Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет29/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


60 
2 ҚАЗАҚСТАН МОНОҚАЛАЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ 
ҮРДІСТЕРІН ГЕОГРАФИЯДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
2.1 Географиялық білім беруде қалалар географиясын оқыту 
практикасы 
Белгілі ғалым Э.Л. Глейзер 

39, с.75

ғылыми еңбектерінде қалаларды 
адамзатты бақытты ететін орта ретінде бағаласа, Денвер қаласының (Колорадо 
штаты, АҚШ) бұрынғы мэрі В.Е. Вебб 

94

: «X

X ғасыр империялар ғасыры 
болды. Ол кезеңде империя бүкіл ғаламшардың даму болашағын айқындады. 
XX ғасыр - ұлттық мемлекеттердің ғасыры. Ол уақытта ұлттық мемлекеттің 
дамуы маңызды еді. Ал XX

ғасыр - қалалар дәуірінің алтын ғасыры» - 
болатынына ерекше көңіл бөледі. Бұл жаһандану дәуірінде қалалардың негізгі 
қозғаушы күшке айналатынын көрсетсе керек. 
Белгілі американдық әлеуметтанушы және футуролог Эльвин Тоффлер 

95, 
с.7-8

жаһандану процесін әлемдік толқын ретінде қарастырады. Ол адамзат 
дамуын үш толқынға бөледі: 1) адамзаттың жерді игеруі, ауыл 
шаруашылығының дамуы; 2) индустриялық кезең; 3) технологиялардың
дамуы, ғарыштық жетістіктер, ақпараттық қоғам. Осы аталғандарды негізге ала 
отырып ол, жаһандану дәуіріндегі адамзаттың дамуы, постиндустриялық 
«ақыл-ой» қоғамының жетістіктері қалалардың даму трендтерімен байланыста 
жүретінін болжайды. Поляк ғалымы Анна Рутковска-Гурак 

9, р.489


«Жаһандану дәуірінде қалалар бәсекеге қабілетті болуы керек. Қала 
экономикасының жаңаша даму мүмкіндіктері білім-ғылымға негізделген 
инновацияларда көрініс табады. Инновациялық жетістіктер – бұл заманауи 
мазмұндағы даму, сондықтан дамудың басты факторы ретінде инновацияға 
негізделген қоғам құру қажет» - деген тұжырым жасайды. Ал, Д. Четиндамар
 

96, p.84

: «Жаһандану толқыны ғаламдық жағдайда бәсекеге қабілеттілікті 
және инновациялықты арттыру стратегиясын енгізуге мәжбүрледі. Соңғы 
жылдары, әлемде қалалаларды инновациялық орталық ретінде дамытуға көңіл 
бөлінуде. Аймақтық инновациялық орталық болуда қалалар рөлі анағұрлым 
артық» – деп санайды.
Яғни, қалалар постиндустриялық қоғамның тұрақты дамуының негізгі 
құралына айналады. Жоғары технологиялық өнімдерге, ақпараттық 
технологиялар мен инновациялық шешімдерге негізгі сұраныс қалаларда 
қалыптасады. Бұл ретте қалалардың жергілікті және аймақтар дамуындағы 
рөлі арта түседі. Сол себепті, әлемдегі және еліміздегі қалалардың даму 
трендтерін талдау, урбандалу процесінің жағдайын саралау және негізгі 
ұстанымдарды білім беру мазмұнына енгізу географиялық білім берудің өзекті 
мәселелері қатарында саналады. 
Урбандалу – қоғамдағы қалалық өмір салты мен мәдениетінің үстемдікке 
ие болуы. Урбандалудың негізгі көрсеткіші елдегі қалалық тұрғындардың үлес 
салмағының арту қарқынымен сипатталады. Урбандалуға негіз ретінде 
келесілерді айтуға болады: қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді 
мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; 


61 
ауылдық жерлерден қалаға қарай миграцияның артуы 

75, б.8

. Осы орайда, 
әлемдегі және еліміздегі урбандалу процесінің негізгі фактілері мен трендтері 
ретінде келесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет