Балалар өміріндегі сюжетті – рөлді ойындардың орны. Мектепкедейінгішақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен – екінші әрекетті, бір затпен – екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілі бір функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да, соған сәйкес, іс-әрекет жасай бастайды. Өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қояды, көбіне ересек адамдарды, анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – бала өзіне алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, «сатып алушыны» ойнаған бала өзінің алған заттары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігер рөлі шыдамды болуға және ауруға талап қоя білуге міндеттейді. «Дәрігер» өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқы бар. Сюжетті рөлді ойынның мәні рөлді ойнаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарын іске асыру болып табылады.
Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс. Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.Ойынды басқару міндеттері – мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде ойын жетекшісі іс-әрекет ретінде қалыптасқан жағдайда ғана олардың дамуына кең мүмкіндік береді. А.Н.Леонтьев бұл жайында мынадай пікір білдіреді: «Ойын баланың жетекшісі іс-әрекеті болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына бағыну қажет, олай болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады».
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикада ойынды басқаруда әр түрлі теориялық тәсілдер қалыптасуда.Мектепке дейінгі педагогикада бала ойынын басқарудың әр түрлі жолдары бар. Ойынды кешенді басқаруға оның қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады.
Оларды мына сызба арқылы көрсетуге болады: ойынды кешенді басқару – қоршағанортамен белсендііс-әрекетте таныстыру – ойындық тәжірибесін байыту – заттық-ойындық ортаны ұйымдастыру – тәрбиешілердің балалармен белсендіретін қарым-қатынасы. Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының тәжірибесін байыту ерекшелігіне арналған. Балалар қандай ойындық тәжірибе алу керек деген сұраққа жауапты балалардың ойындық тәжірибесін дамытудың негізгі бағыттарынан табуға болады.Балалардың ойындық тәжірибесін дамыту – мазмұнын күрделендіру – ойын әрекеттерін күрделендіру – серіктесімен қарым-қатынасы – өз бетінше жұмысы және шығармашылық.
Осыған байланысты А.В.Запорожецтің сөздерін келтірсек: «Баланың бастапқы кезде ойын техникасын меңгерумен іс ақталмайды және ойын әрекетін әрі қарай дамыту тәрбиешінің белгілі тәртіппен күрделі сюжеттерді ойнатудың нәтижесі болып табылады».Тәрбиеші балалармен бірге күмәнданатын, ойланатын, ойынның басқа қатысушыларымен ақылдасатын, олардың пікірін ескеретін тең құқылы серіктес рөлін атқарады.