Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»



бет48/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
нотариат

ӨМІР БОЙЫ АСЫРАУДА ҰСТАУ ШАРТЫ
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған қаласы
Екі мың сегізінші жылдың он төртінші қазаны

Біз, 1935 жылдың 15 қазанында Қостанай облысында туыл-ған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Пушкин көшесіндегі 90 үйде тұратын Хохлова Арина Михайловна, бұдан әрі «Рента алушы» деп аталатын, бірінші тарап және 1973 жылдың 03 маусымында Жамбыл облысында туылған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Агропромышленник» саяжайы, Хуторская көшесіндегі № 5 үйде тұратын Ережепов Данияр Мұсабекұлы, бұдан әрі «Рента төлеуші» деп аталатын, екінші тарап, төмендегі мазмұнда шарт жасастық:


1. «Рента алушы» өзінің меншік құқығына тиесілі Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Хуторская көшінде орналасқан № 4 үйдегі 25 (жиырма бесінші) пәтерін «Рента төлеушінің» меншігіне береді, ал «Рента төлеуші» «Рента алушыны» өмір бойы асырауда ұстауға міндеттенеді. Аталған пәтер төрт тұрғын бөлмелі, жалпы пайдалы алаңы 91,5 шаршы метр, оның ішінде тұрғын пайдалы алаңы 61,0 шаршы метр. Пәтердің кадастрлық нөмірі ВО 03:268:919:263.
2. Жоғарыда аталған пәтер «Рента алушының» жеке меншік құқығына: Талдықорған қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті жариялау жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 14 тамыздағы № 351 мүлікті жариялау туралы шешімі негізінде тиесілі. Жоғарыда аталған шешім Алматы облысының Әділет департаментінде
2007 жылдың 27 қыркүйегінде тіркелген.
3. Тараптар өзара келісу арқылы жоғарыда аталған жылжы-майтын мүлікті 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңгеге бағалады.
4. «Рента төлеуші» «Рента алушыны» өмір бойы асырауда ұстауға және бұл мақсатпен «Рента алушыны» ай сайын жалпы құны заңмен белгіленген бес еселенген ең аз төменгі еңбекақы мөлшерінде тамақтандырумен, киім-кешекпен, дәрі-дәрмекпен, қажетті көмекпен қамтамасыз етуге, оның ішінде - күн сайын кем дегенде бір рет ыстық тамақ әзірлеп беруге, аптасына кем дегенде бір рет үйді жинап жууға, айына кем дегенде екі рет киім-кешек пен төсек-орын жабдықтарын жуып отыруға міндеттенеді.
5. «Рента алушының» осы мәміленің 1-тармағында аталып көрсетілген пәтерде ғұмыр бойы тегін тұруға құқығы бар.
6. «Рента төлеуші» «Рента алушы» қайтыс болған жағдайда жалпы сомасы ол қайтыс болған кездегі заңмен белгіленген кем дегенде елу еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінде жерлеу рәсімінің шығындарын өтеуге міндетті.
7. «Рента төлеуші» өз меншігіне берілген пәтерді тек «Рента алушының» алдын-ала берген келісімімен ғана бөтеннің иелігіне бере алады, кепілге сала алады немесе басқа тәсілдермен пәтерге ауыртпашылықтар жүктей алады.
8. «Рента төлеуші» осы шарттың қолдану мерзімі шеңберінде өзіне берілген пәтердің құнының төмендеуіне жол бермейтін қажетті шараларды жүзеге асырып отыруы тиіс. Бұл мақсатта ол жоғарыда көрсетілген пәтерді санитарлық талаптарға сай тазалықта ұстауға, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң қадағалауға, пәтерге қажетті ағымдағы және күрделі жөндеу жасауға.
9. Осы шарт бойынша «Рента төлеушінің» меншігіне берілетін пәтерде ешкім тіркелмеген, қолданыстағы заңдарға сәйкес рентаға берілген пәтерді пайдалану құқығы сақталатын басқа тұлғалар жоқ.
10. «Рента алушы» нотариусқа рентаға берілетін пәтерден өз үлесін талап ететін жұбайының жоқ екендігі туралы өтініш берді. «Рента төлеуші» аталған өтінішпен танысты. «Рента төлеушінің» жұбайы Сидорова Нина Петровна пәтерді осы шартта белгіленген жағдайларға сәйкес рентаға алуға келісім берді.
11. Алматы облысы Әділет департаментінің 2008 жылдың
14 қазанындағы № 2008/14523 анықтамасына сәйкес рентаға беріліп отырған пәтер осы шарт жасалғанға дейін ешкімге сатылмаған, кепілге салынбаған, оған тыйым салынбаған, даулы емес.
12. «Рента төлеуші» рентаға берілген пәтерге осы шартқа қол қойылған күннен бастап он күннің ішінде көшіп келіп, қоныстанады.
13. «Рента төлеушінің» рентаға алынған пәтерге деген меншік құқығы осы шарт құзыретті мемлекеттік тіркеуші органдарда тіркелген уақыттан бастап пайда болады. Осы шарт мемлекеттік тіркеуге алынған уақыттан бастап жасалды деп саналады.
14. «Рента алушы» қайтыс болған уақыттан бастап «Рента төлеушінің» осы шарттың 6-тармағында көрсетілген міндеті орындалған соң, оның ренталық міндеті тоқталды деп саналады.
15. Осы шарттың жағдайларын өзгерту және шартты бұзу тараптардың өзара келісуі арқылы жүзеге асырылады, тараптардың біреуі шарттың жағдайларын өзгертуге немесе шартты бұзуға келіспесе, онда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.
16. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 537, 538, 539-баптарының мазмұны тараптарға түсіндірілді, осы шарттың құқықтық салдары шартқа қатысушы тараптарға мәлім.
17. Тараптар нотариустың көзінше өздерінің әрекетке қабілетті екенін, осы шартты мәнін түсінуге кедергі жасайтын аурулармен ауырмайтынын, өзіне өте тиімсіз жағдайлармен осы шартты жасауға мәжбүр ететін мән-жайлардың жоқ екенін мәлімдеді.
18. Осы шартты рәсімдеу үшін шығатын шығындарды толығымен «Рента төлеуші» төлейді.
19. Шарт заңдылық күші бірдей үш дана етіп құрастырылды, оның біреуі - жеке нотариус З.А. Халелованың іс қағаздарында сақталады, ал қалған даналары тараптарға беріледі.
20. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодесінің 155-бабына сәйкес осы шарт құзыретті мемлекеттік тіркеуші органдарда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-бабында белгіленген мерзімде міндетті тіркеуге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет