Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы- мы пән



Pdf көрінісі
бет118/133
Дата03.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#170897
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   133
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
Адамның жан дуннееінің сыры қоршаған ортаға әссрленіп қана қоймай, оның кұпия сырларын танып білуге
ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінід жоғары денгейдеп саналы әрекетін, эстетика-лық талғамы мен адамгершілік-
моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты, Жоғары деңгейдегі сезімдердін ақыл-ой (интеллектік),
эстетикалық және моральдык-адамгершілік дейтін түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі — балалардъщ оқып білім
-алуға, ересектердін, өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындыкты тануға
деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таддану кісіні әрбір нәрсенің құбы- лыстың оқиғаның мән-
жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену
барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырым-дар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе
жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қо-рытып, теориялық пайымдаулар
туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда
болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді.Ақыл-ой сезімі — адамның кез-келген іс-әрекетіндегі
рухтандырушылық манызы зор көңіл-күй.,
Эстетикалық
сезім — объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен
сенімділігін қабылдан, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттаньш, рухани күшін
арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қальштасатын жағдай. Әсемдікті кабылдау туа пайда болмайды.
Әсемдік әлемі адамға өзінің сүлулығымен, табиғн жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп,
адамның мақсат-мүддесіне, рухани қажетілігіне лайықты түрде дамиды.
Эстетикалық сезім — мазмұны мен мән-мағынасы және тұр-снпаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология
эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп оның мінез-құлқына,
дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін
өрістетуші фактор ретінде қарастырады, Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін
тебірелеп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары
түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып
отыруга тәрбиелеу эстетика пәні аркылы жузеге асады.
Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғамнық қойған талабына адамнық өз мінезінің лайық не лайық еместігін
сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. “Мораль” — “морале” деген
француз сезі, Мағынасы —
адамгершілік.
Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның
178


экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы — мұның бәрі
адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады.
Адамгершілік сезімінің принцнпі мен жалпы негізі — белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда
қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершлік
сезімдер — борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдыңдағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның, даралык-
жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен
ұлыстардың, этностардың әкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның өткен
өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен
коғамдың іс-әре-кет түрлеріне байланысты болып келеді.
Адамның жоғары дейгейдегі сезімдерінін қальштасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына дегең
жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екшшіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың
қамқорлығына орай өрістейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет