Берілгендерді енгізу үшін input() операторы қолданылады. Ол бір жолды оқиды.
print('Атыңыз кім?')
name = input() # Жолды оқып, оны name айнымалысына орналастырамыз
print('Сәлеметсіз бе, ' + name + '!')
Python-дағы айнымалылар: Бағдарламалау тілінде айнымалы дегеніміз мәндерді сақтауға арналған компьютер жадындағы белгіленген орын. Бұл сіз айнымалы құрғанда компьютер жадында белгілі бір орын бөлінеді деген сөз.
Берілгендердің типіне байланысты интерпретатор қажетті жад мөлшерін бөліп, онда не орналастыруға болатынын шешеді.
Түсінікті болу үшін айнымалыны ішіне кез-келген, бірақ тек белгілі бір өлшемдегі затты салуға болатын жәшік ретінде қарастыруға болады. Бұл мысалда жәшік өлшемі айнымалы типі болады.