Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет27/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
Халықты 
кәсібилікке 
қайта 
оқыту, 
моноқалаларда 
жаңа 
университеттер, колледждер құру арқылы халықты заманауи мамандықтарға 
қайта даярлау, бұл халықтың білімі мен ғылыми әлеуетінің артуына және жаңа 
маман ретінде қалыптасуына негіз болады. 

Халыққа әлеуметтік жәрдем беру
– еңбек демалысы төлемдерін 
арттыру, әр-түрлі жеңілдіктер іс-шараларын ұйымдастыру (мысалы, баспана 
алуға жеңілдетілген несиелер беру); жаңа жұмыс орындарын құру арқылы 
жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға жәрдем беру; уақытша еңбекпен қамту үшін 
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; еңбек демалысына ерте шығуға құқық 
беру және т.б 

Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау
, қоғамдық қорлардан, 
жергілікті бюджеттен және мемлекет есебінен іс-шаралар кешенін (қысқа және 
ұзақ мерзімді бағдарламалар, стратегиялар құру және т.б.) ұйымдастыру.

Болашағы жоқ моноқалалардан халықтың өзге аймақтарға қоныс 
аударуына жәрдемдесу.
Халықтың жоғары жұмылғыштығы арқасында, өзге 


57 
аймақтарға қоныс аударудың кеңінен қолданылуы АҚШ моноқалаларында 
қолдау тапты. 

Жаңа инфрақұрылымдар құру және тозығы жеткендерді жетілдіру 
(логистиканы дамыту, байланыс, құрылыс және тұрғын үйлерді қайта 
құрылымдау және т.б.). Бұл қатарда, кейбір елдерде арнайы бағдарламалар да 
қабылданған. Мысалы, Францияның Тұрғын үй және коммуналдық құрылыс 
министрлігі «Тұрғын үй құрылысына жәрдем беру» бағдарламасында, мемлекет 
есебінен бөлінген қаржы есебінен, жаңа үйлер салу және тозығы жеткен тұрғын 
үйлерді қайта құрылымдаудан өткізуді жүзеге асырады. Аталған қолдау түрі, 
біріншіден жұмыс күшін еңбекпен қамтуға негіз болады, екіншіден, жұмысы 
тоқтаған кәсіпорын қызметкерлері үшін дамыған көліктік инфрақұрылым 
есебінен жақын аумақтарға қатынап жұмыс жасауға мүмкіндіктер береді. 

Моноқалаларды экологиялық сауықтыру – 
өндірістік қызметтер 
нәтижесінде тозығы жеткен жерлердегі топырақ құнарлылығын қайта қалпына 
келтіру (рекультивация) іс-шаралар кешенін қамтиды. Аталған іс-шаралар 
кешені жүзеге асқан жағдайда аумақтың одан әрі жаңаруына, экологиялық 
тұрақты 
дамуына 
қомақты 
үлес 
қосады. Мысалы, 1990-жылдары 
Ұлыбританияда 57 қаланы жаңарту бойынша үкіметтік бағдарлама жасалды, ол 
үкіметтің, жергілікті басқару орындары мен жеке сектор арасындағы өзара 
қызметтерге есептеліп құрылды. Бағдарлама мақсаты – өндірістік қызметтер 
нәтижесінде тозығы жеткен жерлердегі топырақ құнарлылығын қайта қалпына 
келтіру және қаланы қайта құрылымдауға қаржылай көмек көрсету. Бұдан 
басқа, «Қалалар дамуына субсидиялар» атты бағдарлама жасалды
 
[87, 91-92]

Батыста микроаймақтардың, тіпті макроаймақтардың экономикалық даму 
үлгісі мемлекеттік іс-шараларға және кластерлік саясатқа негізделіп құрылған. 
Әсіресе, Еуропалық Одақ елдерінде кластерлік стратегия аумақтарды 
инновациялық дамытудың маңызды құралы ретінде қарастырылуда. Кластерлік 
тәсіл – бұл ең әуелі қандай да бір аймақтың (тіпті мемлекеттің) немесе 
экономика саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа 
басқару технологиясы.
Әлемдік тәжірибе дәлелдеп отырғандай, соңғы екі онжылдықта әлемдегі 
кластерлердің қалыптасу үрдісі аса қарқынды болды. Жалпы, сарапшылар 
бағалауы бойынша, қазіргі күні әлемдегі көшбасшы елдер экономикасының 
шамамен 50% кластерленумен қамтылған.
Моноқалаларды дамытудың маңызды тетіктерінің бірі - қалалық саясатты 
мемлекет тарапынан
заңдық қолдау
болып табылады. Мысалы, Еуропа Одағы 
елдері өз құзіреттіліктері шеңберінде осы саясатты іске асырды. Соның ішінде, 
бірінші кезектегі маңызды мәселелерді шешу мақсатында ЕО елдерінде 
қалалық саясатты іске асыру бойынша бірқатар құжаттар дайындалды [93]: 
1.
 «Еуропа Одағы мүше-елдерінің қалалық саясаты туралы» (1997 ж.), 
мұнда Еуропа Одағында қалалық саясатты қалыптастырудың негіздері мен 
ашықтығы туралы баяндалады; 
2.
«Еуропа Одағы қалаларын тұрақты дамыту: басшылықтан әрекетке» 
(1998 ж.), 
мұнда қалалық саясатты тікелей жүргізудің қажеттіліктері 
анықталды, сонымен қатар, қалалық саясат бағыттары және түйінді 


58 
қағидаттары белгіленді: субсидиарлық (мемлекет
 
және т.б. институттардың 
қызметі мен ұйымдастыру принципі, бұл қағидатқа сәйкес жоғарғы органдар 
төменгі органдар шеше алмайтын міндеттерді мойнына алады
), 
серіктестік, 
қалалық мәселелерді шешудегі мемлекеттік және жеке секторлар, экологиялық 
тұрақтылық, нарықтық тетіктерге болжалды тірек, нарықтық тиімділік және т.б. 
3.
 Стамбұл декларациясы және Хабитат Күн тәртібі (1996 ж.)

жергілікті муниципалдық құрылымдарды қолдау бойынша іс-шаралар жоспары 
және жүзеге асыру тетіктері бекітілген. 
Жоғарыда келтірілген шет елдер тәжірибелерін талдау барысында, әлемдік 
нарықтағы шикізат бағасының құбылуы, табиғи ресурстарға деген сұраныстың 
азаюы, қаржы-экономикалық дағдарыстың салқыны - табиғи ресурстарды 
өндіруге және өңдеуге маманданған елді-мекендер үшін тұрақсыз жағдай 
қалыптастыратыны анықталды. Бұл жағдай - әлем елдеріндегі бір салалы 
экономикасы бар шағын қалаларға тән ортақ мәселе.
Шет елдердегі бұл мәселенің негізгі шешімі: олардың экономикасын 
әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру, экономиканың 
шикізаттық емес салаларын дамыту, білім беру мен ғылымды көңіл бөлу,
мемлекет тарапынан әлеуметтік және заңдық қолдау қажет екендігін көрсетіп 
отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет