Рылды. Олар: Семей



Дата07.02.2022
өлшемі17,8 Kb.
#93795
түріҚұрамы
Байланысты:
тарихдокмат текст


1867–1868 жəне 1886–1891 жылдарда өткізілген реформалардың нəтижесінде жаңа басқару жүйесі бір ретке келтірілді. Алты облыс құрылды. Олар: Семей (құрамында Семей, Өскемен, Зайсан, Павлодар уездері бар), Ақмола (құрамында Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы уездері бар), Торғай (құрамында Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері бар), Орал (құрамында Орал, Гурьев, Лбещинск, Темір уездері бар), Семиреченский – (Жетісу – құрамында Лепсі, Қапал, Жаркент, Верный уездері бар) жəне Сырдария (құрамында Əулиеата, Шелек, Қазалы жəне Перовск уездері бар). Ал Маңғыстау уезі Закаспий облысының, Ішкі орда – Астрахань губерниясының құрамына енгізілді. Ресейдің құрамындағы облыстар мен қалалардың барлығының елтаңбалары тəртіп бойынша жасалып, рəсімделіп отырған. Ресей империясының Заңдар жинағында қазақ жеріне қатысты алты облыстың (Ақмола, Семей, Жетісу (Семиреченская деп жазылған), Сырдария, Торғай, Орал) жəне бес қаланың Верный (Алматы), Петропавл, Семей, Торғай, Орал) рəміздерінің суреттері мен сипаттамалары берілген. Бұған қоса 16 уездік жəне округтік қаланың (Ақмола, Ақтөбе, Əулиеата (Тараз), Гурьев (Ақтау), Жаркент (Панфилов), Ырғыз (Чергизь, Қазалы, Қарқаралы, Көкшетау, Қапал, Қостанай, Лепсі, Павлодар, Перовск (Қызылорда), Өскемен, Шымкент) елтаңбалары бар екендігі белгілі. Бірақ олар Ресей империясының Заңдар жинағына енгізілмеген. Бұл елтаңбалардың арасындағы ең алғаш жасалғаны һəм принципті ерекшелігі бары – Қызылжар (Петропавл) қаласының елтаңбасы. Ол 1842 жылғы 7 қыркүйекте бекітілген. Бұл 101 тұста Қызылжар – Тобыл губерниясының Ақмола облысындағы уезд орталықтарының бірі еді. Сондықтан əдеттегідей көлденеңнен тең бөлінген қалқанның (щит)жоғарғы бөлігін Тобыл губерниясының жаңа елтаңбасының суреті алып жатыр. Ол – көктүсті кеңістікке салынған алтын пирамиданың бейнесі, жан-жағына тулар қойылған. Елтаңбаның басқалардікінен түбегейлі ерекшелігі де тап осында жатыр. Кейінгілерде мұндай бөлініс жоқ. Елтаңбаның негізгі бейнесінің айналасын патша тəжімен, алтын түсті пальма жапырақтарымен жəне Александр лентасымен көркемдеу дəстүрге енді. Петропавл (Қызылжар) қаласы елтаңбасының өзіне тəн бөлігінде – үстіне жүк тиелген түйе жетектеп, жар жағалап келе жатқан қолында таяғы бар, басына бөрік киген қазақ (азиат) бейнеленген. Мұнда қала орналасқан жердің ерекшелігі, оның ежелгі тұрғындары жəне олардың кəсібі дəл көрініс тапқан). Жалпы, мұқият зер салып, зерттеген жағдайда қалалар мен аумақтық бөліністер елтаңбаларынан ел мен жер тарихына қатысты тың деректер жинауға болады. Осы орайда 1785 жылғы 17 наурызда бекітілген Омбы қаласының елтаңбасы назар аударарлық. Ол кезде қала – Тобыл наместничествосына қарайтын Ақмола облысының орталығы. Тең бөлінген темір қалқанның жоғарғы жағында, əлі өзгермеген дəстүр бойынша, Тобыл наместничествосының жаңа елтаңбасының суреті салынса, төменгі жағында – тек шекаралық белгі бейнеленген. Ол Омбы қаласының қазақтарға қарсы ең басты қамал екендігін білдіреді. 102 Верный (Алматы), Орал, Семей жəне Торғай қалаларының елтаңбалары 1878 жылғы 1 шілдедегі патша жарлығымен қабылданған. Төртеуінің де сыртқы нысаны ұқсас. Жоғарғы жағынан – патша тəжімен, айнала – алтын түсті емен жапырақтарымен жəне Александр лентасымен көмкерілген. Негізгі белгілері – əр алуан, əрине. Жетісу (Семиреченский) облысының орталығы болған Алматы (Верный) қаласының елтаңбасының бас жағындағы үштен бір бөлігіне Ресей мемлекеттігінің негізгі рəмізі – екі басты бүркіт бейнесі орналастырылған, ал қалған үштен екі бөлігін төңкерілген, яғни төмен қаратылған жарты ай суреті алып жатыр. Мұнда Ресей мұсылмандары тұрады дегенді білдіреді. Бұл – саяси сипаты басым елтаңбалар қатарына жататын рəмізОрал қаласының елтаңбасында жергілікті жердің географиялық жағдайы, онда тұратын тұрғылықты жұрт, олардың Қызылжар (Петропавл) қаласының елтаңбасы Тобыл қаласының елтаңбасы 103 ұлты, діні мен негізгі кəсібі туралы деректер беретін бейнелер салынған. Олар – қатар үш тау, олардың төбесіндегі алтын булава (ортада), тұғырының ұшарбасында ай бейнелі алтын түсті қылқұйрық тулар, толқын қуған күміс балық суреттері. Бəрінің астарында – елтаңбаның негізгі түсін, реңін айқындайтын жасыл бояуТорғай қаласының елтаңбасы қарапайымдылығымен, нақтылығымен көзге түседі. Екі белгі бар: теріс қаратылып салынған жылқының екі басы жəне солардың ортасында, өзара көлбеу айқастырылып, тік қойылған қос найза. Жүйрік мініп, жауын жеңіп, ен далада еркін өмір сүрген халқымыздың рухына жақын рəміз. Семей қаласының рəмізі де осы сипатты. Тек онда негізгі белгілер ретінде түйе, шалқалаған ай жəне бес бұрышты жұлдыз суреттері алынған. Бір назар аударатын жағдай – Верный (Алматы), Семей, Торғай жəне Орал қалаларының елтаңбалары тиісінше Жетісу (Семиреченский), Семей, Торғай жəне Орал облыстарының елтаңбаларымен бірдей болған. Осыған қарап Ақмола (қазір Астана) қаласының елтаңбасы да Ақмола облысынікіне ұқсас болуға тиіс деуге болады. Бірақ ол Ресей империясының Заңдар жинағына енбегендігін жоғар Ақмола облысының елтаңбасы облыс орталығы Омбы қаласынікіне мүлдем ұқсамайды. Жасыл түсті, ортасына қос мұнарасы бар күмбезді күміс ескерткіштің жəне тік жарты айдың суреттері салынған. Ақмола атауының «Белая могила» деген аудармасына орай ойластырылғаны «мен мұндалап-ақ» тұр. Негізгі бейненің, қорған (крепость) емес күмбезді ескерткіш екені елтаңбаның түпнұсқа мəтіндегі сипаттамада да айқын айтылған. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның оңтүстік өңірінің көп бөлігі Сырдария облысының құрамында болғаны белгілі. Мысалы, өз елтаңбалары болған Əулиеата (қазір Тараз), Қазалы, Қапал, Перовск (Қызылорда) жəне Шымкент қалалары уезд, округ орталықтары ретінде осы Сырдария облысына қарайтын. Сырдария облысының елтаңбасында төл табиғат нəші, табиғи құнар (колорит) көбірек орын алатыны байқалады. Негізгі сурет – өзеннің екі жағын бойлата орналастырылған қос жүзім жапырағы. «Сулы жер – нулы» деген мағынаны беруге саятындай. Əрі қысқа, əрі айтары жеткілікті образ. Қасиетті Сыр бойы мен жер жəннəті Жетісу өңіріндегі ел өмірінің өзегі нəр мен жеміске негізделіп жасалған.. Кезінде қазақ жерінің едəуір бөлігі құрамына кірген Орынбор губерниясының елтаңбасында да (1856 жылғы 8 желтоқсанда бекітілген) жарты ай мен Жайық өзені бейнеленген.. Кейінірек Қазақстан астанасы болған Орынбор қаласының елтаңбасы губерниялық рəмізге ұқсамайды жəне одан көп бұрын – 1782 жылғы 6 маусымда бекітілген. Оның негізгі белгісі – қасиетті кең дала жəне сол даланың төсінде тулап ағып жатқан жайсаң өзен. Қазақ таңбалары мен еуропалық үлгідегі елтаңбалардың арасында көп айырмашылық бар екені белгілі. Ол олардың түріне де, құрылымына да қатысты. Бұл өзгешелікті далалық өркениет пен Еуразия көшпелілері мəдениетінің төл болмысының даралығына байланысты деген байлам жасау орынды. Көшпелілердің ойлау жүйесіндегі, өмір салтындағы жəне іс-қимылындағы прагматизм тіршілік көлденең тартқ


Осы орайда XX ғасырдың басында Алаш мемлекетін құруға талпынған ардақтарымыздың төл рəміз іздеген кездегі ойларын атай кеткен жөн. Сол тұста (1918 ж.) А. Байтұрсынов шығарған «Қазақ» газеті редакциялық «Орда гербі (таңбасы)» деген байқауға шақырған мақалада,: «Əр мемлекеттің, əр Сырдария облысының елтаңбасы 108 губерния һəм облыстың өзінің арнаулы гербі бар.Таңбасына қарай қай елдің аты екенін тануға болады, гербіне қарай қай мемлекеттің нəрсесі екенін білуге болады. Елдің ру таңбасында қандай мағына болса, гербте де сондай мағына бар» деп жазды. «Алаш мемлекетіне Орда деп ат қойылған соң гербінде орда суреті болуы лайықтығында дау болмаса керек, – деп жазады одан əрі газет. – ... Ойы, қолы шебер азаматтар Алаш гербінің қалай еткенде ұнамды болу жағын ойласып, герб жобасын жасап, көптің яки айырықша комиссияның сынына салса екен. Əрі əдемілік, əрі мағыналық жағынан ең ұнамдысы таңдалынып алынар еді». («Қазақ газеті» (құраст. Ү. Сұбханбердина, С. Дəуітов, Қ. Сахов). Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1998, 423-бет)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет