4.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары
4.1 Студенттің оқытушы басқаруымен орындайтын өздік жұмыстарының құрылымы
СОӨЖ №1. Алгоритм және оның қасиеттері
Сұрақтар:
-
Алгоритмдерге қойылатын негізгі талаптар?
-
Алгоритмнің детерминделгендік қасиеті?
-
Алгоритмнің дискреттілік қасиеті?
-
Алгоритмнің ортақтық қасиеті?
-
Алгоритмдер командалардың қандай екі негізгі типінен құрылады?
-
Алгоритмнің белгілері. Олардың атқаратын қызметі?
-
Блок-схема деген не? Ол қалай қолданылады?
-
Деректер деген не?
-
Деректердің қандай түрлері бар?
-
Деректердің сипатталуы, программада қолданылуы.
Тапсырмалар:
-
Компьютерді іске қосу алгоритмін құру
-
Компьютерді өшіру алгоритмін құру
-
Компьютерде кино қосу алгоритмін құру
-
Компьютердегі операциялық жүйе қызметінің алгоритмін құру
-
Жаңа файл құру алгоритмін құру
-
Жаңа папка құру алгоритмін құру
-
Файлды дискетке жазу алгоритмін құру
-
Файлды қағазға басу алгоритмін құру
СОӨЖ №2 Алгоритм түрлері. Алгоритмді жазу ережелері.
Сұрақтар:
-
Есептеу алгоритмі деген не?
-
Формула көмегімен шешілетін есептерге қандай алгоритм құрылады?
-
Таблица деген не?
-
Таблицалық әдістің блок схемадан айырмашылығы неде?
-
Екі санның үлкенін табу алгоритмі қандай алгоритмге жатады?
-
Ақиқат және жалған мәндерді қабылдайтын айнымалыларды қалай атайды?
-
Әріптер мен сандардың бірігуінен құралған мән қандай айнымалыға жатады?
-
Алгоритмнің түрлері -
-
Құрылған әрекеттер жиыны бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалатын болса, қай алгоритмге жатады?
-
Айнымалының мәніне байланысты 1 немесе бірнеше әрекеттерді таңдап орындау керек болса, қай алгоритмге жатады?
-
Айнымалының мәніне байланысты бір немесе бірнеше әрекеттерді қайталап орындау керек болса, қай алгоритмге жатады?
-
Алгоритм геометриялық фигуралармен құрылса қалай аталады?
-
Алгоритмнің берілу тәсілдері?
-
Таблицалық әдіс деген не?
-
Төртбұрыштың ауданын есептеу қандай алгоритмге жатады?
Тапсырмалар:
-
Тізбекті немесе сызықты структуралы алгоритмге мысалдар келтіру.
-
Тармақталған алгоритмге мысалдар келтіру.
-
Циклдік алгоритмге мысалдар келтіру.
-
Рекурсивті алгоритмге мысалдар келтіру.
-
N! –ды есептеудің алгоритмін, блок-схемасын құру
-
xn –н есептеудің алгоритмін, блок-схемасын құру
-
Бір сан ойла, оған 1500-ді қос, егер шыққан сан 1550-ден артық болса одан 150-ді ал, егер – кем болса, онда 150-ді қос. Сонда қандай сан шықты? Осы есептің алгоритмін жазу.
-
ax=b теңдеуін шешу алгоритмін құру.
-
Есептің блок-схемасын құру: Егер Айдын үйде болса, онда кітапханаға барамыз, кері жағдайда Кайратқа телефон соғып, Интернет – кафеге барамыз Егер Қайрат үйінде болмаса, онда сабақ оқуға отыруым керек.
-
ах3+bx2+cx+d=0 теңдеуін шығару алгоритмін құру.
СОӨЖ №3. Алгоритм ұғымын тереңдету.Тьюринг машинасы
Сұрақтар:
-
Пост машинасы.
-
Пост машинасы мен Тьюринг машинасын салыстыру.
-
Пост машинасын құру әдістері.
-
Тьюринг машинасын құру әдістері.
-
Алгоритмнің формальды анықтамасы?
-
Цикл деген не?
-
Циклдың қандай түрлері бар?
-
Таңдау операторы қай уақытта қолданылады?
-
Таңдау операторының жазылу форматы қандай?
Тапсырмалар:
-
Бастапқы жағдай: Пост машинасының лентасы бос. Мына программа нәтижесінде лентада қандай өзгерістер болады:
1. V2
2. ->3
3. ->1
-
Лентада n белгіленген ұяшықта массив берілсін. Каретка шеткі сол жақтағы белгіні көретеді. Берілген массивтің оң жағынан t қашықтықтағы ұяшықта тағы бір белгі тұр. Пост машинасы үшін берілген массивті берілген ұяшыққа жылжыту программасын құрыңыз.
-
Лентада әр түрлі ұзындықты 2 массив берілген. Каретка массивтің біреуінің шеткі секциясын көрсетіп тұрсын. Пост машинасы үшін массивтің ұзындықтарын салыстырып, ұзынын өшіретін программа құру.
СОӨЖ №4. Пост машинасы алгоритм ұғымын тереңдетуші.
Сұрақтар:
-
Шама деген не?
-
Шаманың неше түрі бар?
-
Айнымалы шама деген не?
-
Тұрақты шама деген не?
-
Енетін шама деген не?
-
Шығатын шама деген не?
-
Аралық шама деген не?
-
Литерлік шама деген не?
-
Сандық шамалардың қандай типтері бар?
-
Логикалық шама деген не?
-
Есептеу алгоритмі деген не?
-
Есептеу алгоритміндегі негізгі объект-
-
Орындаушы үшін реттеліп жазылған әрекеттер тізбегі қалай аталады?
-
Алгоритм белгілі бір класқа жататын есептерді шығаратындай құрылса, алгоритмнің қай қасиетін анықтайды?
-
Алгоритмнің барлық нұсқауларын дәл орындаған жағдайда шектеулі қадамнан соң белгілі бір жауап алынса, қай қасиетті қнағаттандырады?
-
Алгоритмде мағынасын әрқалай түсінетін нұсқаулар болмаса, қай қасиетті қанағаттандырады?
-
Алгоритмде орындалатын әрекеттердің бірнеше жеке жеке қадамдар тізбегіне бөлінуі қай қасиетін анықтайды?
-
Алгоритм адамның бір тілді білетін, оқи алатын қасиеттеріне сүйеніп құрылса, алгоритмнің қай қасиетін анықтайды?
-
Команда немесе нұсқау деген не?
-
Математикалық формула көмегімен шығарылатын есептерге құрылған алгоритм қалай аталады?
Тапсырмалар:
-
Тақ сандар тізбегі берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.
-
Тақ сандар тізбегі берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.
-
n саннан тұратын тізбек берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.
-
қатар қосындысын анықтау.
-
қатар қосындысын анықтау.
-
, i<=10 қатар қосындысын есептеу
-
қосындысын есептеу алгоритмін құру.
-
қосындысын есептеу алгоритмін құру.
СОӨЖ №5. Массивтер. Бірөлшемді массивтер.
Сұрақтар:
-
Массив деген не?
-
Массивтің қандай түрлері бар?
-
Массивті құрастыру?
-
Массивтің типтері деген не?
-
Массив қандай деректерді қабылдайды, қалай сипатталады?
-
Циклдік операторлардың массивтегі рөлі?
-
Берілген есеп бойынша деректерді анықтау қалай жүреді?
-
Математика курсынан функция анықтамасы мен есептелетін функция анықтамасын салыстырыңыз
-
Программалық орындалуы қиын алгоритмдерге мысалдар келтіріңіз
-
Алгоритмдер теориясынан болған маңызды жетістіктердің хронологиялық таблицасын жасаңыз. Автордың аты-жөні, өмір сүру датасы белгілі болсын. Әр автордың өмірінің нешінші жылында қай жұмысты жасағанын есептеңіз.
Тапсырмалар:
-
Өлшемдері бірдей екі вектор берілген. Олардың тақ элементтерінің қосындысын табу алгоритмін құру.
-
Екі массив берілген. Олардың сәйкес i-ші элементтерінің қосындысын табу.
-
Екі массив берілген. Олардың сәйкес j-ші элементтерінің көбейтіндісін табу.
-
Вектордың элементтерін өсуі бойынша реттеу.
-
Вектордың i –ші және j-ші элементтерінің орындарын ауыстыру.
-
Вектордың элементтерін кемуі бойынша реттеу.
-
Вектордың минималды және максималды элементтерін табу.
-
30 элементтен тұратын вектор берілген. Жұп және тақ элементтерінен жаңа 2 вектор құру.
-
Вектордың нөлден өзгеше және нөлге тең элементтерінің санын анықтау
-
10 элементтен тұратын вектордың 5-ші элементін өшіру арқылы жаңа вектор құру.
СОӨЖ №6. Алгоритм күрделілігі ұғымы.
Сұрақтар:
-
Алгоритмнің күрделілігі дегенді қалай түсінесіз?
-
Уақытша күрделілік деген не?
-
Теориялық күрделілік деген не?
-
Күрделілік қалай бағаланады?
-
Екі өлшемді массив қалай сипатталады?
-
Екі өлшемді массивтерге циклдық операторлар қалай қолданылады?
Тапсырмалар:
-
Екі натурал санның цифрларын көбейту алгоритмін құрып, күрделілігін анықтау. 1-ші сан n цифрдан, 2-ші сан m цифрдан тұрсын.
-
Сызықты күрделілігі бар алгоритмге мысалдар келтіру.
-
N цифрдан тұратын бір натурал санның цифрларын қосу алгоритмін құрып, күрделілігін анықтау.
-
Өлшемдері бірдей екі матрица берілген. Олардың диагональды элементтерінің қосындысын табу алгоритмін құру.
-
Екі массив берілген. Олардың i-ші жолында орналасқан элементтерінің қосындысын табу.
-
Екі массив берілген. Олардың j-ші бағанында орналасқан элементтерінің қосындысын табу.
СОӨЖ №7. Іздеу алгоритмі
Сұрақтар:
-
Үлкен көлемді ақпараттан қажетті ақпаратты іздеуді қолданатын мысалдар келтіру.
-
Интернет желісінде ақпарат іздеудің қандай серверлерін білесіз?
-
Интернет желісінде іздеу алгоритмін құрастырыңыз.
-
Интернеттен Аллан Тьюринг, Эмиль Пост туралы ақпаратты іздеу.
-
Жол деген не?
-
Жолдар қандай типті деректерден тұрады, қалай сипатталады?
-
Жолдарға қандай операциялар қолданылады?
-
Ішкі жол деген не?
-
Жолдарды қандай проблемаларды шешуге қолдануға болады?
-
Жолдарды программада қала қолданады?
Тапсырмалар:
-
Бірнеше жолдан тұратын символдар тізбегі берілген. Оның 3 символдан тұратын кез келген ішкі жолын қиып алып, жаңа жол құрау.
-
Екі символдық жол берілген. Бір бірімен салыстыру, әр жолдағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың санын анықтау.
-
Бір жол берілген. Оның ішіндегі түбірлі сөзден жаңа сөз құрау
СОӨЖ №8. Сұрыптау алгоритмі
Сұрақтар:
-
Сұрыптау деген не?
-
Сұрыптаудың неше тәсілі бар?
-
Бір өлшемді массивтерді сұрыптау қалай орындалады?
-
Екі өлшемді массивтерді сұрыптау қалай орындалады?
-
Іздеу алгоритмі қалай орындалады?
-
Жиын деген не?
-
Жиынды есептерге қолануға болатын жағдайлар№
-
Жиындарды сипаттау
-
Жиындарды программалау әдістері
-
Жиын мен массивтің айырмашылықтары
Тапсырмалар:
-
Бір өлшемді массив берілген. Жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.
-
Екі өлшемді массив берілген. Жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.
-
Екі өлшемді массив берілген. N-ші жолының жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.
-
Екі өлшемді массив берілген. N-ші бағанының жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.
-
Екі өлшемді массив берілген. N-ші бағанының элементтерін өсуі бойынша, N-ші жолының элементтерін кемуі бойынша сұрыптау.
-
Тақ сандар жиыны берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.
-
Тақ сандар жиыны берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.
-
n саннан тұратын жиын берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.
СОӨЖ №9. Деректер структурасы
Сұрақтар
-
Деректер деген не?
-
Деректердің қандай түрлері бар?
-
Деректердің сипатталуы, программада қолданылуы.
-
Структураланған деректер деген не?
-
Структураланбаған деректер деген не?
-
Бүтін, нақты типті деректердің қасиетін анықтаңыз.
-
Литерлік, жолдық шамалардың қасиеттері.
-
Логикалық деректер деген не?
Тапсырмалар:
-
Адамдардың логикалық, интеллектуалдық даму деңгейін көрсететін тест құру. Тест тапсырған әрбір адамның даму деңгейінің қортындысы ұпаймен шығарылсын.
-
Бір топта оқитын студенттердің аты – жөні, адресі берілген. Студенттің фамилиясын енгізгенде оның қай адресте тұратынын шығаратын программа құру.
-
Бір пәннен білім тексеру үшін тест құру. Оны тапсырушы адамның бағасын анықтау.
СОӨЖ №10. Қосалқы алгоритмдер
Сұрақтар:
-
Қосалқы алгоритм деген не?
-
Қосалқы алгоритмнің түрлері
-
Қосалқы алгоритмдерді шақыру.
-
Қосалқы алгоритмнің қажеттілігі
Тапсырмалар:
-
Екі таблицалық шамалар берілген. Элементтер саны тең. Олардың сәйкес элементтерінің айырымдарының минимумдарын табу арқылы жаңа таблицалық шама құру қосалқы алгоритмін құру.
-
а саны берілген. Егер ол сан оң болса (n!-m!)-ды есептеу, теріс болса (n!*m!)-ды есептеу, нөлге тең болса (n!/m!)-ды есептеу қосалқы алгоритмін құру.
-
Асық ойнау және сақаны ұту ойынының алгоритмін құру.
-
Бір сыныпта оқитын оқушылардың есімдері берілген. Есімдері бірдей оқушылардың санын анықтау қосалқы алгоритмін құру.
-
Таблицалық шама 10 элементтен тұрсын. Мәндері тең элементтерден жаңа таблицалық шама құрау қосалқы алгоритмін құру.
-
Төбелерінің координаттары А(1,1), В(5,2), С(3,3) және А(2,5), В(4,3), С(6,4) болатын екі үшбұрыш берілген. Герон формуласын қолданбай үшбұрыштардың аудандарын тауып, қайсысының ауданы үлкен екенін анықтау.
-
Үш үшбұрыштар берілген. Олардың төбелерінің координаттары белгілі болса қабырғаларының ұзындығын және олардың аудандарын тауып, қайсысының ауданы кіші екенін анықтау.
СОӨЖ №11. Деректердің статикалық структурасы
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Суреттегі массив жол бойынша негізгі жадыда қалай жазылады?
-
Екі өлшемді массивтің I-ші жолы мен j-ші бағанында орналасқан элементін табудың формуласын келтіріңіз. Массив негізгі жадыда баған бойынша жазылсын.
-
8 жол 11 бағаннан тұратын екі өлшемді массив жол бойынша 25-ші адрестен бастап негізгі жадыға жазылған. Егер массивтің әрбір элементі жадының 2 ұяшығын алатын болса, 3-ші жол 6-шы бағандағы массив элементінің адресі қандай болады?
СОӨЖ №12. Жартылай статикалық деректер структурасы
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Күнделікті өмірде стектер ұғымының кездесуіне мысалдар келтіру.
-
Негізгі программа А процедурасын, ал А процедурасы В процедурасын, В процедурасы жұмысын аяқтаған соң С процедурасын шақыратын болсын делік. Осы сценарий бойынша адрестерде стектердің деректермен толтырылуын көрсетіңіз.
-
Стек бос дегенді қалай түсінуге болады, егер жады ұяшықтың үзіліссіз блогында қолданылса?
-
Қарындаш пен қағазды қолдану арқылы циклдік кезектің қалай көрінетінін жазу. Кезек үшін бөлінген жады блогы тек 4 элементті қабылдайтын болсын. А элементін кірістіру. В элементін кірістіру. С элементін кірістіру. Элементті шығару. Элементті шығару. D элементін кірістіру. Е элементін кірістіру. Элементті шығару. F элементін кірістіру. Элементті шығару.
-
Тізімнің бос және толтырылғанын қалай анықтауға болады?
СОӨЖ №13. Динамикалық деректер структурасы
Сұрақтар мен тапсырмалар
-
Егер үзіліссіз тізімнің бірінші элементінің адресі белгілі болса, бесінші элементінің адресін қалай анықтайды. Байланысты тізім болған жағдайда не істеу керек?
-
Байланысты тізім бос екенін қай шарт көрсетеді?
-
Байланысты тізіммен белгілі бір элементті тауып, сосын өшіретін процедура құрыңыз
СОӨЖ №14. Сызықты емес деректер структурасы
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Төмендегі ағаш структурасында жапырақтарды және түбірдің діңгегін көрсетіңіз.9-төбеде жатқан ұсақ ағаштарды көрсетіңіз. Ортақ аналогы бар элементтер тобын көрсетіңіз.
-
Машиналық жадыда байланысты ағаштың бос екенін қай шарт көрсетеді
-
Төмендегі ағаштың машиналық жадыда орналастыру схемасын сызыңыз:
-
Келесі элементтерді тізімде іздеу және сақтау бинарлы ағашын салыңыз
СОӨЖ №15. Деректердің файлдық структурасы
Сұрақтар
-
ОЖ мен СЖ –ң ұғымдарының ерекшеліктері.
-
FAT таблицалық жүйе деген не?
-
Файлдық тип деген не?
-
Файлдарды оқу үшін ашу, жазу үшін ашу қалай орындалады?
-
Файлдарды анықтау деген не?
Тапсырмалар: Барлық тапсырмаларда файлдарды қолдану ұсынылады.
-
Қоймада n тауар түрі бар. Әр тауардың мөлшерін, бағасын беру. Қоймада жалпы құны қанша тауар бар? Егер оны екі есе бағасымен сатса қанша табыс келетінін есептеу.
-
Қоймада n тауар түрі бар. Әр тауардың мөлшерін, бағасын, сатылған тауар мөлшерін беру. Ең көп сатылған тауар түрін анықтау.
-
Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. Студенттің аты-жөні енгізілгенде оның қай пәннен қандай баға алғандығы туралы ақпарат беретін программа құру.
-
Күрделі есептеулерге не жатады?
-
Көпмүшелік деген не?
-
Көпмүшеліктердің мәнін есептеу үшін қандай операторлар қолданылады?
-
s=4*6*8*...*20 көбейтіндісін есептеу
-
2+22+23+...+210 есептеу
-
5+8+11+...+35 қосындысын есептеу
-
у=2х+х2; х=2, 4, 6, ... , 20 функциясының мәндерін есептеу
-
у=10х2; х=-2, -1, 8, ..., 2 функциясының мәндерін есептеу
-
Фиббоначи тізбегін шығару. (тізбектің үшіншісінен бастағандағы әр саны алдыңғы екі санның қосындысы болып табылады, бірінші, екінші саны 1-ге тең. Яғни 1 1 2 3 5 8 13 21 ...)
-
ех қатарының Тейлор қатарына жіктелуін есептеу
-
sin(x) яункциясының Тейлор қатарына жіктелуін есептеу
-
10х19 өлшемді массив берілген. Оның бірінші жолының тура ортасындағы элементі 1, қалғандары 5, әрбір келесі жолдың элементтері өзінің алдындағы жолдың элементтерінің жартысына тең болсын.
-
у=10х2+sin(x); х= 8,6, 4, 2 функциясының мәндерін есептеу
4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы:
СӨЖ №1
Тапсырма нұсқасын есеп кітабының соңғысының алдындағы цифрға сәйкес алу.
А) MS Word –тің графикалық мүмкіндіктерін қолданыңыз.Таблицада кестеленген функцияларды есептеу алгоритімін блок-схема құрыңыз,
Б) Берілген формаларды MS Equation3.0 объектілерінің көмегімен жазыңыз.
В) Блок-схеманың барлық элементтерін біріктіріп, тұтас объект жасаңыз.
Вариант нөмірі
|
Тапсырмалар
|
1
|
, мұндағы , ал ,
|
2
|
, мұндағы, ал ,
|
3
|
, мұндағы, ал ,
|
4
|
, мұндағы , ал ,
|
5
|
, мұндағы , ал ,
|
СӨЖ №2.
Келесі тақырыптардың біреуін қарастыру:
-
Алгоритм ұғымының қалыптасу тарихы
-
Математика тарихындағы атақты алгоритмдер
-
Алгоритмнің негізін қалаушылар-Клини,Черч,Пост,Тюринг
-
Марковтың қалыпты алгоритмдері
-
Пост машинасы
-
Тюринг машинасы
-
Рекурствті функциялар теориясының негізгі анықтамалары мен теоремалары
-
Черч тезисі
-
Фон Нейман принципі мен Тюринг машинасын ұйымдастыру принциптерін салыстыру
-
Жан-жақты әмбебап орындаушының бар болуының дәлелдемесінің мәдени мәні
-
Алғашқы ЭЕМ-ді құрастырудың биографиялары
Бұл баяндамалар 10-15 баспа беттен тұратын қағаз жүзінде немесе тұсаукесер түрінде болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |