Мен және табиғат.
|
Мектеп\М.Ұ
|
Күні:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ғғ дыбысы мен әрпі.
|
Тобы:
|
Қатысқаны:
|
Қатыспағаны:
|
Сабақта\ҰОҚ меңгерілетін дағдылы мақсаттар
|
1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
1.3.10.1. Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар білуге тиісті:
Жаңа білімді меңгереді.
|
Оқушылардың көпшілігі:
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
|
Кейбір оқушылар:
Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Тілдік мақсаты
|
Ғарыш-планета-space
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Оқушылардың дыбыс, сөз, буын, сөйлем туралы түсініктері бар; сөздерге дыбыстық талдау жасай алады; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады; сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан;
|
Күтілетін нәтиже
|
Дыбыс пен әріпті танып, ажырата алады және сәйкестендіреді.
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айта алады.
Грамматикалық нормаларды ажыратып, қолдана алады.
|
Керекті құрал-жаб-дықтар, көрнекілік-тер
|
- интерактивті тақта;
- А4 және А3 түріндегі бетшелер;
- маркерлер;
- бейне көріністер;
|
Сабақтың барысы:
|
Уақыт
|
Жоспарланған іс - әрекет
|
Ресурстар
|
Кіріспе бөлім
Мақсат қою.
|
(Ұ) Мұғалім сабақта жұмыс жүргізу үшін қолайлы ахуал қалыптастырады.
1. Ширату жаттығуы. “Осылай!”
Көңіл-күйлерің қалай?
Осылай!
Жүріс қалай?
Осылай!
Жүгіріс қалай?
- Осылай!
- Ұйқыларың қалай?
- Осылай!
- Сабаққа дайындық қалай?
- Осылай!
Топқа біріктіру.
«Аралас, жұптас, топтас»
Сабақтың тақырыбын және сабақтың соңында қол жеткізілуі тиіс мақсатты айқындайды (оған рефлексия сатысында оралады)
|
|
Негізгі бөлім
Оқылым:
|
ІІ. Ой қозғау.
«Ұшақ ұшыру» әдісі.
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Й дыбысы қандай дыбыс?
Йогурт сөзінде неше буын бар?
Сиыр, қой, тай сөздеріне сұрақ қой?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Жұмбақ шешу.
Ағада бар, менде жоқ,
Жағада бар, жең де жоқ. (Ғ)
Ғ – дауыссыз, ұяң дыбыс.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тыңдалым. Видео ғарыш туралы.
ІV. Миға шабуыл. Сұрақ? Не көрдіңдер?
Оқылым:
1 тапсырма: «Буынға буын қос» ойыны (буындарды оқу).
Мәтінді хормен тізбектеліп оқып шығады. Содан кейін мәтінге байланысты сұрақтар қойылады.
Талғат аға қайда ұшты?
Ол кім?
Оны кімдер күтіп алды?
2 тапсырма: Шығармашылық ізденіс. «Артығын тап».
Қарға, шағала, торғай –құстар. Нелер?
Сағат не?
|
Ұшақ
Ғ әрпі
Бейне көрініс
Өз ойларын ортаға салады
Топтық жұмыс
Оқулық
Құстар, сағат суреттері
|
Сергіту жаттығуы
Оқылым және айтылым.
Жазылым
|
V. Сергіту сәті.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
3 тапсырма: Оқылым және айтылым.
Жаңылтпашты дұрыс, қатесіз оқуы керек және жаттатып, тез-тез айтып үйрену керек.
Жаңылтпаш.
Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды ұнатады.
4 тапсырма: «Қай құс нені ұнатады?» ойыны.
Шағала нені ұнатады?
Қарға ше?
Қарлығаш ше?
Жазылым. Дәптермен жұмыс.
1.А4 ламинатталған қағазға Ғ әрпін жазу.
2. Жұмыс дәптеріндегі жазу үлгілері.
|
Сергіту жаттығуын қимыл- қоз-ғалыстармен орындайды.
Жұмыс дәптері
(Ө) Жазба жұмыстарының талаптарына сай орындауға тырысады.
|
Қорытынды бөлім
Рефлексия.
|
VІ. Топтық жұмыс.
І топ: Ғ әрпі бар сөздерді жазыңдар.
ІІ топ: Ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
ІІІ топ: Берілген буындардан сөздер құра.
VІІ. Қорытындылау. «Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары».
1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу.
Дескриптор: Білім алушы
- сөздер мен суреттерді дұрыс сәйкестендіреді;
- заттың атын және сынын білдіретін сөздерді сауатты жазады;
- заттың аты мен сынын білдіретін сөздерді қолданып сөйлем құрастырады.
VІІІ. «Кері байланыс».
|
А3,А4 ламинатталған қағаздар, маркерлер
|