Қазақстан Республикасы Алматы қаласы
Екі мың сегізінші жылдың жетінші ақпаны
Біз, 04.03.1967 жылы Алматы қаласында туылған, Алматы қаласы, 4 Линия көшесі, 16 үйдің 186 пәтерінде тұратын Кирилов Юрий Гаврилович және 03.12.1970 жылы Алматы қаласында туылған, Алматы қаласы, 4 Линия көшесі, 16 үйдің 186 пәтерде тұратын Кирилова Ольга Георгиевна, некеге тұру ниетiнде, осы шартпен некеге тұру сәтiне және осы шартта арнайы айтылған басқа жағдайларда мүлiктiк қарым-қатынастарымызды реттеу туралы төмендегідей келісім шартын жасастық:
1. Осы шартқа қол қойылған сәттен бастап ерлі-зайыптылар жинаған және сатып алған барлық жылжымалы, жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынған болса соның жеке меншігі болып табылады.
Кирилова Ольга Георгиевнаның жеке кәсіпкерлік қызметінен алатын табыстары мен мүлкі оның жеке меншігі болып табылады.
2. Бiз, Кирилов Юрий Гаврилович және Кирилова Ольга Георгиевна, некеге тұруымызбен, ерлi-зайыптылардың бiрiнiң еңбекке жарамсыздығы жағдайында бiрiмiздi-бiрiмiз материалдық қолдауға мiндеттенемiз.
3. Бiз, Кирилов Юрий Гаврилович және Кирилова Ольга Георгиевна, балаларымыздың туған жағдайында өзiмiздiң балала-рымызды тәрбиелеу жөнiнде тең құқықтармыз мен мiндеттерiмiз болады.
4. Тараптармен некенi бұзған жағдайында, балалардан бөлек тұратын ерлi-зайыптылардың бiрi, оларды тәрбиелеуге қатысуға мiндеттi, олармен қарым-қатынас жасауға құқылы.
5. Тараптар меншiкпен тараптардың өзара келiсiмi бойынша билiк етедi.
6. Некенiң бұзылған және мүлiктiң бөлiнген жағдайында ерлi-зайыптылар некеге тұрғанға дейiнгi сатып алынған жеке меншiкке талаптар қоймайды.
7. Осы шарт 3 (үш) данада жасалды, оның біреу жеке нотариус А.А. Ахметованың іс қағаздарында сақталады, шарттың бір-бір данасы тараптарға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |