Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың жетінші жылдың жиырма бірінші маусымы
Біз, 2007 жылдың 21 мамырында Талдықорған қаласының нотариусы З.А. Халелова (мемлекеттік лицензиясының нөмірі 0001280 2003 жылдың 21 қаңтарында берілген) 3957 нөмірлі тізілімде тіркеп куәландырған сенімхат негізінде Кешубай Тұрсынбектің атынан әрекет етуші, 1963 жылдың 01 маусымында ҚХР-да туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Вострецова көшесі,
№ 12 үйдегі 91 - пәтерде тұратын, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын ҚХР азаматы Нұрмұхамет Сайполла, бір тараптан және 1954 жылдың 10 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысында туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Вострецова көшесі,
№ 12 үйдегі 90 пәтерде тұратын, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын азамат Набиев Бақытжан, екінші тараптан, төмендегі мазмұнда шарт жасасты:
1. Набиев Бақытжан Кешубай Тұрсынбектен Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, № 27 (жиырма жетінші) үйдегі 23 (жиырма үшінші) пәтерді сатып алды. Сатып алынған пәтер үш бөлмелі, жалпы пайдалы алаңы 63,1 шаршы метр, оның ішінде тұрғын алаңы 46,1 шаршы метр.
2. Жоғарыда аталған пәтер «Сатушының» меншік құқығына 2005 жылдың 16 қарашасында Талдықорған қаласының нотариусы К. Қадырова (2003 жылдың 21 қаңтарында берілген № 0001281 мемлекеттік лицензия бар) 3854 нөмірлі тізілімде тіркеп куәландырған сатып алу-сату шарты негізінде тиесілі. Аталған шарт «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында 2005 жылдың 23 қарашасында тіркелген. Пәтердің кадастрлық нөмірі 03:268:011:056.
3. Тараптардың ауызша мәлімдеуінше жоғарыда аталған пәтер «Сатып алушыға» барлығы 6 050 000 (алты миллион елу мың) теңгеге сатылды, аталған сома «Сатушыға» осы шартқа қол қойылғанға дейін төленді.
4. Алматы облысы Әділет департаментінің 21.06.2007 ж.
№ 2008/16368 жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпа-лықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасына сәйкес осы шарт жасалған кезде сатылып отырған пәтер кепілге салынбаған, оған тыйым салынбаған, сатушының ауызша мәлімдеуінше басқа ешкімге сатылмаған, сыйға тартылмаған және даулы емес.
5. «Сатып алушының» мәлімдеуі бойынша ол жоғарыда аталған пәтерді сатып алған кезде ешкіммен некеде тұрмайды.
6. Осы шартты рәсімдеу үшін шығатын шығындарды «Сатып алушы» көтереді.
7. Тараптар шарттың мазмұнымен өздері оқу арқылы танысты және өз еріктерімен аталған мазмұндағы шартты жасауға ерік білдіріп отыр. Нотариус тараптарға осы мәміленің мәні мен құқықтық салдарын, Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Заңының 33-бабының мәнін түсіндірді.
8. Шарт заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрастырылды, оның біреуі – жеке нотариус З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары «Тараптарға» беріледі.
9. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 155-бабына сәйкес осы шарт құзыретті мемлекеттік тіркеуші органдарда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы».
Достарыңызбен бөлісу: |