Қазақстан Республикасы Астана қаласы
Екі мың сегізінші жылдың бесінші мамыры
Біз, 1980 жылдың 14 маусымында Павлодар қаласында туылған, Астана қаласы, 2 шағын ауданы, 3 үй, № 5 пәтерінің тұрғыны Омаров Асан Маратұлы, «бірінші тарап» деп аталатын және 1977 жылдың 10 шілдесінде Алматы қаласында туылған, Астана қаласы, 1 шағын ауданы, 1 үй, № 21 пәтерінің тұрғыны Оспанова Айгүл Болатқызы, «екінші тарап» деп аталатын, төмендегі мазмұндағы шарт жасастық.
1. Мен, Омаров Асан Маратұлы, маған жеке меншік ретінде тиесілі ВАЗ-21102 маркалы, 2000 жылы шығарылған, қозғалтқышы 02553646, шанағы ХТЯ 211020223, мемлекеттік нөмірі Н 535 РУМ өз көлігімді, Оспанова Айгүл Болатқызына тиесілі Астана қаласы, Тепловозная көшесі, № 545 телімінде орналасқан, көлемі 0,1 га жеке тұрғын үй салу үшін берілген жер теліміне айырбастаймын.
2. Айырбас нәтижесінде А.М. Омаровтың жеке меншігіне Астана қаласы, Тепловозная көшесі, № 545 телімінде орналасқан, көлемі 0,1 га жер телімі (тараптар бір миллион теңгеге бағалаған) өтеді; А.Б. Оспанованың жеке меншігіне тиесілі ВАЗ-21102 маркалы, 2000 жылы шығарылған, қозғалтқышы 02553646, шанағы ХТЯ 211020223, мемлекеттік нөмері Н 535 РУМ көлік (тараптар бір миллион теңгеге бағалаған) өтеді.
3. Айырбасталатын көлік «бірінші тарап» А.М. Омаровқа 2000 жылдың 05 ақпанында Астана қаласында IIБ ЖНБ ТНБ берген ТС № Н 0000432 тіркеу куәлігі негізінде тиесілі, жер телімі «екінші тарап» А.Б. Оспановаға 2006 жылдың 08 маусымында Астана қаласының нотариусы Д.Т. Асханова куәландырған сатып алу-сату шарты жеке меншік құқығы, 2008 жылдың 05 маусымында АН № 000289 Астана қаласының Жер қатынастары және Жерді пайдалану жөніндегі комитетінде берілген мемлекеттік актісінің, 2008 жылдың 05 мамырында № 21/014/30059 Астана қаласының Әділет депертаментінде берілген анықтама негізінде тиесілі.
4. Осы айырбастау шарты қосымша ақы төлеусіз жүргізілді.
5. Осы шарт жасалғанға дейін айырбасталатын автокөлік және жер телімі ешкімге күні бұрын сатылмаған, кепілдемеге берілмеген, даулы және тыйым салынған (заң орындары құлыптаған) емес.
6. Осы шарттың ерекше жағдайлары: қарастырылған жоқ.
7. Осы шартты жасау шығындарын тараптар тең үлеспен төлейді.
8. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 501, 502, 503, 504, 505-баптарының мазмұндары жөнінде нотариус тарапынан екі жаққа түсініктеме берілді.
9. Осы шарт үш данада басылып, бір данасы Астана қаласының нотариусы Б.Л. Мұқанованың іс-құжатында сақталады, қалған екі дана тараптарға беріледі.
10. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт жылжымайтын мүлік тұрған орны бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Жол полициясында тіркеуге жатады.
Қолдары: __________________________________________________________
__________________________________________________________
2008 жылдың 05 мамырында осы шартты мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 12 желтоқ-санында берілген № 0001203 лицензия негізінде қызмет етуші, Астана қаласының нотариусы Б.Л. Мұқанова, куәландырдым.
Осы шартқа тараптар менің көзімше қол қойды. Тараптардың жеке басы, олардың әрекетке қабілеттілігі және айырбасталатын көліктың иесі Омаров Асан Маратұлы, жер телімінің иесі Оспанова Айгүл Болатқызы екендері тексерілді.
№ ________________ тізілімде тіркелді
Нотариусқа____________ теңге төленді
Нотариус _________________________
Достарыңызбен бөлісу: |