РЕНТА ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Астана қаласы
Екі мың сегізінші жылдың екінші мамыры
Біз, 1928 жылдың 21 ақпанында Ақмола облысында туылған, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2 үй, 13 пәтердің тұрғыны азамат Ыбыраев Серік Ыбырайұлы және 1955 жылдың 23 наурызында Ақмола облысында туылған, Астана қаласы, 1 шағын аудан, 23 үй, 45 пәтердің тұрғыны Есенов Болат Есенұлы, төмендегі мазмұндағы шартты жасастық:
1. Ыбыраев Серік Ыбырайұлы Есенов Болат Есенұлының меншігіне Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2 үйдегі № 13 пә-терді тегін береді, ал Есенов Болат Есенұлы азамат Ыбыраев Серік Ыбрайұлын өмір бойы асырауды іске асыруға міндеттеме алады.
2. Көрсетілген пәтер Ыбыраев Серік Ыбрайұлына 1993 жылдың 18 маусымдағы № 678 жекешелендіру шарты бойынша тиесілі, ол 2002 жылдың 02 мамыр № 2002/2/1015 құқықтық кадастрдың тіркеу парағының көшірмесімен расталады.
3. Көрсетілген пәтер жалпы алаңы 31,3 шаршы метр, соның ішінде тұрғын алаңы 18,4 шаршы метр, бір бөлмеден, ас үйден, дәлізден, санитарлық тораптан тұрады. Тараптар пәтерді 570 000 (бес жүз жетпіс мың) теңгеге бағалайды.
4. Тараптардың келісімі бойынша С. Ыбыраевты өмір бойы тегін асырау жөніндегі міндеттемелер құрамына мыналар енеді:
берілетін пәтерде өмір бойы тұру құқығын сақтап, тұрғын үймен қамтамасыз ету;
азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз ету;
денсаулығына байланысты бағып-қағу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
әртүрлі тұрмыстық қызметтер көрсету;
жерлеумен байланысты жоралық қызметтерді төлеу.
Өмір бойы асырау құнының айлық көлемін тараптар екі айлық ең төменгі еңбекақы көлемінде белгіледі.
Осы шарт нәтижесінде оны Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта тіркелген сәттен бастап Б.Е. Есенов жоғарыда көрсетіл-ген пәтерге меншік құқығына ие болады, сонан соң жылжымайтын мүлікке салық төлеу, пәтерді жөндеу және ұстау, коммуналдық қызметке төлемдер бойынша міндеттеме алады.
Б.Е. Есенов осы шарт бойынша пәтер кездейсоқ жойылған жағдайда да өзіне қабылдаған міндеттемелерді артады. Пәтерді сату, кепілге беру және басқа да әрекеттер тек С.Ы. Ыбыраевтың келісімімен ғана мүмкін.
Көрсетілген пәтер осы сәтке дейін сатылмаған, кепілдікке салынбаған, даулы емес және тыйым салынбаған, ол Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың С.Ы. Ыбыра-евқа берген анықтамасымен расталады.
Өмір бойы асырау жөніндегі міндеттеме рента алушының қайтыс болуымен тоқталады.
Б.Е. Есеновтың өзіне алған міндеттемелерін елеулі бұзған жағдайда С.Ы. Ыбыраев пәтерді қайтаруды немесе сатып алу құнын төлеуді талап етуге құқылы.
10. Осы шарт Б.Е. Есеновтың әйелі А.Т. Есенованың келі-сімімен жасалды.
11. Осы шартты жасау шығынын Б.Е. Есенов төлейді.
12. Осы шарт үш данада жасалған, оның бір данасы нотариус-тың істерінде сақталады және тараптарға бір-бір данадан беріледі.
13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 155 -бабына сәйкес осы шарт Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта тіркелуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |