Қалиева Алия Ботабайқызы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Байғанин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тақырыбы: М. Әуезов «Қараш – Қараш оқиғасы»
Қалиева Алия Ботабайқызы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Байғанин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тақырыбы:М. Әуезов « Қараш – Қараш оқиғасы » хикаятындағы Бақтығұл бейнесі
Мақсаты: 1.Шығарма мазмұнына шолу жасай отырып, кейіпкерлер іс – әрекеті арқылы Бақтығұл бейнесін жан – жақты ашу. Кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту.
2.Өзге шығармалармен байланыстыру, салыстыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, іскерлігін, өз бетімен іздене білу қабілеттерін дамыту.
3.Кейіпкерлер бейнесі арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Жинақтау, қорытындылау сабағы.
Әдіс – тәсілі:Баяндау, іздендіру, зерттеу, салыстыру, СТО технологиясы.
2. Дамуы. Болыстың бар қызметін атқаруы немесе адал еңбекті адам
3. Шиеленісуі. Жарасбайдың Бақтығұлды ұры деп көрсетуі немесе сатқындық
4.Шарықтау шегі . Бақтығұл- қашқын
5. Шешімі. Жарасбайды өлтіру,кек алу
Повесть – хикаят (Теориялық мәлімет беру)
Хикаят - ұзақ әңгіме. Ол әлденеше әңгімеден тұрады, өмірдің түрлі көріністерін суреттейді. Сонымен хикаят кейіпкердің белгілі бір өмір кезеңін қамтиды.
Кейіпкер бейнесі
Кейіпкерлер: Сәлмен
Тектіғұл
Бақтығұл
Жарасбай
Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір – екі ай » өленімен байланыстыру.
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып...
...Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай,
Артық қайыр, артықша қызметке орай
Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!
Сұрақ: Өлең қай кейіпкердің бейнесін ашады?
Сәлмен кім? 1. Бай,болыс
2. Екі жетімнің еңбегін жеген адам
3. Екі жетімді де соққыға жыққан адам
Сәлмен
« Болыс болдым, мінеки » өлеңімен байланыстыру.
Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта май,
Қалмады елге тығындап.
Сүйтсе дағы елімді,
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Сұрақ: Абайдың бұл өлеңін оқығанда шығармадағы қай кейіпкер көз алдымызға келеді?
Жарасбай кім?
1. Өз есебімен Бақтығұлды қол астына алып, паналатты