Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы



Pdf көрінісі
бет24/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
§ 5. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы
Организм бейнелеуінің дәлдігі мен теңдігі сезім органдарының және жүйке жүйесінің құрлысына, сондай-ақ,
тітіркендіргіштің түрлерін сезіну мен оған әсерлену рецепторларының жетілу деңгейіне байланысты. Мысалы, көру
рецепторы күн жарығының шапағын 6ейнелеу арқылы қалыптасады. Қарапайым және көп клеткалы жәндіктер мен ішек
қуыстылардың жарыққа реакцияла-нуы фототропизм сипатында болатыны байкалады, Жауын құртының эпидермасында
жарықты сезінетін клеткалар бар. Бұл клеткалар жарықтың бар-жоғын анықтауға ғана қабілетті. Былқылдақ
денелілердің жарықты сезінетін клеткалар тобы болады. Олар бүкіл денеге тараған. Көру органының бұл түрі жарықтың
41


дененін қай жағынан түсіп тұрғанын да ажырата алады. Омыртқалы' жануарларда жарықты сындыратын қасиеттер бар.
Ондай қасиет зат кескшін анық көр-сетеді. Рецепторлардың жетілуі белгілі мөлшерде жүйке жүйесінің бір типінің
дамуына сәйкес келеді. Сезім органдары мен жүйке жүй-есінің дамуы психикалық бейнелеу деңгейін қалтқысыз
анықтайды. Ішек қуыстылардың жүйке жүйесі бірімен-бірі өскін арқылы торкөз тәрізді байланысьш, олардың өне
бойына таралады. Мұндай жәндіктердің әсерлерге тітіркену тропизм деңгейінде деуге болады. Оларда узқытша
байланыстар күштеп жасалғанымен, тез жойы-лады.
Дамудың келесі сатысында жүйке жүйесі сапалық
өзгерістерге түсіп, тор және түйін түрінде болады. Түйіндік
жүйке жүйесі бар жәндіктер тітіркендіргіштерге едәуір әсерленіп, оларды қайта өңдей алады. Себебі. сезімтал клеткалар
тітіркендіргіштерге тікелей әсерленіп, оның сапасын арттырады. Мұндай жәндіктердің негізгі бөлігі — бас түйінінде
және оның кұрылысы басқа түйіндерге қарағанда күрделірек. Ек қарапайым танглийлік жүйке жүйесіне ие жәндік —
жауын құрты.
Жүйке жүйесінің жоғары типі — түтік тәрізді болып келетін хордалылар. Олардың.эволюциясында біртіндеп;
омыртқасы қатайьш, бас сүйегінде орналасқан орталык жүйке жүйесі жұлынмен ұштасады. Ондай жануарлардың
рецепторлары дамъш, психикалық бейнелеу түрлері күрделене түскен. Омырткалылардың эволюция-лық дамуында бас
миының атқаратын қызметі артып, түрлі дафуякцияларды басқаратын орталықтары жетілген. Жануарлардың әрекеті
неғұрлым күрделенген сайын орталық жүйке жүйесінің де қызметі жетіле бермек. Ондай жануарлар сыртқы орта әсерін
нәзік әрі дәл етіп бейнелей алады. Жоғары сатыға көтерілген сайын жануарлардың жүйке жүйесі жетіліп, даралық
шартты рефлекстер-дің жиынтығын құрайды. Сонымен, психика дамуында рецептордың қызметі де күрделеніп, әралуан
әрекеттер жасай алады. Жануарлардың сезім органдарының, дене кұрылысы мен жүйке жүйесінің сандық әрі сапалық
өзгеруі олардың тіршілік ортасымен байланысты түрде дамиды.
Көру рецепторының кұрылысы жәндіктердің тіршілік ортасына сәйкестенген. Мысалы, терең суда тіршілік ететін
балықтар сәл-пәл түске тітіркенеді. Себебі, олардың көзінің тор қабығында арнайы сезімтал аппарат — таяк- шалар бар,
көзінің қарашығы мен жанары әлдеқайда жетілген. Жер бетінде тіршілік ететін жоғары сатыдағы жануарлар көзінің
құрылысы ерекше. Ультра күлгін түсті
 
көз жанары мен қасан, қабық тор өт-кізбейді. Күндіз және түнде тіршілік ететін
жануарлардың өмір сүру сипатына қарай көзінің құрылысы да ерекше келеді. Ол тіршілік ортасының жағдайына қарай
түрлі тітіркендіргіштерді ажыратады. Жалпы дамып жетілуінде жануарлардың сезімталдығы тітіркен-діргіштердіц
биологиялық мәнділігіне байланысты. Өрмекші қоз-ғалған кимылға, басқа адамға естілер-естілмес дыбысқа, жар-қанат
ультра күлгін түске, ит ең әуелі иіске мән береді.
42


Психиканың эволюциялық дамуы сан қилы. Бейнелеу денгейі әр түрлі жан-жануарлар белгілі ортада тіршілік
етеді. Тіршілік жағдай-лары түрліше болғанымен, жаңуарлардың бейнелеу қасиеттерінен ұқсастық табуға болады.
Мысалы, суда тіршілік ететін дельфин мен кұрлықта тіршілік ететін түйе және орманды жердегі аю бұл жағынан бірдей
жоғары сатыда тұр. Материяның жалпы даму заңдылығына сәйкес олардың өмір сүру ортасы да эволюциялық
өзгерістерге ұшырайды, жан-жануарлар сондай езгерістерге бейімделеді. Ортаның өзгеруі жәндіктердің психикасына
әсер етін, олардың функциясының дамуына ықпал жасайды. Өмір сүру орта-сындағы түбегейлі өзгерістер адамзаттың
арғы тегінің жануарлар дүниесінен ерекшеленіп, жер бетінде ақыл иесі — адамның пайда болуына қолайлы жағдай
туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет