Автор: Бексегуров Атапкел Жанболатулы
Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып: 5-сынып
Бөлім: Біздің
өмірімізде алгоритмдер
Тақырып: Алгоритм түрлері
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
5.3.2.1-алгоритм анықтамасын тұжырымдау; 5.3.2.2-алгоритмді сөз түрінде ұсыну
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Алгоритмнің түрлері тақырыбы бойынша оқушылар алгоритмнің анықтамасын
және түрлерін біледі, түрлерінің анықтамаларын айтады және мысалдар келтіре алады.
Оқушылардың көпшілігі: Түсінеді, компьютерлік бағдарламада алгоритм түрлеріне сөздік және
графиктік түрде практикалық жұмыс жасай алады Кейбір оқушылар: Оқып үйренген білімдерін
жинақтайды, алгоритнің түрлері тақырыбында үйренгендерін саралайды, талдайды.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар істей алады: Алгоритм түрлеріне мысал келтіреді. Практикалық және теориялық түрде
берілген тапсырмаларды орындайды. Пәндік лексика мен терминология: Алгоритм түрлері,
сызықтық алгоритм, тармақталған алгоритм, циклдік алгоритм, қызметші сөздер: егер онда әйтпесе
Күтілетін нәтиже:
Алгоритм түрлерін біледі және алгоритм құра алады.
Бағалау критерийлері:
1) Алгоритм түрлерін біледі және ажырата алады. 2) Алгоритм түрлерін блок-сызба түрінде көрсете
біледі.
Құндылықтарды
дарыту:
Жалпыға бірдей еңбек қоғамын қалыптастыру-жалпы
ережелерді ұстану, өзінің жұмысына
жауапкершілікпен қарау арқылы жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылатын азаматтарды
қалыптасады.
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritm-turleri, Activ Inspire
Пәнаралық байланыс:
Математика, бейнелеу
Бастапқы білім:
Алгоритм ұғымын, жазылу жолдарын, қасиеттерін біледі. Алгоритмді графикалық түрде кескіндей
алады, блок-сызба жасай біледі.