріңкіре. Тар киімнің түймелерін ағыт. - Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз). - Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.
Құсу, лоқсу
Белгілері: ауыз арқылы асқазанның ішіндегісі еріксіз шығады. Сенің әрекетің: - Лоқсу басылғанға дейін қатты тамақ берме. Лоқсығанына қармастан, құсу көпке дейін тоқтамаса да көбірек сұйықтық бер. - Егер құсқан кезде бас қатты ауыратын болса, немесе іш ауырса, егер құсық массасы қан араласқан болса немесе қара, қоңыр кофе қоюлығына ұқсаса, жылдам "103 жедел жәрдемін" шақыр!
Машинаны айдап келу үшін жүргізушіге қоңырау шалдық; одан әрі қарай машинамн кетуді шештік. Әсет жеңілдеп қалды, ол соққан самалмен бірге қайтадан шиқылдап дауыс шығара бастады.
Міне ормандардың жұрнақтары. Ғажайып көрініспен иілген ағаштар пейзажға әлдеқандай бір қиял-ғажайып түр беріп тұр. Жүктерімізді түсірдік, алдымен ыстық өтудің қатал сынына тап болған Әсетті шатырға қалдырамыз. Әр жерде жаппалар мен шатырлар тігілген. Балықшылар өздерінің ауларымен жағада қатып қалған. Жүзімді шығара беріп едім ... ара! Бұл қайдан шықты? Ой қалай ауыртады...
Араның, сонаның, есек араның шағуы
Сенің әрекетің: - Егер шаққан жерде бізі қалса, оны қысқышпен байқап алып таста (ара бізін қалдырмайды). - Жараға жартылай спиртті компресс немесе бал шелпегін қой (бақбақ гүлі сабағының "сүтін" қолдануға болады). - Димидорл, пипольфен немесе супростин дәрмектерін ішкіз.
Аллергиялық естен тану дамыған кезде
Белгілері: күре тамыр қысымы күрт түседі, демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану. Есіңде болсын! Ауру жағдайында аллерген организмге енгеннен кейін 1-2 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін.
Сенің әрекетің: сырқатты шалқасынан оның аяғы басынан биік болатындай етіп жатқыз. Тар кимідерінің түймелерін ағыт. Таза ауаның кіруін қамтамасыз ет.
Есіңде болсын! Егер сырқат естен танып қалса, оған ешқандай дәрі - дәрмек беруге немесе аузына су құюға болмайды.
Тыныс алуы бұзылып, жүрек қызметі тоқтаған кезде "ауызға - ауыз" әдісімен жасанды дем алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау қажет. "103 - жедел жәрдмін" шақыр.
Шағып алды. Балалар айналаны тамашалу үшін жүруге дайындалып жатыр. Мен ауырсына отырып "шаруашылықта" қалдым. Жақын жердегі шатырдан бір ер адам танысуға келді.
Мені ара шағып алғанын естігеннен кейін, бұл жерде - бұдан да қауіпті жағдайлар болатынын ескертті. Бұл жерде жыландар, кенелер және шаяндар бар көрінеді. Балаларға абай болу керектігін ескертіп жатырмын. Тағы бір қырсыққа тап болсақ не істеу керектігін ойланудамын; қайдағы бір жабысқақ бірдеңе шағып алуы мүмкін ғой.
Кененің шағуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет