Тақырып Дискретті кездейсоқ шамалар
Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары
Оқу мақсаты 10.3.2.10 Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың
анықтамаларын білу және оларды ажырата алу
10.3.2.11 Кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру
10.3.2.13 Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу
10.3.2.14 Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу
10.3.2.15 Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолданып, есептер шығару
Бағалау критерийі Білім алушы:
Дискретті кездейсоқ шамаларды анықтайды
Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептейді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма Дискретті кездейсоқ шамаларды таңдаңыз. (3 жауапты таңдаңыз) (a) Мектептегі 10-сынып оқушыларының бойларының ұзындығы.
Мектептегі 10-сынып оқушылар салмағының бүтін килограммға дейінгі жуықталған мәні.
Асылбек мектептің футбол құрамасының үздік ойыншыларының бірі. Бүгінгі ойында оның 0, 1, 2 немесе 3 гол соғу ықтималдығы сәйкесінше 0,25, 0,35, 0,25 және 0,15.
Х – кездейсоқ шамасы соғылған голдардың саны ретінде анықталады. а) Х-тің ықтималдық үлестірім кестесін құрыңыз.
Бүгінгі ойында Асылбектің 3-тен кем гол соғу ықтималдығы нешеге тең?
Бүгінгі ойында Асылбектің гол соғуының ең ықтимал санын табыңыз.
X кездейсоқ шамасының дисперсиясын есептеңіз.
Осы құрамада ойнайтын басқа ойыншы Айбектің бүгінгі ойында гол соғуының математикалық күтімі 1,3, ал дисперсиясы 0,92. Нәтижелерінің шашыраңдылығы азырақ ойыншының есімін қанатша ( V ) белгісімен белгілеңіз.