Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет22/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
Жауын кұртының құлқы ішек қуыстылармен салыстырғанда едәуір күрделі. Себебі, оның әрекеті мен тіршілік ету
жағдайы да күрделірек. Жауын кұрты жапырақты үшкір жағынан тістеп, ініне тартып алады. Зерттеулерге қарағанда,
құрттың бұл әрекеті—жапырақ формасын аңғарғаидықтан емес, оның үшкір жағындағы химиялық заттарды сезінуінен.
Құрттарда туа пайда болатын шартсыз рефлекс олардың осы әрекетінен анық байқалады. ІПартсыз рефлекс сыртқы
ортанын. тұрақты әсерінен туындайды. Ганглийлік жүйке жүйесі бар жәндіктерде шартсыз рефлекстермен қоса кейде
әлсіз түрде болса да шартты рефлекетер жасалады. Мынадай тәжі-рибе жасалған: жауын құрты үшін “Т” тәрізді
лабиринт жасалып, ол өз ұясынан шығатын жол табуға тиіс болады. Құрт лабиринттің оң жағынан ініне кедергісіз кіріп,
сол жағына бұрылғанда, әлсіз электр тоғына соғылатындай етіп жасалған, Тәжірибе 120—180 рет қайталанғаннан кейін
ғана жауын құрты бірден оң жағына бұры-латын болған. Шартты рефлекс жасалғаннан кейін тәжірнбе керісінше
қайталаиған. Бұл жағдайда шартты рефлекс алғашқыға қарағанда 2—3 есе тез жасалған. Осы нәтшке ганглийлік жүйке
жүйесінің тітіркендіргіштерге әсерленгіш күрделі жүйкелік құрылым екенін байқатады. Осындай зерттеулер
эволюциялық дамуда жәндіктердің сезім органдары арнаулы рецепторларының түрлі тітіркендіргіштерге икемделгіш
келетінін көрсетеді.
Инстинкт арқылы аралардың құлқын зерттеу олардың күрделі топ болып тіршілік етуге бейімділігін аңғартады,
Ара ұясында бір ғана аналық, оңдаған аталық және жыныс жағынан жетілмеген жүздеген трутендер болатыны белгілі.
Жұмысшы аралар — трутендерің колоиияда атқаратын қызметі өте күрделі. Олар алдымен личинкаларды
қоректендіреді, ұяны тазалайды, күзетеді, азық тауып, оларға қолайлы жағдай жасайды. Сырт карағанда аралардың
мұндай инстинкті олардың тіршілік-әрекетін “саналы” сипаттағы етіп көрсетеді. Олар ұясыная ұшып кетер алдында
жерді қопсытып, личинкаларды жасырып қояды. Әкелген жемін ұясына кіргізуден бұрьш ініне топырақ түсіріп, ішін
33


тексеріп көретіндей әсер қалдырады. Содан кейін ғана жемін ұясына алып кетеді. Ал буын аяқтылардын мұндай әрекеті
“мақсаттылығымен” таңдандырады. Бұл — әрине, инстинктті мақсаттылық. Осы әрекетті жәндіктер тобының әрбір дара
өкілі бірдей қайталайды. Тітіркендіргіштер жүйесініи бірі бұзылса, әрекет қайталанбайды. Зоопсихолог маман В. А.
Вагнер (1849—1934) авалық өрмекшінің инстинктті әрекетіндегі құлкын іздестірген. Көбіне өрмекші қуыршағы ішіндегі
жұмыртқаларды паразиттер жепқ қояды.
 
Ал аналық өрмекші соған қарамастан ұрпағын “жетілдіру” үшін әрі карай баса
береді. Осы ретте, аралар реакциясының да мақсаттылығы салыстырмалы. Егер балауыздың астын тесіп қойса, аралар
оған қарамай-ақ, балын әкеп жинақтай береді, Франауз зерттеушісі К. Фабр сонаның қалыптасқан инстинктті кұлқын
байқап көрген. Сона өзі шағып, шалажансар етіп тастаған шегірткені інінін, аузына әкеліп қояды да қайтадан бақылауға
кетеді. К, Фабр шегірткені інінен қанша рет алыстатьш қойса, сона оны сонша рет іздеп тауьш алып, інінің ішіне
бағыттап отырған. Бұл — барлық сонаға тән сипат. Қорыта айтқанда, ' бұл мысалдардан инстннкттің шектеулі әрекет
екеніне көз жеткіземіз.
Инстинктті әрекеттің механизмі мынадай: сырткы әсер рефлектор-лық реакция тудырады, ол аяқталған соң келесі
реакцияны тудырып, тұқым қуалап отырған карапайым әрекет қайталанып жүзеге асады. Инстинктті әрекетте тұрақты
жағдай негізгі орын алады. Кейбір инстинкттер бір түрдің барлығына бірдей тән болғаны-мен, оның әрқайсысында
инстинкттің тармақталуы өзгеше болуы мүмкін. Инстинкттің мұндай ерекшелігі өмір сүру жағдайының өзгеруіне қарай
турлердің тіршілік бейнесін сақтап калуды қамтамасыз стеді. Жас жәндіктердің тіршілігін бақылау арқылы инстинктті
әрекеттің таптаурын болған ізімен үйренусіз-ақ өтетінін көруге болады. Инстинкттің дамуына жәндіктердің даралық
тіршіліктерінде туа берілетін бағдарлы меңгеру тәжірибесі әсер етеді. Табиғат зерттеушілердің бақылаулары
жәндіктердін өмір-тіршілігінде көптеген шартты байланыстардың да жасалатынын ашып көрсеткен. Бұл байланыстар әр
түрлі рецепторлар кызметі негізінде жасалады Ал бұлар козғалыс белгілерінің негізінде жасалатын әрекет-қимыл есі,
түр мен түсті көру есі болуы да мүмкін.
Егер бал арасынын, омартасын шығыстан батысқа қарай екі метр жылжытып орналастырсақ, бал жинап оралған
аралар омартаның бұрынғы орнында ауада жиналады. Бірнеше минуттан кейін омартаның жана орнына ұшып барады
Аралар кеңстік белгісіне қарай бағдарлап қозғалады. Тек ол дұрыс болмаған жағдайда көзі көмек-теседі. Жәндіктер
тіршілігінде олардың бағдарлауы ерекше орын алады. Олар өздері қоректенетін гүл формаларының ерекшеліктеріне
байланысты спектрдің, түрлі бөлшектерің әсіресе, көк-жасыл, көк және ультра күлгін түстерді жақсы ажырата алады,
Бақылау нәти- жесінде жәндіктердің шартты байланыстары инстинкт тудыратын белгілерге қарағанда, ұқсас
тітіркендіргіштерде тез жасалатыны анықталды. Мұны дәлелдеу үшін бірнеше банкіге су мен қант ерітіндісі құйылып,
үш және төрт бұрышты ыдыстар жасалған, дөңгелек тесігі бар, жәшікке картиналарды гул турінде орналастырып,
34


тәжірибе жүргізілген. Оларға алты жұлдызшасы бар сурет салынған. Осы тәжірибелерде аралардың үш бұрышты, төрт
бұрышты геометриялық фигураларды ажыратуына қалыптастыру күрделі фигураларды ажыратуына қарағанда
әлдеқайда жеңіл болған. Бір қарағанда таңданарлық жайт болып көрінгенімен, бұл геометриялық фигуралардың аралар
өздері шырын алатын гүлдердің құрылысына ұқсас болатын биологиялық мәніне байланысты., Ганглийлік жүйке жүйесі
бар жәндіктерде уакытша байланыстың тезірек жасалатынын осыдан көруге болады. Уақытша шартты байланыс
инстинкт деңгейінде ғана жасалады.
Инстинкттік құлықты тек буын аяқтылардан ғана емес, омыртқа-лы жануарлар-балық, амфибия, бауыры-мея
жорғалайтындардың және құстар мен сүткоректілердің әрекеттерінен де кездестіреміз. Балықтың колюши деген түрінің
аталығы ұрпағы” қорғау үшін су қоймасынын түбінен шұңқыр қазып, оған ұсак. балдырларды төсеп, қабырғасын,
тебесін ірілеу шөппен бастырьш ұя салады да, оны денесінен белінетін сұйыктықпен желімдейді. Содан соң аналығын
уылдырық шашуға сол ұяға кіргізіп, ұрпағы өсіп шыққанша, өзі ұяны күзетеді. Ұрпағын өсіру, жыныс, ас қорыту, қорғау
инстинкттерінің осындай күрделі түрлері омыртқалылардың көпшілігінде кездеседі. Ортаның өзгерісіне қарай
жәндіктердің құлықтарында да сәл-пәл езгеріетер болады. Құстар балапандарың тастап кетсе, ал сүтқоректілер ұрпағын
жеп қояды. Бұл — қорғаныс икстинкті. Америкада барлық аңдардан қорғануға бейімделген, жүні қоңыр арқасындағы ақ
жолағымен алыстан танылатын екунс деген кішкене аң бар. Ол өз бойынан улы иіс шығарып, жауынан қорғанады. Ең ірі
жыртқыш андар да оның 
(
иісіңен бірнеше сағат бойы есінен танады. Ал өзге аңдар оныа жанына жоламайды, айналып
өтеді. Бұл авды біздің елге әкеліп жерсіндірген. Анды тамақтандырғанда уланып қалмас үшін оның улы иіс бөлетін безін
сылып тастаған. Оның орман ішіне еркіндікке жібергенде, иттер қуып жетіп, жеп қойған, Бұдан кейін скунсты операцня
жасамай-ақ күтудің тәсілін тапқан.
Жануарларда инстинктті реакцня қарапайым стимулдар нәтижесінде пайда болып отырады, Этологтар
жануарлардың инстинкттерін зерттеу мақсатымен бақаға тәжірибе жасаған. Бақа көз алдындағы жәндіктер ұшканда ғана
аулауға талпынады. Шапшаң қозғалатын жәндіктерді ұстап альш қоректенеді. Бұл жайтты анықтау ниетімен жіңішке
жіпке қағаз байлап, бақаның көз алдына апарып қозғасақ ол осы жемді ұстауға секіреді. Сутқоректілер, мысалы, жаңа
туған бұзау да, күшік- те анасының емшегін іздейді. Мұндай әрекет бағдарльг белгіден туады. Күшік жылы жүнді сезеді.
Егер анасының орнына жылы грелканы берсе, онда оның емшекті іздеу реакциясы болмайды. Ал оған жылы жұнді
тақаса, емшек іздей бастайды. Жаңа туған бұзау көзінің алды қараңғыланса, жауап қайтарады. Аузына мүйіз салса, бұзау
ембейді, ал мүйізді оның аузына төбесін қараяғылап барып салса, ол еме бастайды. Бұл — инстинктті әрекет, ол
жәндіктердің, жануарлардың тітіркенгіштерді бейнелеу әсері түрліше болатындығын көрсетеді,
35


Омырткалы жануарлардың бас миы мен жұлыннан құралатын түтік тәрізді жүйке жүйесі тіршілік ортасындағы
заттар мен нәрселерді нақты бейнелей алады. Жоғары сатыдағы жануарлардың әсіресе, сүтқоректілер құлықтарының
дамуы мен қалыптасуы, сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, олардың әсеріне икемделуі әлде-қайда күрделі. Осы
ерекшеліктеріне орай жоғары сатыдағы жануарларда шартты рефлекстер қарапайым жәндіктерге қарағанда неғұрлым
шапшаң жасалады. Уакытша байланыс тудыратын бейнелер: түр, түс, заттын, тұрқы, дыбыс және дәм сапасы. Мұндай
байланыстар баяу өзгереді. Алабұғаның шабақтарды аулауы тәжірибе арқылы зерттелгенде, шартты' рефлекстің тез
жасалатықы анықталған. Экспериментте шабақтар мен алабұға акваркумға салынып, оның ортасы әйнекпен бөлінген де,
бір жағына алабұға, екінші жағына шабақтар жіберілген. Алабұға шабақтарды ұстап жеу үшін ұмтылады да, ортадағы
әйнекке келіп соғылып, кедергіге ұшырайды.. Соның салдарынан алабуғада біртіндеп уақытша байла-ныс жасалады.
Кейін сол кедергі — әйнек алынып тасталса да алабұра шабақтарра шабуыл жасамай, аквариумда бірге жүзіп жүре
берген.
Жанды материядағы бейнелердің келесі бір күрделірек түрі даралық мінез-құлықты, икемді қимыл-қозғалыстарды
өздігінен қалылтастыруға негізделген. Мінез-құлықтың мұндай ерекшеліктері дара жәндіктер психикасындағы талдау
мен біріктіру қасиеттерін ортаның жағдайы мен температураны, нәрселердің түсін, исін ажыратьш бейнелеуге
негізделген. Егер тауықты торға қамап, оның сыртына жем шашып қойса, ол торды түртіп, шоқи береді. Ал одан
жоғарырақ даму сатысында тұрған қарға, сауысқан мұндай жағдайда басқаша әрекет жасайды. Алғашқы сәтсіздіктен соң
кедергіні айна-лып барып шашылған жемді жейді. Бірінші жағдайдағы тауықтың торды шоқуы ннстинктті әрекет болса,
ал екінші жағдайда сүтқоректілердің құлқынан талдау әрекеті айқын байқалады, Жануарлар да жағдайды тұтас
қабылдап, талдап, өзгерген жағдайға бейімделе отырып,

өз құлқын реттейді. Жоғары сатыдағы жануар-ларда инстииктті
құлықпен бірге' даралық өзгергіш құлықтың да көрініс беретіндігін аңғарамыз. Бұл жаауарлардын дағдысы мен даралық
әрекеттеріндегі уақытша байланыстардың (шартты рефлекстердің) нәтяжесі болып саналады.
Дағды — автоматталған әрекет. Жануарлардың дағдысы туа берілген қимыл-қозғалыстар мен кездейсоқ
қозғалыстарды қайталау арқылы қалыптасады. Мысалы, үйретуші адам қоянды барабан соғуға тез жаттықтырады. Бұл -
— әр түрлі қимылдар жасауға баулу. Тоғай ішіндегі барлық қояндар шіріп құлаған ағаш түбірлерін олардың
бұтақтарымен ұрьш, “барабан соғады”. Ал қозғалыстық екінші түріне шынжырлаулы иттің әрекеті мысал болады. (1-
сурет). Тәжірибе былай жүргізіледі: Иттің алдына еркін жете қоймайтындай етіп кесек ет тасталады. Ет жіпке байланған.
Бірнеше әрекет жаса-ған соң ит алдыңғы аяғымен жіпті тартып алып, етті жейді. Бұл тәжірибе сан рет қайталанып,
уақытша байланмс жасалады. Енді келесі жолы иттің алдыңғы аяғы жетпейтіндей кашықтыққа қойылады да ит оған
бірнеше рет ұмтылып, әрекеті нәтижесіз болған соң етті артқы аяғымен тартып алады. Иттің мұндай әрекетінен
36


жануардың қалыптасқан дағдысының өзгеріп отыраты-нын байқаймыз, Соиымен, дағдының кейбір түрлері бір-де
автоматталған инстинктті әрекетке, бірде интеллектті әрекетке жақын болып келеді.
1-сурет Иттің тамақты алып жеу әрекеті 2-сурет Маймыл баласының “анасына” телінуі
37




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет