ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың жетінші жылдың он екінші қарашасы
Біз, Алматы облысында 1964 жылдың 12 қазанында туылған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тимирязев көшесі, 20 үйдің тұрғыны, Нүсипбеков Дәулетбай Ибраимович, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, бірінші тарап және Алматы облысында 1962 жылдың 12 наурызында туылған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 14 үйдің тұрғыны, Асқаров Мұрат Маратович, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын, екінші тарап, төмендегі мазмұнда шарт жасастық:
1. «Сатушы» осы шарт бойынша «ЫРЫС-TRADE» ЖШС жарғылық капиталының 50% үлесін сатты, ал «Сатып алушы» сатып алды.
2. Жарғылық капиталдың көрсетілген үлесі 230 000 (екі жүз отыз мың) теңгеге тараптармен бағаланды және сатылды.
3. «Сатып алушы» осы шарт жасалғанға дейін «ЫРЫС-TRADE» ЖШС қызметінің сипаты мен істерінің қаржылық ахуалы туралы тиісті тұрғыда хабардар етілді.
4. «ЫРЫС-TRADE» ЖШС жарғылық капиталының иеліктен шеттетілетін үлесінің иелігінде екендігі Алматы облысының Әділет басқармасында 2001 жылдың 02 ақпанында № ЕС-44408 болып тіркелген Жарғының негізінде анықталады.
5. «Сатушы» «ЫРЫС-TRADE» ЖШС жарғылық капиталы-ның көрсетілген үлесінің осы шарттың жасалу сәтіне ешкімге сатылмағанына, сыйға тартылмағанына, кепілге салынбағанына, таласта және даулы еместігіне кепілдік береді.
6. Осы шартқа қол қойылғаннан кейін бір айдың ішінде «ЫРЫС-TRADE» ЖШС Алматы облысының Әділет басқармасында қайта тіркелуге жатады.
7. Осы шартты рәсімдеу үшін шығатын шығындарды толығымен «Сатып алушы» көтереді.
8. Осы шарт үш данада басылды, бір данасы нотариус
З.А. Халелованың іс қағаздарында, бір данасы «Сатушыға», бір данасы «Сатып алушыға» беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |