Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет111/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

б) Зейіннің шоғырлануы
— адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы
оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса шоғырлану
соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетті дәл жә
не
ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек.
Мәселен, алгебрадан есеп шығарып отырған оқушы зейінін тек есептеуге, таңбаларға ғана аудармаса, онда ол есепті
дұрыс шығара алмайды. Зейін шо-шрлануының физиологиялық негізі — қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір
уақытта пайда болатың теріс индукция, Индукция тудыратын-тежелу себебінен ми қабының аз ғана бөлігінде күшті қозу
пайда болады.
в) 
Зейшнің тұрақтылығы 
.деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уакыт бойы шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл
қасиеті жүйке процестерінің күшіне, әдеттерге т, б, жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы — тұрақты зейінге
қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді. Зейіннің толқуын қосарланған кескін су-реттерден байқауға болады.
Егер квадрат салынған суретке бірнеше мннут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына шығып, не артына
кетіп, түбі сияқты болып көрінеді, Сонымен, осы аз ғана мерзім ішінде квадраттардың орналасуы құбылмалы болып
көріне-ді. Бұл тәжірибе-мысал зейіннің толқуына арналған.
39-сурет. 
'Зейіннің ауытқуы.
169


Физиологиялық тұрғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығын мидағы жүйке клеткалары бір тобының ұзақ мерзім
бойы қозуы деуге болады. Жүйке клеткаларыньщ ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оньщ күштілігін байқатады.
Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғары жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.
г)
Зейіннің ауысуы деп
оның бір объектіден екінші объектіге әдейілеп көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуыньщ
толқудан айырмашылығы — оның саналы түрде болатындығын. Аландау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге
көшеді, ал зейінді ауыстыру белгілі максатқа байланысты өзгереді. Іс-әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып,
зейінін бір объектіден басқа объектіге не сол объектінің бір қырынан екінші қырына ауыстырып отырады. Зейіннің бұл
қасиетінің физиологияльш, негізі — қозудың оптималдық ошағының тежеліп, жаңадан жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке
процестерінің қоз-ғалғыштығына — қозу мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты Жүйке процестерінің
баяулығы зейіннін ауысуын қиындатады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Алғашқы сабақта математикадан бақылау жұмысын
орындаған оқушының келесі сабақты бірден бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі де “бақылау
жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарьш таптым ба” деген ойлар тұрады. Зейінді
күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің
қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.
Зейіннід қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді
больш отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет