Python-да берілгендер жиынымен жұмыс істпеу үшін тізімдер, кортеждер және сөздіктер қолданылады.
Тізім (list) типі элементтер реттілігін және жиынын сақтайды. Тізімді құру үшін тік жақшаның ішінде ([]) үтір арқылы барлық элементтерді жазып шығуға болады. Мысалы, сандар тізімін анықтайық:
numbers = [1, 2, 3, 4, 5]
|
Сондай-ақ тізім құру үшін list() құрылымын қолдануға болады.
numbers1 = []
numbers2 = list()
|
Тізімді анықтаудың осы екі әдісі де бірдей - олар бос тізім құрады.
list құрылымы тізімді құру үшін басқа тізімді қолдануы мүмкін.
numbers = [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9]
numbers2 = list(numbers)
|
Тізімдегі элементтерге қатынау үшін индекстерді қолдану керек, олар тізімдегі элемент нөмерін көрсетеді. Индекстер нөлден басталады. Екінші элементтің индексі 1 болады. Элементтерге соңынан бастап қатынау үшін -1-ден бастап теріс индекстерді қолдануға болады.
numbers = [1, 2, 3, 4, 5]
print(numbers[0]) # 1
print(numbers[2]) # 3
print(numbers[-3]) # 3
numbers[0] = 125 # тізімнің бірінші элементін өзгертеміз
print(numbers[0]) # 125
|
Егер тізімде бір мән брнеше рет қайталанатын болса, онда * белгісі арқылы жазуға болады:
numbers = [5] * 6 # [5, 5, 5, 5, 5, 5]
print(numbers)
|
Егер сандардың тізбектелген тізімі қажет болса, онда range функциясын қолданған ыңғайлы:
range(end): 0-ден соңғы end санына дейінгі сандар құрылады.
range(start, end): start санынан бастап end санына дейінгі сандар тізімі құралады.
range(start, end, step): start санынан бастап end санына дейін step қадаммен сандар тізімі құрылады.
numbers = list(range(10))
print(numbers) # [0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9]
numbers = list(range(2, 10))
print(numbers) # [2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9]
numbers = list(range(10, 2, -2))
print(numbers) # [10, 8, 6, 4]
|
Мысалы, келесі екі тізімді анықтау бірдей болады, бірақ range функциясының арқасында код көлемі кішірейеді.
Тізімнің бір типті элементтерден тұруы міндетті емес. Бір тізімге сандарды, жолдарды, объектілерді орналастыруымызға болады:
objects = [1, 2.6, "Hello", True]
|
Тізімдерді салыстыру
Екі тізім тең болып есептеледі, егер тізімдердегі элементтер бірдей болса.
numbers = [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9]
numbers2 = list(range(1,10))
if numbers == numbers2:
print("numbers equal to numbers2")
else:
print("numbers is not equal to numbers2")
|
Достарыңызбен бөлісу: |