Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук жасаған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі69,48 Kb.
#87549
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жасуша органоидтері.платонус 2020
Дүние тарих 8 кл БЖБ №1 3 тоқсан
5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.
7. Пластидтер – жасыл өсімдік жасушасының тұрақты органоиды. 3 типі бар: жасыл – хлоропласт, қызыл, сары – хромопласт (жемісте, гүлде), түссіз лейкопласт (тұқымда).
8. Вакуоль – жасушаның дамуы және ескіруі барысында цитоплазмада анық көрінетін сұйықтық. Минералды тұздар, қант, органикалық қышқылдар шоғырланады. Жас жасушада ұсақ, қартайған сайын бір-бірімен қосылып ірі вакуольге айналады.
Жануарлар мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы Жануарлар мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы: 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды. 2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді. 3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болтан. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады. 4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.


Органоидтар
Жасушалардың цитоплазмасында органеллалар - тұрақты бөлшектер мен қосындылар - жинақталған заттардың уақытша құрылуы. Органоидтерсіз цитоплазманың сұйық бөлігі гиалоплазма деп аталады. Органоидтер мембраналар саны мен өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларында болуымен бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет