Алгебра. 8 сынып Сабақ мақсаты
Дата 25.12.2016 өлшемі 11,65 Kb. #5220 түрі Сабақ
Сабақ мақсаты: Біліктілік: Квадраттық теңдеулерді формула көмегімен шығаруды үйрету, толымсыз квадраттық теңдеулер туралы алған білімдерін бекіту. Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту , ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді , айтылған ойды дәлелдеуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушылардың алгебра пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу. “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыныптағы диалогтік әңгіме”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. Ұйымдастыру кезеңі Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындықтарын түсіндіремін. Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіремін. Мұғаліммен сәлемдеседі. Психологиялық тренинг: ”Жүректенжүрекке” Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты. Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады. Түрлі түсті қағаздарды алып сол бойынша топ құрып орындарына отырады. Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шығады. Оны тақтаға шығып А1 форматтағы қағазға жазады Сабақтың түрі : Қайталау Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта, үлестірме картотекалар, сұрақ жауаптар, жеке, логикалық тапсырмалар. Сабақтың барысы: Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не? Қандай түрлері бар? 2. Квадрат теңдеу дегеніміз не? Квадрат теңдеуді шешу тәсілдерін ата. 3. Квадрат теңдеу қандай формуламен шешіледі? 4. Виет теоремасын түсіндір. Есеп №1 Есеп №2 Түбір лердің көбейтіндісі
Тест тапсырмалары 1)Теңдеуді шешіңіз 4x2 -9=0 А) 0; 1,5. В) -1,5; 1,5. С) -1,5; 0. D) 0. Е) 1,5. 2)Теңдеуді шешіңіз 5x2 +6=0 А) 0; 1,2. В) -1,2; 1,2. С) -1,2; 0. D) 0. Е) -1,2. 3)Теңдеуді шешіңіз 2x2 =0 А) 0; 2. В) -2; 2. С) -2; 0. D) 0. Е) 2. 4)Теңдеуді шешіңіз x2 -7x+6=0 А) 0; 2. В) -2; 2. С) -2; 0. D) 0. Е) 2. 5)Теңдеуді шешіңіз x2 -2x+1=0 А) 1. В) -1; 0. С) -1; 1. D) -1. Е) 0. 6)Теңдеуді шешіңіз 5x2 -x+1=0 А) -1; 0. В) Түбірлері жоқ. С) 1. D) -1. Е) 0. Жігер Күдердің немересі. Мирас Күдердің немересі емес. Жалғас Жігердің атасы емес. Жігердің атасы кім? Қолымызда он саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған? Қандай адам отырып жүре алады? Столдың бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалды? Кітаптың құны 1 тенге және кітап құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады? Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр , алмұрт па әлде шаптал ма? Енді біз өткенді қайталап, формулаларды есімізге түсіріп алайық: Математикалық диктант „Жалғасын тап” Егер D>0 болса, онда ... Егер D<0 болса, онда... Егер D=0болса, онда... Егер х1 + х2 = ? х1 · х2 = ? Тарихи мағлұматтар Әріпті өрнекті енгізген XVI ғасырдың көрнекті математигі ФРАНСУА ВИЕТ болды. (1540 – 1603) Өзінің алгебралық ойларын Виет «Аналитикалық шеберлікке кіріспе» шығармасында жазған. .. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар. Түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар: 1)2 және 3; 2) 6 және 2; 3) -3 және -5; 4) 8 және -3; БАҒАЛАУ 0>Достарыңызбен бөлісу: