Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады. Пайдаланылатын символдар – тілдің алфавитін, ережелер жүйесі-оның синтаксисін құрайды.
Алгоритмдік тілдің алфавитінде, мағынасы мен қолдану тәсіліне алдын-ала түсініктеме беріліп қойылған, қызметші сөздер деп аталатын символдар бар.
1. Алгоритм тақырыбы : алг , арг, нәт, берілг, керек;
2. Алгоритмнің басталуы мен соңы: басы, соңы;
3. Тармақталу командасы: егер, онда, әйтпесе, біті;
4. Таңдау командасы: таңдау, жағдай,...,жағдай, әйтпесе, бітті
5. Қайталану командасы:
а) Цикл “әзірше”: цб, әзір, цс;
б) Цикл “үшін” : цб, үшін, дан(дан, тан, тен) , бастап, дейін, қадам, келесі, цс;
6. Құрама шарттар : және, немесе, емес;
7. Функция: мән
Информацияны өңдеудің ауызша алгоритмі негізінен көмірленген жолдар бойынша құрылатындықтан, мұндай алгоритмді жолдық алгоритм деп атайды.
Әр түрлі мәндерді қабалдай алатын объектілерді – шамалар деп атайды. Әр шаманың аты, мәні, типі бар. Аты-айнымалы шаманың белгіленуі, тип-алгоритмнің орындалу кезінде осы шаманың әр кезеңде қабылдайтын мәндерінің сипаттамасы. Тип бүтін, нақты, литерлік болуы мүмкін.
Литерлік мән деп мәні текст болатын шаманы айтамыз. Жалпы түрде жазылуы
алг алгоритмнің аты
арг арг-р аттары
нәт нәтижелер аттары
басы
алгоритм денесі
соңы
Алгоритмнің басы қызметші сөзіне дейінгі бастапқы бөлігі алгоритм тақырыбы деп, басы ... соңы қызметші сөздерінің аралығында орналасатын командалар тізбегін алгоритм денесі деп атайды.
Өңелетін информацияда берілген бастапқы шамаларды аргументтер деп, ал өңдеу қорытындысында табылатын шамаларды нәтижелер деп атайды.
Тапсырмалар
1. А және B екі нақты сандар берілген. Олардың қосындысын, айырымын, көбейтіндісін және бөлуді табу керек.
2. А және B екі нақты оң сандар берілген. Осы сандардың орташа арифметикалық мәнін табу.
3. А және B екі нақты сандар берілген. Сандардың қайсысы үлкен немесе тең екенін анықтау. Тапсырманы шешу алгоритмі 1 суретте көрсетілген.
4. Екі бүтін сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін (НОД) және осы сандардың ең кіші жалпы еселік (НОК) іздеу алгоритмін құру.
1-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |