СергеевСергей Сергеевичтің жеке меншігіне:
«Жигули» маркалы автокөлік құралы, депозитте сақтаулы ақшалай салымның 1 900 000 (бір миллион тоғыз жүз мың) теңгесі ауысады.
Литвинова Мария Кириловнаның жеке меншігіне:
үйдегі жиһаз және тұрмыстық заттармен қоса, Талдықорған қаласы, Рүстембеков көшесіндегі № 15 (он бесінші) тұрғын үй жер телімімен, және депозитте сақтаулы ақшалай салымның 900 000 (тоғыз жүз мың) теңгесі ауысады.
4. Литвинова Мария Кирилловна екі мың сегізінші жылдың бірінші қарашасына дейін депозите сақтаулы ақшалай салымның бір миллион тоғыз жүз мың теңгесін Сергеев Сергей Сергеевичке депозиттен алып беруге міндеттенеді.
5. Осы келісім Литвинова Мария Кириловна өзінің келісімнің 4-ші бабында көрсетілген міндеттемесін толығымен орындаған соң заңды күшіне енеді. Міндеттеменің толық орындалғаны Сергеев Сергей Сергеевичтің депозиттегі ақшадан өз үлесін алғаны туралы қолхатпен расталады.
6. Осы келісім заңды күшіне енгеннен соң тараптар осы келісім бойынша жеке меншіктеріне ауысқан мүлікке, некелері бұзылмаса да, екінші тараптың келісімінсіз билік етуге, өз мүліктеріне қатысты заңмен рұқсат етілген кез-келген мәмілелерді жасауға құқылы.
7. Осы келісім жасалғанға дейін жоғарыда аталған тұрғын үй жер телімімен, автокөлік құралы және депозиттегі ақшалай салым кепілге салынбаған, оларға тыйым салынбаған, тараптардың ауызша мәлімдеуінше басқа ешкімге сатылмаған, сыйға тартылмаған және даулы емес.
8. Осы келісімді рәсімдеу үшін шығатын шығындарды тараптар тең үлеспен төлейді.
9. Тараптар келісімнің мәтінін өздері оқыды және өз еріктерімен аталған мазмұндағы келісім жасауды ұйғарып отыр. Нотариус тараптарға осы мәміленің мәні мен құқықтық салдарын, Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Заңының 33 бабының мазмұнын түсіндірді.
10. Келісім заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрасты-рылды, оның біреуі - жеке нотариус З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары тараптарға беріледі.
11. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодесінің 155-бабына сәйкес осы келісім құзыретті мемлекеттік тіркеуші органдарда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-бабында белгіленген мерзімде міндетті тіркеуге жатады.