range функциясы бір емес, бірнеше параметр қабылдауы мүмкін.
range(a, b) деп жазсақ, цикл индекстік айнымалы a-дан b-1 дейінгі мәндерді қабылдайды деген сөз.
Егер a≥b болса, цикл бірде бір рет орындайлмайды.
Мысалы, 1-ден n-ге дейінгі сандардың қосындысын табайық.
sum = 0
n = 5
for i in range(1, n + 1):
sum += i
print(sum) #15
|
Индекстік айнымалысы кеміп отыратын циклді ұйымдачтыру үшін range функциясын үш параметрмен қолдану керек. 1-параметр - бастапқы мән, 2-параметр - индекстік айнымалы осы санға дейін өзгеретін мән (бұл мәннің өзі крмейді!), ал 3-параметр - индекстік айнымалының өзгеру шамасы.
Мысалы 100-ден 1-ге дейінгі сандарға цикл жасау үшін келесідей жазамыз: range(100, 0, -1)
1-ден 99-ға дейінгі тақ сандардан цикл жасау үшін range(1, 100, 2) жазамыз.
for параметрлі циклдық операторының жазылу форматы:
for int_var in range_функциясы:
инструкциялар
|
Мысал: Санның факториалын есептеу.
number = int(input("Сан енгіз: "))
factorial = 1
for i in range(1, number+1):
factorial *= i
print(number, "факториалы", factorial, "-ға тең")
range функциясының келесідей формалары бар:
|