Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет4/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл диссертацияда келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қoлдaнылды: 
Әдістеме 
– оқу үдерісінде пайдаланатын әдістер жиынтығы және білім 
беру ұстанымдарын зерттеу саласы. 
ГАЖ (GIS)
– қоршаған орта мен қоғамның аумақтық ұйымдасуын талдау, 
үлгілеу, болжам жасау және басқаруға қатысты ғылыми және қолданбалы 
міндеттерді тиімді шешу мақсатында кеңістіктік деректерді жинақтау, өңдеу, 
бейнелеу және тарату, деректерді және аумақ туралы білім қорын жүйелеуді 
қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен. 
Депрессивті өңір -
өндірістің ұзақ (бес және одан да көп жыл) құлдырауы, 
төмен инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (жолдар, байланыс желілері
энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау т.т.) салдарынан жұмыспен қамту, 
экология, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер саласында жағымсыз үрдістердің 
болуымен сипатталатын әкімшілік-аумақтық бірлік. 
Инновациялық қала

инновациялар есебінен әлеуметтік және 
экономикалық 
өзгерген, 
көптеген 
жаңашылдықтардың 
интеграциясы 
нәтижесінде туындаған, жаңа әлеуметтік пішіндегі қала. 
Индустриалды-инновациялық саясат
– бұл мемлекет арқылы бәсекеге 
қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын 
қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау 
көрсететін шаралар кешені.
 
Моноқала
– бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы кәсіпорыны 
бар, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қала. Яғни, экономикалық және 
әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсіпорындарда еңбекке жарамды 
халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20%-дан астамы) 
шоғырландырылған қала.
Оқыту әдістері
– білім берудің мақсатына жетуге бағытталған оқытушы 
мен оқушының белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым-
қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет