Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән


IV тарау. ПСИХИКА ДАМУЫН БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет27/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
IV тарау.
ПСИХИКА ДАМУЫН БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ
ТҰРҒЫСЫНАН ТҮСІНУ
§ 1. Психиканыд даму сатылары
Психика (Ч) — тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын
білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың алғашқы ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Ал психиканың ең
жоғары формасы — адамның санасы. Сана — адамның коғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына
сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. 
Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, әралуан
нәрслерді түйсіну, қабылдау, елестету арқылы-көрінеді. Олардың адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге,
ұстап көруге болмайтын қасиеттері мен белгілері, өзара шартты байланыстары адамның абстрактылы ойлау формалары
болып саналатын ұғым, пікір, ой қо-рытындылары арқылы танылып, жанама жолмен бейнеленеді. Соның нәтижесійде
біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстар-дың заңдылықтары, олардын пайда болып туындауы және өрістеп дамуы
адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Жәндіктер мен хайуанаттар тіршілік ететін ортасына. қаншалықты бейімделгенімен, оны өзгертіп, қайта жасай
алмайды. Ал адам оны өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес жоспарлы түрде өзгертуге шамасы келетінін нақты іс-әрекетімен
дәлелдейді. Ол — табиғат қожасы. Осы орайда, В. И. Ленин “Философиялык дәптерлерінде” “Адамның санасы
объективтік дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен катар оны жасайды”
1
дейді.
Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, қызметін ғылыми тіректерге сүйене отырып баяндап, оның
мәнін терең түсінуге болады. Біз тіршілік етіп отырған Жер шары бұдан төрт жарым миллиард жыл бұрын шамасында
пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым — үш миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалык
қүбылыс болмаған. ¥зақ дәуірлерге созылған эволюциялык даму нәтижесінде Жер бетіңде тіршілік пайда болды. Соныя
арқасында тірі 
о
рганизмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге
күрделі кұбылыс — психиканы тудырды.
48




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет