Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»



бет40/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61
Байланысты:
нотариат

ӨСИЕТТІҢ КОНВЕРТІНДЕГІ ЖАЗЫЛЫМ

Екі мың сегізінші жылдың екінші қарашасында осы өсиетті мен, Халелова Захидам Абдуллаевна, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2003 жылдың 21 қаңтарындағы № 0001280 мемлекеттік лицензиясы негізінде әрекет етуші, Талдықорған қаласының нотариусы, куәландырдым. Өсиетті менің көзімше, сондай-ақ куәлар Иванова Мария Петровна мен Семенова Надежда Ивановнаның көзінше Степанова Лариса Степановна өзі құрастырып жазды және өзі қол қойды, хаттысқа салып, өзі желімдеді. Өсиет құрастырудың тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 1050, 1053, 1054, 1069-баптары-ның мазмұнын нотариус өсиет қалдырушы мен куәларға түсіндірді. Өсиет қалдырушының және куәлардың жеке басы анықталды, әрекет қабілеттіліктері тексерілді.


№ ________________ тізілімде тіркелді


Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________


Нотариусқа
1943 жылдың 05 қазанында
Монғолияда туылған, Талдықорған
қаласы, Қазақстан көшесіндегі № 232
үйде тұратын Ахмет Әлиядан


АРЫЗ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың алтыншы ақпаны
Маған, Ахмет Әлияға, 2007 жылдың 22 тамызында қайтыс болған жұбайым Асқар Мұраттан қалған мұралық мүлікті қабылдауға шақырылатыным мәлім болды.
Мен, Талдықорған қаласы, Қазақстан көшесіндегі № 232 үйде тұрған, қайтыс болған жұбайым Асқар Мұраттан қалған мұралық мүліктегі өз үлесімнен 1974 жылдың 20 қыркүйегінде Монғолияда туылған, Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, № 1 «а» үйдегі 58 пәтерде тұратын мұра қалдырушының қызы Асқар Айгүлдің пайдасына бас тартамын.
Мұраға қалған мүлікті бөлу немесе оған билік ету мақсатымен ешқандай әрекеттер жасаған жоқпын, маған мұрагерлік құқық туралы куәлік алу мақсатымен арыздар берген жоқпын. Осы арыздың мәтінін өзім оқыдым, оның мазмұны менің шын мәнінде көздеген пиғылдарыма сәйкес келеді. Мұрадағы үлестен бас тарту туралы арызды кейіннен жоюға немесе оны қайтарып алуға болмайтынын, осы нотариаттық әрекеттің құқықтық салдарын, осы арызды мұра ашылған жердегі нотариусқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1072-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде тапсыру қажет екені туралы нотариус маған түсіндірді және ескертті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет