Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п



бет4/16
Дата02.07.2018
өлшемі1,13 Mb.
#46122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1. Жалпы білім беретін мектептің тәрбиелік қызметінің

мақсаттары мен міндеттері

Білім — бүгінгі өмірдің ең үздіксіз дамымалы сатысының бірі. Ол мәдениетті сақтаудың және оны келешек ұрпаққа жеткізу-дің басты құралы болып табылады. Білім қоғам дамуының интеллектуалдық қана емес, сонымен қатар экономикалық базасын жасайтын өндірістік рухани маңызды саласы. Адам білім арқылы ғана жеке басының қажеттігі мен өзіндік дамуын қанағат-тандыра алады. Ол жаңа әлеуметгік-экономикалық өрлеу дәуірінде әлеуметтік қарқынды дамудың қайнар болып саналады. “Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту” тұжырымдамасының жаңа жобасыңда айтылғандай: “Жалпы білім жүйесіне тән ерекшелік бір жағынан оның салаларының өзара байланыстылығы, екінің жағынан білімнің ұлттық жүйесінің тәуелсіздігі болып табылады. Олар бір-бірімен білім кеңістігінде диалектикалық тұтастықта бірге өмір сүреді”! (“Казахстанская правда” 13 маусым 1997 жыл). Бұл біздің республикадағы білімнің жағдайына берілген анықтама. Сондай-ақ жалпы білім жүйесіндегі өзгерістердің жасөспірімнің тәрбиесіне де, оқуына да ықпал етері сөзсіз. Осы арада “Адам және оның адамгершілік құндылығы қандай болады?” деген сұрақ күн төртібіне қойылады. “Жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе —білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықты қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру идеясын біріктіруіміз керек” (“Қазақстан мұғалімі”, 30 маусым 1997 жыл). Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-адамгершілік өзгерістер біздің қоғам өміріндегі білімнің барлық жүйесін өзгертуге әкеліп отыр. Осыған байланысты бүгінде мектептердегі тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика, физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана, оқытудың және тәрбие ісінің жаңа технологиясы талаптарына сай етіп, қайта ойластырудың қажетгігі туындауда.

52

Педагогика ғылымында “тәрбие” терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келді. Көптеген жылдар тәірбиеге “тұлғаның дамуын басқару” деген анықтама берілді, сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылды. Тәрбие адамдарға тән әлеуметгік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші роль атқарады. Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік орта жағдайларында болады. Адам биологиялық жан иесі ретінде дүниеге келеді де, ол өзекті даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (шынайы өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыпасады. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда тәрбие — қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.



Тәрбие жалпы адамзатгық мәдениеттің бір бөлшегі болғандықтан, культурологиялық тұрғыдан оқып, үйренуге де тура келеді. Олай болса, бүл үрдіс балаға ғасырлар бойы қалыптасқан мөдени мұраны меңгертіп, сол арқылы осы заманғы мәдениетке енуіне көмек береді деп түсінуіміз керек. Баланың оны игеруі барынша қысқа мерзімде атқарылуға тиіс. Нәтижесінде, тәрбие ісі жалпы адамзатгық гуманистік бағытта жүргізіліп, жеке бастың бостандығын, ар-ожданын қорғауға бағытталуы керек.

Тұлға жоғары дәрежеде кіріккен (интеграцияланған), үнемі өсу процесінде болатын әлеуметгік жүйе. Оның бойында өзін-өзі дамытуға деген мүмкіндік және білімге деген сарқылмас құмарлық ынтасы мол. Алайда, оқушыға оқу-тәрбие үрдісінің субъектісі емес, объектісі деп қараудың нәтижесінде педагогикалық практика осы уақытқа дейін орташа оқитын оқушыға бағдар ұстап келді. Бұл жағдай әрбір оқушының бойындағы алуан түрлі мүмкіндіктер мен дербес қабілетгерді жоюға өкеліп соқтырды, нәтижесінде оның өз дәрежесінде дамуына бөгет болды.

“Тұлғаның қалыптасуы” ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өзінің тағдырына өзі иелік ете білуі және өзінің мінез-құлқын жөнге сала білуі, сондай-ақ қоршаған орта мен өзінің қарым-қатынасын

53

түсіне білу қабілетін жетілдіру және құндылық атаулыны тандай,алу сияқты дамудың басты шарттары енеді.



Тұлғаның “қалыптасу” кезіндегі өзгеріске түсу үрдісі және оның дене құрылысы мен әлеуметгік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістер жас ерекшеліктеріне тығыз байланыста пайда болады. Қазақстан Республикасының өркениетті демократиялық реформаларға көшуіне байланысты оның ұлттық ерекшеліктерін, құқығы мен бостандығын тани отырып, тәрбиенің мақсаты мен міндетіне жаңаша қарауға тура келеді.

Тәрбиенің жоғарыда аталған мақсатын жүзеге асыру тұлғаның қажетілігі мен қабілетін, өзіндік тәрбиесін, өзін-өзі дамытуын, өздігінен жетілуін мақсаттылықпен іске асыруға ықпал етуді талап етеді. “Мақсаттылық” бұл іс-әрекеттің белгілі бір бағыттылығын, нәтижені көздеуді көреетеді. Ал “ықпал” деген сөздің астарында педагогикалық ықпалдың сан алуан түрлері мен тәсілдері жатыр. “Дамыту” деген сөз тіркесінің анықтамасы психодогиялық бағдарды білдіреді, яғни ол өзінің бағытталған ішкі ой-өрісі бар үрдісіне ықпал етуші, тәрбиеге өзінің көзқарасын ашып көрсетуші болып саналады. “Өздігінен дамудағы қажеттілік” дегеніміз — өзін дамытуға қажетті ынталылық, қызығушылық. “Дамуға қабілеттілік” дегенді біліктілік, өздігінен даму құралдарын игере білу деп түсінген жөн. “Өздігінен даму” терминін өзінің қатысуымен жеке тұлғаның рухани баюы, үйлесімділігінің дамуы деп түсінеміз.

Осы айтылғандар бойынша тәрбиенің негізі кіріккен (интегративті), үстемелі және әлеуметгік жүйе ретінде қалыптасып келе жатқан жеке тұлға деген қорытынды жасауға тура келеді.

Әдетте мәдениет дегенді біз тарихи даму барысында адамзат жасаған материаддық және рухани игіліктердің жиынтығы деп түсінеміз. Алайда, мұндай анықтама беру бір жақты болар еді, өйткені мәдениет туралы айтқанда оған қатып-семіп қалған және аяқталған, қандай болмасын ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды. Сонымен бірге, адамдардың қолымен жасалып жатқан жаңа құндылықтар, ол — адамдардың құндылықтармен өзара байланысы, олардың оны игеру процесі кезіндегі мәдениетгің аса маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы факторларды ескере отырып, мәдениетке жаңаша анықтама беруге тура келеді, яғни

мәдениет дегеніміз адамдардың бірлесе ғылыми,

54

моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Сөйтіп, мәдениеттің мәні аламның өзіндік еңбегіне байланысты туындайтын өнім деуге болады. “Адамды адам еткен — еңбек” деген қағида осыдан шығады. Мәдениетте пайда болатын әлеуметтік идея жеке тұлғаның бойына адамды әлеуметтендіру үрдісі барысында енеді, яғни жеке адамға жалпы адамзаттық мәдениеттің жиынтығын бүгінгі нарықтық экономика-ның талаптарына негіздей отырып меңгерту көзделеді. Осыған байланысты педагогтың кәсіптік бағыты күшейеді, яғни жеке тұлғаны қалыптастыру процесін ұйымдастыру үшін оның үнемі мәдениетке кіруіне зер салу, бүгінгі мәдени жетістіктер дәрежесін-де әлемдік мәдениетпен қарым-қатынас жасауы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік өмірдің мағынасына енуін қарастыру көз-деледі. Олай болса, жан-жақты дамыған тұлғаның осы заманғы тәрбиесінің негізіне адамзаттық мәдениеттің бүкіл дүниежүзілік қоры алынуы керек. Атап айтқанда, ол оның барлық түрін: ақыл-ой мәдениетін, тұлғаның кәсіби бағдары мен политехникалық және еңбек мәдениетін, адамгершілік мәдениетін, саяси және құқықтық мәдениетін, эстетикалық және денесінің дамуы мәдениетін, экологиялық және экономикалық мәдениетін қамтиды. Мәдениеттің осы түрлерінің бәрі олардың өзара әрекеті арқылы адамның дүниені, табиғатты, қоғамды, техниканы, өнерді біріктіре қабылдауының, оның тұтас ғылыми көзқарасын қалыптастырудың негізі болып саналады. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, мынадай қорытынды жасауға тура келеді: ғылыми көзқарас дегеніміз ғылыми негізделген сенімнің, көзқарастың, адамның табиғатпсн, қоғаммен қарым-қатынасындағы мінез-құлқын, эмоциялық сезімін, танымдық қызметін айқындайтын кешен. Көзқарастың осы сипаттамасының мәнін ашу, тәрбиешінің жалпы мәдениетті жүйеге келтірушілік, кіріктірушілік рөлін түсінуі, сөйтіп өзінің бойында жалпы әлемдік мәдениеттің барлық түрін жинап, алдын ала кіріктіре пайдалануын ұсынады. Кіріктірілген көзқарас осы заманғы оқушының тұтас тұлғасын қалыптастыру мақсатында тәрбиелік Қызметтің негізгі компоненттерінің арақатынасын күшейтуге және оны жүзеге асыруға мұғалімді бағыттайтын методологиялық ұстаным ретінде қарастырылады. Ақыл-ой (интеллектуалды) мәдениеті-тәрбиенің аса маңызды қүрамдарының бірі. Адамның ақыл-



55

ақыл-ойының дамуы оның интеллектілік, ойлай білу қабілетінің,

білімдік-танымдық қызметінің дамуымен сипатталады. Ол ақыл-ойдың икемділігін және жүйелілігін; меңгерген, өндірістің өзгеруіне және еңбек процесінің жаңаруына психологиялық жағынан дайын, өндірістің жаңа сипаттағы бейнесіне ыңғайлана өз білімін үнемі толықтырып, өзгертіп, жаңартып отыратын адам болуы керек. Шапшаң ойлай алатын, мәселеге тез талдау жасай отырып, логика-лық дұрыс қорытынды жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресс кезінде, өндіріс процесінде дұрыс шешім қабыддау үшін, әрбір адамның ақыл-ой қабілетін дамытумен тығыз байланыста қарастыру үшін қажет болып отыр.

Бүгінгі педагогика ғылымының даму жағдайы, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке қойып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, ақыл-ой тәрбиесі айтарлықтай нақтылауды қажет ететін болды. Ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда. Бүгінгі таңда оқушылардың тек фактілердің жиынтығын игерумен шектелуіне болмайды.

Әр оқушының білімді өз бетінше ізденіп, толықтыруын ғылыми және техникалық ақпараттардың екпінді тасқынына бағдар ұстай білу дағдыларын дарыту қажет. Бұлай ету ақыл-ой тәрбиесі үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін керек болып отыр. Олай болса, ғалымдардың ондаған жылдар бойы айтып келген “балаларды оқыту керек” дейтін теориясы аздық етеді. Оқушыны білімді өз бетімен ізденіп ала білуге, оқу барысында өзінің бойындағы теориялық және практикалық білімді игеруге деген даярлығын өздігінен дамытуға, өздігінен білім алуға, өздігінен жетілуге даярлықты қалыптастыру үшін оқу үрдісіне бейімдей жүргізу керек.

Осы арада ақыл-ой тәрбиесінің ерекшелігі неде? — деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Көптеген ғалымдар мұны осы заманда ақпараттық алмасу үрдісінің қарқындылығымен сипатталады деген тұжырыммен түсіндірмек болады. Ақпараттандыру да оның дәстүрлік, материалдық немесе энергетикалық қоры сияқты қоғамның стратегиялық қорына жатады. Осыған байланысты білімнің түрлі үлгісінің әлеуметтік және жеке бастық маңызының артықшылығын алға қойғанда, ақпараттың әлеуметтік рөлінің өзгергенін байқаймыз.

56

Акпараттандыру - бұл адамзат өмірінің барлық жағына ақылгөй, қызметтің интеллектілік құндылығы мен ықпал етушілік дәрежесінің артуына байланысты туатын объективті үрдіс. Осыған орай білімді ақпараттандыру бүгінде оқушылардың жан-жақты дамуының басты шарты болып табьшады. Ендеше, бүгінгі танда білімді акпараттандыру нарықтық қарым-қатынас жағдайында адамды өмірге жан-жақты даярлауды талап етеді. Мұның бәрі нәтиже ғана емес, сонымен бірге тұлғаның ақыл-ойы жағынан шығармашылықпен дамуына жағдай жасау; тәрбиеленушілердің жеке бас қабілеттері мен қасиеттерін ашу; жаратылыстанудың, техниканың, гуманитарлық ғылымдар мен өнердің өзара байланыс кешендерін оқып үйренуді қамтамамыз ету болып табылады. Ақыл-ой тәрбиесінін, міндеттеріне мыналар енеді: әрбір тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін, ойлау қызметінің дағдыларын және жеке бастық шығармашылық қабілеттерін дамыту; осы заманғы ғылыми білімдермен өзін байыту; дүниежүзілік өркениет құндылықтарымен қаруландыру, компьютерлік сауаттылықты игеру үрдістерінде жеке басының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру; баланың өмірде бағыт-бағдарын айқындап, жұмыстың өзіне лайықты түрін таба білу үшін өзінің тандауы бойынша құмартқан білімді меңгеруіне ерекше назар аудару.



Ақыл-ойдың дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің дамуы көп жағдайда адамның денсаулық жағдайына,төзімділігіне, жүйке жүйесінің мықтылығына қарай айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырылады. Нарықтық экономика жағдайында адамның жеке басының саулығы, оның дене

күшінің мығымдылығы оның жеке басының ерекше құндылығы болып саналады. Сондықтан спорт әрбір адам үшін өмірдегі қажетті құндылық болып есептеледі. Міне,осыдан келіп, осы заманғы мектептің жағдайында дене тәрбиесінің міндетіне мыналар енеді: денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс дамуына және организмнің жұмыс істеу қабілетін арттыруга көмектесу;қимылдық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру және

жетілдіру, қимылдың жаңа түрлерін үйрену және оның біліммен байланыстарын хабарлап отыру; оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отанды қорғауға даярлығын қамтамасыз ету; оқушылардың бойында санитарлық-гигиеналық дағдыларды, еңбекті және демалысты, ой еңбегі сабақтарын дене шынықтыру

57

жаттығуларымен және алуан түрлі практикалық қызметпен дұрыс алмастыра білуді қалыптастыру.



Адамгершілік мәдениеті тұлғаны жан-жақты дамыту жүйесінің жетекші сыңары, адамгершілік сананы, сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру үрдісі ретінде қарастырылады. Қазіргі кезде адамгершілік мұраттарды қайтадан ойластыру өткен замандағы адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттігін туғызып отыр.

Адамгеріділік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қажеттілік ретінде де маңызды болып саналады. Қоғамдық құндылықтарға Адам, отбасы, еңбек, білім, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік, т. б. жатады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға қарай бағыт ұстайды. Осындай алғашқы құңдылықтарды мектептің мүмкіндігі мен оқушының бейімділігіне қарай кез-келген бағыт шеңберінде қалып-тастыруға болады. Сондықтан адамгершілік әрбиесінің міндеттеріне мыналар енеді: адамгершілік идеяларына сәйкес келетін қарым-қатынастар тәжірибесін қалыптастыру. Мысалы, осындай қарым-қатынасты “еңбек арқылы” жасауға болады. Оқушы еңбекте өзінің қабілетін, арманын жүзеге асырады, бүгінгі өмірін келешекпен байланыстырады. Сөйтіп, еңбек және адам деген тақырып өзара байланысады. Отбасындағы достарымен, ұжымымен болатын бірлескен мағыналы, тартымды еңбек жақын адамдар арасындағы құндылықты нығайта түседі. Қоғамдық қамқорлыққа, қоғамдық игілікке бағытталған еңбек, құндылық атаулыны нығайтуға қызмет етеді.

Жасөспірімнің адамгершілік жолындағы ізденістері білімнің, біліктің және дағдының жай ғана жиынтығы емес. Тұлғаның іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әр түрлі қабілеттер мен қажеттіліктерді бойға жинақтаған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибеде нақты жүзеге асырьшатын процесс.

Ізгілік” ұғымы көп жағдайда адамгершілік саласына жататындай ұғымда қабылданады. Қазіргі кезде кеңінен қодданылып жүрген бұл ұғым жалпы бағыттылық мәнге ие болуда. Ізгілендірудің мәнін шешіп алмай тұрып, әлеуметтік прогресс туралы сөз қозғауға болмайды. Оны қазіргі уақыттың басты міндеті ретінде қарастыруға тура келіп отыр. Ізгілендірудің мәні адамдардың адамгершілік қасиетті берік сақтауын қажет етеді. Ол адамды үздіксіз

58

окьпу, үйрету арқылы адамгершілік бағытта жүргізіледі. Мұндай адамгершілік екі жақты әрекет арқылы пайда болады.



Адамзат мәдениетінің басты қайнар көзі еңбек болып

табылады.



Енбек тәрбиесі дегеніміз — бұл еңбекке жаңаша қарау, еңбек процесінде дұрыс қарым-қатынасқа (енбексүйгіштік) түсу, еңбек ете білушілік қабілетгердің қалыптасуына психологиялық тұрғыдан даярлық жасау болып табылады. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу міндеггері: оларды жалпы қоғамдық және пайдалы қызметке даярлау, олардың бойында қажеттілік ретінде еңбекке деген саналы көзқарасты қалыптастыру, мамандықты дұрыс тандауға даярлық жасау. Бірақ, ең бастысы еңбек тәрбиесі процесінде мәні-сен жасаған затта өзіндік қолтаңбаның болу қажеттігін қалыптастыру, адамдарды, заттарды, дүниені өзгертуші ретінде еңбектің жасампаздық құдіретін бағалау екенін атап айтқан жөн.

Соңғы жылдары түрлі әлеуметгік жағдайларға байланысты оқушылардың бойында жас кезінен еңбек етуге деген ынталылық азайды. Үлкендердің ойланбай және жауапсыз қарауы салдарынан көп жағдайда жастар масыл, жалқау және өмірге икемсіз болуда. Өкінішке қарай, еңбек тәрбиесі жайында көп айтқанымызбен, әдетте мектепте оқушыларды еңбекке, әсіресе өнімді еңбек етуге тартуға қажетті жағдай жасалмаған.

Еңбек тәрбиесін еңбек дағдыларын меңгертуге немесе еңбекті сүйе білу керек деген әңгіме маңына ғана жинақтауға болмайды. Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарытқанда, оның экономикалық нәтижесіне мән беруге ой жүгірткізіп үйретудің қажеттін ғалымдар дәледдеп берді. Еңбек пайдасыз, нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жеккөрушілік сезім туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты дұрыс ұйымдастырылған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам организмінің күнделікті дағдысына айналуы керек, яғни адам еңбексіз тұра алмайтын мәңгілік рухани қажеттілікке айналғанда ғана еңбектен ләззат алатын болады.

Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нөтижесі оның мамандық тандау даярлығына жеткілікті немесе жеткіліксіз дәрежеде әсер ететін болады.

59

Өндірістік бәсекелестік және нарықтық қарым-қатынас, жұмыссыздық кезінде жастардың еңбек ету саласында өзінің құқығын қорғау үшін күреске даяр болу жағдайларында оларды еңбекке тәрбиелеудің жаңа үлгісін жасау мәселесі алға қойылып отыр.



Еңбек тәрбиесінің жолында — оны жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру, бақылау жасау, бағалау сияқты барлық құрьшымына оқушыларды қатыстыру көзделеді.

Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттық құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлаумен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.

Жоғарыда айтылған міндетгерді іске асыру еңбекке үйретудің құралдарымен, оқушыларды еңбектің түрлерімен және оны ұйымдастырудың ғылыми негіздерімен таныстыру ісін оның бүгінгі жаңаша түрлерімен байланыстыра отырып, экономиканың жеке меншік түріне негізделген банкирлер, брокерлер, менеджерлер, коммерсанттар т.б. мамандықтар даярлауға бейімдеу керек.

Окушылардың саяси мәдениеттілігін қалыптастыруды тұлғаның идеялық жалпы мәдениетінің түйінді өзегі деп қарастыру қажет.

Бүкіл тәрбие жүйесінің бағыттылығы ретінде (ғылыми көзқарас, саяси саналылық, ізгілік, елжандылық, жоғары азаматтылық, ұлттық, халықтық тұтастық, әлеуметтік белсенділік) саяси тәрбиенің міндетгерінде жан-жақты түрде қарастырылады.

Бүгінгі таңда жастардың саяси тәрбиесі жаңаша қарастырылуда. Атап айтқанда, қазіргі мектеп жағдайында оқушылардың қоғамдық-саяси идеялар дүниесінен өзін таба білуіне көмек көрсету қажет. Педагогтардың жұмысы бүрынғыша оқушыларды нақты идеяларға сендіртумен тамамдалмай, керісінше, олардың саяси мәселелерге жан-жақты араласуы мектепте ғана емес, одан тыс жердегі қоршаған шындықты жете түсінуі үшін оларды алуан түрлі қызметке қатыстыру үрдісінде қоғамдық идеяларды игеруде сындарлы сөйлеуге үйретіп, өзіндік пікір білдіруіне құрылуы керек.

Басқа міндеттер арасында тұлғаның жан-жақты дамуының өзіндік сыңары ретінде құқықтық тәрбие де белгілі роль атқарады. Ол кез келген адамның, әсіресе, жас ұрпақтың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін және

60

мінез-құлқын қалыптастырудың қайнар көзі болумен бірге, саяси тәрбиемен тығыз байланыста қызмет етеді. Бұл міндетті шешуде педагоггардың басты назары оқушылардың құқықты сақтауына және оны бұзушылық проблемасының туу себептерін күнделікті өмірден, қоғамдық қарым-қатынастан қарастырып, оқушьшардың назарын заңға бағынушылық пен құқық қорғаушылық мәселелеріне баса аудару көзделеді.

Осы уақытқа дейін ең алдымен оқушылардың бойында өздерінін, қылықтарына жауаптылықты қалыптастырумен байланыс-тырылатын құқықты қорғау мәселесі өткір проблема ретінде қойылып келді. Қазіргі қатаң нарықтық экономика жағдайында адамгершілік нышандардың тапшы болуы оқушылардың бойында жеке жауаптылықты тәрбиелеуді қоғамдық-әлеуметтік істермен байланыстыра қарастыруды керек етіп отыр. Олай болатын себебі,

адамгершілікті категория ретінде қарастырып талдау,әлеумет-тік теңсіздікті құқық қорғау ісімен байланыстыра қарастыруға үйрету, сөйтіп келешек қоғам мүшесінің өз құқығын өзі қорғауға дайын болуын қамтамасыз ету көзделеді. Бұл тұлғаның ішкі психологиялық жолының өмірлік мәнін құрайды. Тұлғаның қоғамдағы өмір сүру құқығын қорғай алатын көптеген жағдайда тұлға сөнеді,құндылық бағдардан айырылады, олай болса көркем-

эстетикалық, экологиялық, экономикалық, саяси-құқықтық, еңбек, азаматтық, сол секілді рухани-адамгершілік қарым-қатынастарда тұрақсыздық пайда болады.

Жетістіктеріне табан тіреген сенімін шындау — білім берудің маңызды мақсаты. Сөйтіп, демократиялық қоғамда дүниетанымды қалыптастыру мұраты өрі ерікті, әрі ой елегінен өтіп, толық негізделген дүниетанымдық бағдарды таңдауды көздейді — делінген.

Сонымен бірге тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қайта ойластыруда экономикалық білім мен тәрбие беру ісі жаңаша тұжырымдалады. Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік саясаттың мақсаты оқушыларға орта мектепті бітіру кезінде олардың бойында үнемі өзгеріп отыратын экономикалық мәселелер бойынша нақты және объективті пікірлерді дарытуға көмек беру болып табылады.

61

Халықтың көпшілік бөлігі экономикалық қоғам құрылысының ауысуына даярланбаған кезде жас ұрпақтың экономикалық тәрбиесіне қойылатын талаптар белсенділігі ерекше арта түседі.



Қоғамда барлық жағдайда адамдардың экономикалық дүниеге және оның зандарына барынша байланысты болмайтын өмірдің ешбір саласы жоқ. Өйткені бүгінгі күні экономикалық білім әмбебап сипатқа ие болуда, сондықтан да нарықтық экономиканың негіздерін игеру үшін оқушыларға көмек ұйымдастыру, оқушылардың қоғамды нарықтық қарым-қатынастар жағдайында жаңаша бағалауымен, өз өмірін уақыттың жаңа жағдайларына ыңғайластырумен байланысты олардың алдында қоғамды қайта қүра білудің қажеттігін нақты түсіне білу міндеті түр. Сондықтан қазіргі кезде экономикалық тәрбиеге қойылатын талаптарды ескере отырып, педагогтар оқушылардың бойында “экономикалық тәжірибе” дегенді қалыптастыруға ұмтылуы керек.

Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім, білік, дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім және тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың практикалық нәтижесі, олардың рухани-экономикалық сұраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады.



Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойына көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру. Эстетикалық тәрбиенің психологиялық қызметі оқушы бойына әлеуметтік тәжірибені (іс-әрекет, күйініш-сүйініш, әсерлену арқылы) көркемөнер құралдары арқылы сіңіруді көздейді.

Тұлғаның эстетикалық бейнесі өнер мен табиғатты қабылдауы және адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қызметі арқылы көрінеді. Талантты да дарынды оқушылардың бойында даму және шығармашылық қабілеттер өнердің түрлі саласында өз ерекшелігіне қарай көрінеді.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың барынша өткір проблемасы, біріншіден, оқушылардың эстетикалық санасына бұқаралық ақпарат құралдарының теріс ықпал етуінен және жалған өнердің сырттай тартымды болып көрінуінен деп айтуға болады.

62

Осы заманғы оқушы тәрбиесінде адамның экологиялық мәдениеті ерекше мәнге ие болған. Қоғам мен табиғаттың осы заманғы өзара әрекеттесуінен туындаған бүгінгі заманғы проблемалардың бірі — табиғат пен адамдардың теріс әрекеттесуі. Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылардың өзін қоршаған ортада ғылыми білім, көзқарас және сенім жүйесін қалыптастыру. Соған байланысты мектептік білім жүйесінде экологияның түрлі мәселелерін қайта қараудың қажеттігі пайда болды.



Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылардың бойында білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты дамыту.

Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігінің көрсеткіші ретінде жалпы адамзаттық мораль өлшемдеріне сәйкес келетін адамның табиғатқа көзқарасы жөніндегі практикалық әрекетін атауға болады. Нәтижесінде экологиялық білім мен тәрбие экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсаттарына сәйкес келеді. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, экологиялық білім мен тәрбиенің төмендегі міндеттерін бөліп алуға болады:

1. Жетекші идеяларды, негізгі түсініктер мен ғылыми фактілерді меңгерту арқылы адамның табиғатқа ықпал етуі.

2. Қоғамның материалдық және рухани күштерінің қайнар көзі ретінде табиғаттың көп қырлы құндылығын түсіну.

3. Табиғатгы тиімді пайдалануда қолданбалы білімдерді, практикалық біліктер мен дағдыларды меңгерту, қоршаған ортаның жайын бағалай білу қабілетін дамыту, оны жақсарту жөнінде дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету.

2.2. Жалпыадамзаттық құндылықтар — тұлғаны



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет