Тізімнен сөздікке түрлендіру Тізім мен сөздік бір-біріне ұқсамайтын типтер құрылымы болғанымен, dict() кіріктірілген функциясының көмегімен тізімдерді сөздіктерге түрлендіруге болады. Ол үшін тізімді кіріктірілген тізімдер жиыны болуы керек. Әр кіріктірілген тізім екі элементтен тұруы тиіс - сөздікке конвертация кезінде бірінші элемент кілтке, ал екінші элемент - мәнге айналады:
Элементтерді алу және өзгерту
Сөздіктің элементтеріне қатынау үшін кілтті қолдану керек:
Мысалы, сөздіктегі элементке қатынап, оны өзгертейік:
users = {
"+11111111": "Tom",
"+33333333": "Bob",
"+55555555": "Alice"
}
# кілті "+11111111" элементті аламыз
print(users["+11111111"]) # Tom
# "+33333333" кілтті элементке мән береміз
users["+33333333"] = "Bob Smith"
print(users["+33333333"]) # Bob Smith
Элемент мәнін бергенде ондай кілті бар элемент сөздікте болмаса, онда ол жаңадан қосылады.
users["+4444444"] = "Sam"
Алайда егер біз сөздікте жоқ кілтті мәнді алғымыз келсе, Python KeyError қатесін шығарады.
user = users["+4444444"] # KeyError
Бұл жағдайдың алдын алу мақсатынжа, кілттің сөздікте бар-жоғын алдын-ала тексеріп алу үшін кілт in сөздік өрнегін қолданамыз.
key = "+4444444"
if key in users:
user = users[key]
print(user)
else:
print("Элемент табылған жоқ")
Элементтерді алу үшін getәдісі қолданылады, оның екі формасы бар:
get(key): сөздіктен key кілті бар элементті қайтарады. Егер ондай кілті бар элемент жоқ болса, онда None мәнін қайтарады.
get(key, default): сөздіктен key кілті бар элементті қайтарады. Егер ондай кілті бар элемент жоқ болса, онда default мәнін қайтарады.
key = "+55555555"
user = users.get(key)
user = users.get(key, "Unknown user")